Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табыс, сәби және жақсылық: түсіңізде күмістен жасалған бұйым көрсеңіз не болады

Жарияланған күні:

Күміс алқа. Көрнекі сурет
Күміс алқа. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түсіңізде күміс немесе одан жасалған бұйымдарды көрсеңіз, ол жақсылықтың нышаны болуы мүмкін. Десе де, кей түс жорушылар мұндай түс сүйіктіңізбен айырылысудың белгісі болуы ықтимал екенін алға тартады. Күміс және одан жасалған әшекейлер нені білдіреді? Бүгінгі материалдан біле аласыздар.

Хассенің түс жорамалы

Хассенің түс жорамалында күміс оның пішіні мен тұтастығына байланысты сипатталады. Егер түсіңізде сомасы үлкен күміс тиындарды көрсеңіз, онда ол жақсылықтың белгісі, бақытты боласыз деген сөз. Ал кішкентай тиындар жалған үмітті білдіреді.

Күмісті балқыған күйде көрсеңіз, бір затыңыздан айырыласыз деген сөз. Түсіңіз өңіңізге айналмауы үшін, қолыңызды жақсылап жуып, ағынды сумен жуынып алыңыз. Өзіңіз білетін сүрені де оқысаңыз болады. Мұндай түсіңізді өзіңіз іштей тек жақсылыққа жорыңыз.

Қолды ағынды сумен жуу. Көрнекі сурет
Қолды ағынды сумен жуу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Феломеннің түс жорамалы

Феломеннің түс жорамалына сәйкес, күміс жақсылықтың белгісі болмақ. Түсіңізде бір уыс күміс тиын көру – әріптестеріңіздің сізге деген құрметі және табысқа жетуіңіздің белгісі.

  • Тауарға күміс беріп, саудаласып жатсаңыз – қаржылық мәселеңіз шешіледі деген сөз.
  • Ал, сауда жасап, артық ақшаңызды күміспен берсе – cыйақы аласыз немесе лотереядан ұтыс ұтасыз деген сөз. Егер түсіңізде күміс қасықтарды тазалап жатсаңыз, достарыңыз қиындықты шешуге көмектесуі мүмкін.

Күмістен жасалған әшекейлер түске не себепті кіруі мүмкін? Бағалы күміс әшекейлер алыстан келетін қонақтың, қонақтардың сізге беретін сый-сыяпатының белгісі.

Юнонаның түс жорамалы

Юнонаның түс жорамалы бойынша түсіңізде күміс көру – қуаныштың белгісі. Күміс ыдыс-аяқ биліктің, дүниеге нәресте келуінің, ол сәбидің атақты әрі бай адам болатынының белгісі. Күмістен жасалған алқа – беріс достық қарым-қатынастың белгісі болуы мүмкін.

Егер ұлыңыздың құлағында күмістен жасалған сырға болса, онда ол көп ұзамай үйленеді деген сөз. Ал, ерлі-зайыптылардың қолында күмістен жасалған білезіктің болуы олардың арасындағы ұрыс-керістің белгісі болуы мүмкін. Юнаның түс жорамалы бойынша күміс тиындар көз жастың белгісі екен.

Ванганың түс жорамалы

Ванганың пікірінше, күмістен жасалған әшекейде көру табыстың белгісі көрінеді. Ал оларды жоғалту қаржылық қиындықтың, сатып алу керісінше армандаған затыңызға қол жеткізудің белгісі болуы әбден мүмкін.

Егер түс көруші күміс әшекейлерді өзі тақса, онда ол байлықты армандайды деген сөз. Ал шындығында бұл адам оған қол жеткізудің амалын ойламайды, тек қол қусырып отырып байлыққа кенелсем дейді екен. Түсіңізде күміс әшекейлерде тек жазылған бұйымдарды қарау өз тегіңізге деген қызығушылықты білдіреді.

Отбасы мүшелері. Көрнекі сурет
Отбасы мүшелері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Лоффтың түс жорамалы

Лоффтың түс жорамалында алтын қаржылық табыстың, ал күміс – көшбасшылықтың белгісі. Сондықтан, атақты түс жорушы түсте күмісті көру топ, бөлім, мекемені басқару деген мағынаны білдіретінін айтады.

Күміс білезік немесе алқа қаржылық табыс пен қолайлы өмірдің белгісі. Күмістен жасалған сырға ғашықтың сезім мен бизнестегі ортақ іскерлік қарым-қатынастың белгісі болып саналады.

Фрейдтің түс жорамалы

Фрейдтің болжамы бойынша, түс адам ойының жемісі екен. Егер түсіңізде күміс кірсе, онда сіз көп ұзамай үйленесіз немесе серіктес атанасыз. Ал, күміс бұйымдар сүйіктіңіз тарапынан орын алатын салқындықтың белгісі болуы мүмкін.

Сондықтан барлық жұмыстарды кейінге шегеріп, жеке қатынастарға баса мән берген жөн болады.

Нострадамустың түс жорамалы

Нострдамус күмісті жақсылықтың белгісі деп санайды. Ол мұндай түсті жеке және жаһандық белгі деп есептеген. Жерден күмісті алу– жаңа кен орнын табу деген мағынаны білдіреді. Күміс көпір күмәнді табысты немесе қаржылық пайданы көздейтін ара қатынастың белгісі болуы ықтимал.

Егер күміс толы сандық түске кірсе, онда қаржылық жағдайыңызда өзгерістер болуы мүмкін деген мағынаны білдіреді. Барлық түс болжамдарында күміс – нейтралды немесе жағымды жаңалықтардың белгісі.

Қағаз бетіндегі күміс тиындар. Көрнекі сурет
Қағаз бетіндегі күміс тиындар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Миллердің түс жорамалы

Миллердің түс жорамалында күміс бақытты ақшамен сатып ала алмаудың белгісі. Сондықтан күміс ақша өзгелерге күмәнмен қарайтын адамдардың түсіне кіреді екен. Осы арқылы мұндай адам өзгелердің бойынан тек кемшілікті көріп, ол кемшін тұстарды өзіне де әкеледі екен.

Егер түс көруші мұндайды тек өзінің қиялы деп түсінсе, онда ол мұндай түсті тек жақсылыққа жоруы тиіс. Егер адам түсінде күміс тиын тауып алса, онда оның өмірінде қаржылық қиындықтар орын алады.

Цветковтың түс жорамалы

Цветковтың түс жорамалында балқыған күміс – орындалмаған арманның белгісі. Егер одан жасалған бұйымдар түске кірсе, түс көруші мұра немесе өзге бағалы затты мұраға алады деген сөз.

Әйел адамға түсіне күміс кірсе, нені білдіруі мүмкін? Егер тұрмысқы шықпаған бойжеткен түсінде күміс сандықтарды көрс, онда ол бай адамға тұрмысқа шығады деген сөз. Ал күміспен бірге алтынды көрсе, онда жұмыста табысқа кенеледі. Көп ұзамай ол қызметте өседі немесе оның табысы артады деген сөз.

Ислам түс жорамалы

Исламдағы түс жорамал бойынша, түсте күміс көру жиналған мүліктің белгісі екен. Күміс бұйымдағы ою-өрнек ақылды, ибалы қыздың белгісі. Күміс ыдыс – сәтті сауданың немесе ақ ниеттің белгісі. Түсінде күміс ыдыстан тамақ жеген адам – шын өмірде күнәға батады.

Егер адам түсінде күмістен жасалған бұйымды тауып алса өңінде бағалы мұраны табады немесе әйел тарапынан болатын қиындыққа душар болады. Күмісті балқыту – өсек пен ұрыстың белгісі.

Күміс қасықтар. Көрнекі сурет
Күміс қасықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Күміс пен одан жасалған бұйымдар қаржылық тұрақтылықтың, жеке өмірдегі өзгерістер мен жаһандық жаңалықтардың белгісі болуы мүмкін. Жоғарыда аталған түс жорамалдарымен танысып, өміріңізде маңызды шешімдерді қабылдаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2133783-tabys-sabi-zhane-zhaqsylyq-tusingizde-kumisten-zhasalgan-buiym-korsengiz-ne-bolady/