Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кондиционерді қосып қойып ұйықтау қауіпті ме: мамандар кеңесі

Жарияланған күні:

Кондиционер
Кондиционер. Көрнекі фото: pixabay.com

Жаздың қапырық ыстығынан көп адам кондиционер арқылы қорғанады. Кейбір адамдар кондиционерді қосып қойып, ұйықтағанды жөн көреді. Бұған мамандар не дейді? Кондиоционердің астында ұйықтау несімен қауіпті?

Кондиционер – аптапта таптырмас құрал. Даладан ыстықтап келіп, салқындатылған бөлмеге кірсең жаның жай табады. Дегенмен мамандар кондиционердің зиянды жағын да ескерген жөн екенін айтады.

Кондиционердің зиянды жақтары

"Кондиционердің зияны және одан қалай қорғану керек?" деген мақалада құрылғының бірнеше зиянды тұсы сөз болады:

  • тұмаудың пайда болуына ықпал етеді – кондиционердің салқын ауасын қолдана бастаған кезде кей адамдар тұмауратып қалады. Дәрігерлер оны температуралардың бірден өзгеруімен байланыстырады: ыстық даладан суық бөлмеге кіру. Бұл дайын емес иммунитетке жағымсыз әсер етеді.
  • бактерия таратады – кей жағдайда кондиционері бар бөлмеде ұзақ отыратын адамдарда бактериялық инфекциялар, сонымен қатар пневмония пайда болатыны байқалады. Бұл микроағзалар құрылғының сүзгіш компоненттерінің ішіне орналасады және уақыт өте ауа ағынымен бірге бөлме ішіне тарайды.
  • ауаны құрғатады – кондиционер бөлме ішіндегі ауаны құрғатады деген пікір бар. Құрғақ ауа тері мен тыныс алу жолдарына жағымсыз әсер етеді, сондай-ақ көзді құрғатады.
Ер адам кондиционер қосып жатыр
Ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Кондиционерді қосып қойып ұйықтау несімен қауіпті?

Үндістандық дәрігер Винет Арораның айтуынша, кондиционер үйдегі жылуды сорып алып, тек салқын ауаны қалдырады. Ол үй ішіндегі ауадағы жылуды сыртқа тасымалдайды, осылайша қажет температураны ұстап тұрады.

Кондиционерді қосып қойып ұйықтауға ол зиянды болғандықтан тыйым салынбайды. Ұйықтап жатқанда оның температурасын реттей алмағандықтан, кондиционерді қосып қойып ұйықтауға кеңес берілмейді.

Дәрігер кондиционерді қосып қойып ұйықтау аурудың тікелей себебі емес екенін айтады, бірақ ол мынадай жағдайларды тудыруы мүмкін:

  • кондиционер ылғалдылық деңгейін төмендетеді, бұл теріні, тамақ пен тыныс алу жолдарына құрғатады. Осы құрғақтық жайсыздық әкеп, тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін, сол арқылы тыныс алу жолдарында проблемалар туып, инфекция қаупін арттыруы мүмкін;
  • тым төмен температура ағзаны қатты суытып, суық тиюге немесе респираторлық инфекцияларға сезімталдықты арттыруы мүмкін;
  • кондиционерді қосып қойып ұйықтау шу, температураның өзгеруі және құрғақ ауа салдарынан ұйқыны бұзуы мүмкін.
Жатын бөлме
Жатын бөлме. Көрнекі фото: freepik.com

Кондиционерді қолданғанда неге мән беру керек?

Дәрігер Азиза Қозба­ғарова кондиционер жанға жайлылық әкел­гені­мен, оның денсаулыққа зияны орасан зор екенін айтады.

"Әсіресе егде жастағы кісілер мен балалар үшін қауіпті. Ал кондиционерді дұрыс пайдаланбай, яғни оның күтіміне дұрыс мән бермеутүрлі ауруды одан сайын өршітіп жіберуі мүмкін. Менің айтпағым, ұзақ уақыт қолданылған кондиционердің ішіне шаң тозаң толып қалады. Сонан соң онда бактерияның сан алуан түрі пайда болып, ол ауаға тарайды. Ал ауаға тараған бактерия адамның өкпесін қабындырып, пневмонияға әкелуі мүмкін", - дейді ол.

Дәрігер кондиционерді қолданғанда мына жайттарға назар аударуға кеңес береді:

  1. Ара қашықтық 3 метр­ден кем болмауы керек. Салқын ауа адамға тура бағытталмай, ауа төбе мен қабырғаны айналып барып қозғалуы қажет.
  2. Бөлмедегі ауа құрғап қалатындықтан, адамдардың тыныс жолы зардап шегеді. Тамақ ауруы мен жөтел пайда болады. Сондықтан бөлмеге ашық суы бар орта қойған абзал.
  3. Түнгі мезгілде кондиционер қосып ұйықтап қалуға болмайды. Түнде адам ұйықтағанда дене температурасы төмендейді. Ал түнгі режимі бар кондиционерді іске қосқанда, салқын ауаның бағытын жоғарыға қарай бағыттап қою керек.
  4. Кондиционерді қолданғанда оның ең алдымен вирус тасымалдаушы екенін ұмытпаған дұрыс. Соңғы технологиямен жасалған кондиционерлер зиянды бактериясы бар ауаны жұтып, орнына таза, салқын ауа бөледі. Дегенмен оның фильтірін тазалап отыру керек. Дер кезінде тазаланбаған кондиционер зиянды бактерия таратады.
Кондиционер
Кондиционер. Көрнекі фото: freepik.com
"Ғимарат ішіндегі қолайлы температура - +20...+22 градус. Кондиционерді осылай қою керек. Бұл жағынан вентилятор қауіпсіздеу. Себебі ол ауа температурасын түсірмейді, ауа ағынын түрлендіру арқылы денені суытады", - дейді дәрігер Станислав Ионов.

Шектен асып кеткен дүниенің бәрі зиян екені белгілі. Сондықтан мамандар кондиционерді қолданғанда да шектен аспауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2132670-konditsionerdi-qosyp-qoiyp-uiyqtau-qauipti-me-mamandar-kengesi/