Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Муай-тай, вейкбординг, снопбординг: Таиландтағы туристерге арналған ерекше су спорты түрлері қандай

Жарияланған күні:

Муай-тай
Муай-тай. Көрнекі фото: pixabay.com

Жағажайдағы демалыс кез келген адамға жайлы болғанымен, уақыт өте келе адамды зеріктіруі мүмкін. Осы кезде сізге Таиландтағы экстремалды спорт түрлері көмекке келеді. Бұл спорт түрлері сізді шынықтырып қана қоймай, нағыз адреналинды сезінуге мүмкіндік береді. Осы орайда Таиландқа баруды жоспарлағандар үшін мұнда қандай спорт түрлерімен шұғылдануға болатыны туралы ақпарат жариялауды жөн көрдік.

Таиландтың ең көне жекпе-жек өнерінің құпиялары (Муай-тай)

Таиландқа келген кез келген адам табиғатына тамсанып, теңізден ләззат алатыны анық. Дегенмен мұнда дәстүрлі тай боксы – "муай-тайды" тамашалау үшін келетіндердің қарасы қалың.

Паттайяға сапар барысында Fairtex Trainnig Center жаттығу залына барсаңыз болады. Мұндағы қызметкерлер сізді жылы қарсы алып, залдың ережелерімен таныстырды. Залда бірнеше жекпе-жек өткізіп, ірі турнирлерде чемпион атанған спортшылар жаттығады.

Жалпы, "муай-тай" тек физикалық белсенділік емес, адамның ішкі жандүниесін де дайындайды. Мәселен, жаттығу бастамас бұрын медиатация жасап, ойды жинақтап алу қажет. Осының арқасында жекпе-жек кезінде өз денең мен эмоцияңды басқару мүмкін болмақ.

Fairtex Trainnig Center жаттығу залы
Fairtex Trainnig Center жаттығу залы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Жеті секундтағы нокаут және стадиондағы аншлаг

Таиландқа барған барлық турист "муай-тайдан" кәсіби жекпе-жек жарысына барғаны дұрыс. Мәселен, Бангкоктағы Rajadamnern Thai Stadium аренасында мыңдаған көрермен алдында муай-тайдан кездесулер ұйымдастырылады.

Мұндай іс-шаралардың атмосферасы тіпті өзгеше: бір топ адам өзінің фаворитіне жанкүйер болса, спортшылар бар өнерін көрсетіп, жеңіске ұмтылады. Жекпе-жекті мұқият қарап отырсаңыз, небәрі 7 секундта жасалған нокауттың куәгері болуыңыз әбден мүмкін.

Снайперден оқ ату

Таиландқа келген туристке барлық жағдай жасалған. Мәселен, мұнда түрлі қарудан оқ атып, өзіңнің қаншалықты мерген екеніңді анықтауға болады.

Ел бойынша оқ атуға арналған бірнеше орталық пен полигон бар. Олардың көпшілігі Бангкок, Паттайя, Пхукет сынды ірі қалаларда орналасқан.

Tactics and Gun орталығы
Tactics and Gun орталығы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Мәселен, Паттайядағы Tactics and Gun орталығы заманауи техникамен қамтамасыз етілген, мұндағы қауіпсіздік те өте жоғары деңгейде сақталады. Бұл өз кезегінде келушілерге ешнәрсеге алаңдамай, нысананы дәл көздеуіне мүмкіндік береді.

Орталықта Barrett M82 снайперінен, Angstadt MDP-9 (PCC - pistol-caliber carbine) и Magnum Research қаруларынан оқ атуға болады.

Сапбординг

Тай еліндегі тағы бір экстремалды спорт түрі – сапсерфинг (сапбординг). Сапбординг – теңіз толқынымен тербеліп, баланс ұстауға машықтандыратын ерекше спорт. Паттайяда Amara WaterSports орталығына барып, сапбордингті нұсқаушының көмегімен оңай меңгере аласыз. Бұл жерде тақтайша, құтқару желеті жалға беріледі. Сондықтан теңіз суынан қорықпасаңыз да болады. Айтпақшы, Amara WaterSports жағажайы қауіпсіз, акула жоқ.

Сапбординг
Сапбординг. Фото: KAZ.NUR.KZ

Вейкбординг

Бангкоктағы танымал спорт түрлерінің бірі – вейкбординг. Бұл спортпен шұғылданғысы келетіндер Taco Lake көліне бара алады.

Вейкбординг
Вейкбординг. Фото: KAZ.NUR.KZ

Taco Lake Таиландтағы алғашқы вейкбординг орталығы саналады. Мұнда спортты енді бастағандар мен тәжірибелі спортшыларға бірдей жағдай жасалған. Тәжірибелі спортшылар үшін көлде трамплиндер де орнатылған.

Көл маңайын ағаштар қоршаған, айнала жасыл желек. Вейкбордта сырғанамасаңыз да, Бангкоктың шуынан демалып кетуге таптырмас орын.

Вейкбординг
Вейкбординг. Фото: KAZ.NUR.KZ

Флоурайдер

Флоурайдер – жасанды толқын бетінде тақтайшаға тұру арқылы орындалатын спорт түрі. Тоқтаусыз болатын қатты толқын бетінде тақтайшада тұру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Флоурайдерде серфинг, скейтбординг пен сноубординг элементтері бар.

Flow House Bangkok – Бангкоктағы флоурайдерді көргісі келетіндерге арналған орталық. Егер сіз жаңадан үйреніп жатқан болсаңыз, сізге нұсқаушылар көмектесіп, пайдалы кеңестерін бөліседі. Сондықтан еш қорықпастан флоурайдермен шұғылданып көріңіз.

Зиплайн

Адреналин алудан шаршамайтын туристер үшін зиплайн таптырмас спорт болмақ. Паттайядағы Tarzan adventure zipline орталығында сіз нағыз адреналинді сезінесіз. Ұзындығы 3 км болатын заманауи арқан жолы сапалы құрылғылармен жабдықталған.

Мұнда сіз алаңдамай, демалысты барынша көңілді өткізуіңізге болады. Өйткені тәжірибелі нұсқаушылар сізге не істеу қажет екенін толық түсіндіріп береді.

Картинг

Паттайядағы тағы бір көңілді демалыс орны – EasyKart. Мұнда жылдамдықты, жарысуды жақсы көретіндер көп келеді.

EasyKart аумағында әр жастағы адамдарға арналған түрлі тасжолдар бар. Демек, қауіпсіздік үшін алаңдамасаңыз да балады. Себебі, мұндағы карттар заманауи, жоғары сападағы стандарттарға сай.

Таиланд – тропикалық табиғаты, жылы әрі тұзды теңізімен, ерекше храмдарымен танымал. Бұл қатарға экстремалды спорт түрлерін де жатқызуға болады. Өйткені жоғарыда жазылған спорттың әрқайсы кез келген адамға адреналин сыйлап, жадында жақсы естеліктер қалдыратыны анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2132004-muai-tai-veikbording-snopbording-tailandtagy-turisterge-arnalgan-erekshe-su-sporty-turleri-qandai/