Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дерт пе, саулық па: адамның түсіне неліктен ет кіреді

Жарияланған күні:

Сиыр еті
Бір тілім ет. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ет туралы түс қандай да бір ауруды, қиындықты немесе кәсібіңіздегі сәттілік пен романтика әлеміндегі бақытты күндер жайлы белгі болуы мүмкін. Түпкі сана адамға не жайлы ескертіп тұрғанын қалай білуге ​​болады? Он түрлі танымал түс жору кітабы бұл түсті жоруға көмектеседі.

Бұл мақаладан мына ақпараттарды білесіз:

  1. Нострадамустың түс жоруы.
  2. Миллердің түсіндірмесі.
  3. Ванганың ет туралы түске қатысты болжамы.
  4. Лофф жорамалы бойынша түстің мағынасы.
  5. Хассенің түс жору кітабы бойынша бұл түс нені білдіреді?
  6. Фрейд жорамалы бойынша ет туралы түстің мағынасы қандай?
  7. Цветков ет туралы түсті қалай түсіндіреді?
  8. Феломеннің түс жору кітабындағы ет туралы түс нені білдіреді?
  9. Юнонаның түс жору кітабында бұл түстің мағынасы қалай сипатталады?
  10. Исламдық түс жору кітабына сәйкес ет туралы түс нені болжайды?

Нострадамустың түс жору кітабы

Нострадамус адамның түсінде ет көруін қарама-қайшы белгі деп санайды. Егер сіз қайнатылған ет және еттен пісірілген тағамдарды түсіңізде көрсеңіз, мұндай түс өміріңіздің гүлденетінінен хабар береді. Егер ет шикі болса, армандаушыдам ауру мен қайғыны бастан кешіреді. Түсіндегі ет шикі болса және кейінірек дайын тағамға айналса, ауру оңай және асқынусыз өтеді.

Неліктен қаны жоқ шикі ет түске кіреді? Бұл түс денсаулығыңызға назар аудару керегін аңдатады. Бәлкім, түс көріп жатқан адамның ішінде қандай да бір мәселелер бар шығар, оны тек тәжірибелі маман анықтауға көмектеседі.

Көзілікдірікті дәрігер
Көзілдірік таққан әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Миллердің түс жору кітабы

Миллердің түс жору кітабы бойынша тартылған еттен пісірілген тағамды жеу қайғыны білдіреді. Түс көрген адам қызғаныш пен ұсақ-түйекке байланысты жанжалдың салдарынан ауырып қалуы мүмкін. Егер әйел түсінде ет тартып жатқанын көрсе, өмірде күйеуінің мінез-құлқы оны қызғанышын оятуы мүмкін.

Қасапшылар түске кірсе, қоғам тарапынан қысым көрсетіледі. Жақын күндері маңызды құжаттарға қол қоймаған абзал. Түстегі қан мен ет - бұл жаман белгі, аурудың және отбасындағы қайғылы оқиғаларды ескертеді.

Ванганың түс жору кітабы

Ванга етке қатысты түстерді денсаулыққа, отбасына және адам өміріндегі жағдайларға байланысты маңызды белгі ретінде қарастырды. Түсінде шикі етті қолыңызда ұстау нені білдіреді? Қолыңызда қою қызыл ет тілімін ұстау - денсаулығыңызға қарайтын уақыттың белгісі. Егер сіз шынымен дәрігерге бармасаңыз, қатты ауырып қалуыңыз мүмкін, содан кейін ұзақ уақыт емделуге тура келеді.

Егер ауру адам ет туралы түс көрсе, ол тез арада сауығып кетеді. Ашық түсті ет денсаулықты жақсарту керегін, ал қан аралас ет жеке өміріңіздегі өзгерістерді білдіреді.

Лоффтың түс жору кітабы

Лоффтың түс жору кітабына сүйенсек, кез-келген тағам қажеттіліктерді қамтамасыз ету әрекеті болып саналады. Егер адам түсінде қомағайлана ет жесе, ол қанағаттанбайды. Өмірдің қай бағытында теңгерімсіздік бар екенін анықтау және оны түзету маңызды.

Қанды ет, жалпы қан – теріс белгі. Ол құлдырауды, ауруды, күш-қуаттың сарқылуын және өлімді болжайды. Сондай-ақ ет – адамның жан дүниесіндегі үйлесімсіздік пен өмірдің қиындығына алаңдаушылықтың көрінісі.

Көңілсіз бала
Ойланып отырған жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хассенің түс жору кітабы

Хассенің ет туралы түске түсіндірмесі мәнмәтініне байланысты түсіндірілуі керек. Мына нұсқаларға назар аударыңыз:

  • Ет жеу ауруды білдіреді.
  • Базардан ет таңдау қосымша табыс әкеледі.
  • Ет сатып алу – пайдалы және жайсыз жаңалықтарды білдіреді.
  • Ет пісіру – берекенің нышаны.
  • Отқа ет қуыру тұрақтылықты білдіреді.

Неліктен тауық еті түске кіреді? Мұндай түс байлықты, сәттілік пен әл-ауқатты білдіреді. Түс отбасындағы жайлы атмосфераны, қызықты танысуларды және романтикалық оқиғалардың бьолатынынан хабар береді.

Фрейдтің түс жору кітабы

Фрейдтің түс жору кітабы бойынша ет – көтеріңкі көңіл мен рухани-физикалық жақындықтың белгісі. Бұзылған ет бала көтере алмау және аурулардан хабар береді, ал ет тілімдері өмірде серігінің жоқтығын, жақын адамның қажет екенін көрсетеді.

Егер бойдақ адам түсінде ет көрсе, ол пәк қалыңдықты армандайды, ал үйленген адам басы бос емес емес әріптесін қалайды. Егер әйел шытырман оқиғаны қаласа, ет туралы түс көреді. Жас қыз егде жастағы ер адамды қажет деп санаса, осындай түс көреді. Түс көрген адам түсінде дәмді пісірілген етті құшырлана жесе, интимдік өмірінде әр түрлі құштарлықты қалайтынын білдіреді.

Цветковтың түс жору кітабы

Цветковтың түс жору кітабына сүйенсек, түсінде ет жеу ауруды болжайды, әсіресе адам етті ашкөздікпен жесе, бұл ойландырады. Түсіңізде шикі ет көру қиындықтар мен денсаулықтың нашарлайтынын білдіреді. Егер адам түсінде қолымен етті үзсе, ол жанды жаралайтын ажырасу немесе жанжалға тап болады.

Адамдар түсінде неліктен қуырылған ет көреді? Ер адам үшін мұндай түс әлеуметтік мәртебесінің жоғарылайтынын білдіреді, ал әйелдер үшін физикалық және моральдық шаршаудан демалу қажеттігі туралы белгі. Жүкті әйелдің түсіне дүниеге келмеген нәрестесінің денсаулығына алаңдаушылықтың белгісі ретінде қуырылған ет кіреді.

Жүктілік кезеңі
Шөп арасында демалып отырған жүкті келіншек. Көрнекі сурет: pixabay.com

Феломеннің түс жору кітабы

Феломеннің түс жору кітабына сәйкес, түсіңізде жаңа піскен ет көру қуанышты жағдайды білдіреді. Дүкенде тұрған мұздатылған ет әлденені жоғалтатыныңызды аңдатады. Өзіңіздің ет дүкенінде жүргеніңізді көру дертті немесе өмірдегі жағымсыз жағдайды білдіреді. Феломеннің түс жору кітабында мынадай түсіндірмелер де бар:

  • Жүкті әйел үшін – ұл туатының белгісі.
  • Бұзылған ет – денсаулықтағы кінәрат.
  • Құрттаған ет – қауесет.

Ет сатып алу және сату қаржылық қиындықтарды, ал тұздалған ет жеу қиындықты білдіреді.

Юнонаның түс жору кітабы

Юнонаның түс жору кітабында ет мерекенің нышаны болып саналады. Мұндай түс өмірлік мақсаттар мен құндылықтардың символы. Түсінде қаны бар ет денсаулықтың жақсаруы мен күштің артуын білдіреді. Қайнатылған ет кішігірім қиындықтарды, ет турау дау-дамайды аңдатады.

Егер әйел түсінде ет көрсе, оны романтикалық оқиғалар мен құмарлыққа толы қатынас күтеді. Ер адам үшін мұндай түс орындалмаған армандарды еске түсіру болып саналады.

Бос әмиян
Іші бос әмиян. Көрнекі сурет: pixabay.com

Исламдық түс жору кітабы

Исламдық түс жору кітабы етті әр түрлі аурулар мен қиындықтардың белгісі ретінде түсіндіреді. Түске неліктен шикі шошқа еті кіреді? Ол арам жолмен табылған байлықты білдіреді. Түсіндегі шикі ет өсек пен жала жабуды аңдатады. Етті пісіру уайымнан құтылуды, ал оны жеу жауапкершіліктен шаршауды білдіреді.

Қазанда қайнаған немесе сорпаға салынған ет айқай-шуды білдіреді. Етті сатып алу немесе сату – мүлікті жоғалтудың белгісі. Мұндай түстен кейін әсіресе қоғамдық орындарда сақ болыңыз және жетістігіңізді, бар байлығыңызды көпшілік алдында көрсетпеңіз.

Өмірдегі қиындықтар, махаббат майданындағы шытырман оқиғалар болған жағдайда түсіңізде ет көруіңіз мүмкін. Түс жору кітаптарының авторлары ұсынған түсіндірмелер мұндай түстің не туралы ескертетінін болжайды. Бірнеше кітаптан алынған болжамдарды сүзгіден өткізіп көріңіз. Ең бастысы қандай да бір түсті жақсылыққа жорыған абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2130561-dert-pe-saulyq-pa-adamnyng-tusine-nelikten-et-kiredi/