Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңде анаңды көрсең не болады: танымал түс жорушылардың болжамы

Жарияланған күні:

Ана мен бала
Ана мен бала. Көрнекі фото: freepik.com

Ана туралы түс ескерту, өсиет немесе бақытты өмір мен отбасылық бақыттан хабардар етуі мүмкін. Жеті танымал түсжорушының пікіріне сүйеніп, мұндай түс нені білдіруі мүмкін екенін анықтап көрейік.

  1. Хассенің түсжору кітабына сәйкес ана туралы түс нені білдіреді.
  2. Ванганың ана туралы түске қатысты түсіндірмесі
  3. Ислам түсжору кітабына сәйкес мұндай түс нені білдіреді?
  4. Лоффтың пікірінше, анаң не себепті түске кіруі мүмкін?
  5. Ана туралы түсті Миллердің түсіндіруі.
  6. Нострадамустың айтуынша, мұндай түс нені білдіреді?
  7. Цветков бойынша ана туралы түсті қалай түсіндіруге болады?

Хассенің жоруы

Адамның түсіне неге қайтыс болған анасы кіреді? Хассенің түсіндіруінше, егер анасы түсінде қайтыс болып кетсе, түс көруші адам уайым-қайғыға ұшырайды. Егер қайтыс болып кеткен анасы түсіне кірсе, сол түсті көрген адам адам ұзақ және бақытты өмір сүреді.

Ана бейнесі және онымен әңгімелесу – адамның өзін-өзі түсіну жолы. Түс түскөрушіге оның шынайы ниеті мен жоспарларын анықтап алуға көмектеседі.

Анасы мен қызы сөйлесіп отыр
Анасы мен қызы, Көрнекі фото: freepik.com

Егер жас әйелдің түсіне бала емізетін әйел кірсе, көп ұзамай аяғы ауырлайтынын білдіреді. Егер түскөруші әйел түсінде біреудің баласын емізіп отырғанын көрсе, оның күш-жігері тиісті дәрежеде бағаланбайды. Бөтен адамдар оның мейрімділігі мен жомарттығын пайдаланып кетуі мүмкін.

Ванганың жоруы

Ванга ана туралы түсті түскөрушінің өзінің немесе жақындарының бірінің жақында үйленетінен хабардар ететін белгі ретінде қарастырады. Оның түстегі бейнесі мына жайттардан хабардар етеді:

  • Анасы түсінде шынайы өмірдегі бейнесіндей жүрсе, адам сүйіктісімен тұрақты қарым-қатынаста болады.
  • Жылап тұрған анасын көрген адам өңінде сүйіктісімен жанжалдасуы мүмкін. Мәселені өз қолыңызға алып, сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды жақсартатын кез келді.
  • Адам түсінде анасымен ұрсысып жатса, қиындық туатынын білдіреді. Мұндайда адам өзін кінәлі санаудың қажеті жоқ, өйткені жанжал шыққан жерде екі жақ та кінәлі.
  • Ана бесік жырын айтып отырса, түскөруші жұмысбастылығанан отбасымен байланысын үзіп алуы мүмкін.

Ислам жоруы

Ислам түсжоруында ананың бейнесі жанашырлық пен жеңілдік символы ретінде түсіндіріледі. Мұндай түс үмітсіздік қараңғылығындағы үміт сәулесін білдіреді. Егер түскөруші қиын жағдайда болса, жақын арада жағдай жақсарады.

Ана көбінде түске маңызды отбасылық мереке қарсаңында кіреді. Мұндай түстер мереке көңілді әрі сәтті өтетінін білдіреді.

Ананың сыртқы келбеті, жай-күйі мен мінез-құлқы, түс көргеннен кейінгі жалпы сезім адамның өмірінде не жағдай болып жатқанынан хабардар етеді. Мұндайда түскөруші басынан өтіп жатқан жағдайды талдап, қорытынды жасап, әрекет жоспарын құру керек.

Лоффтың жоруы

Лоффтың пікірінше, ана туралы түс шындықтың көрінісі. Мұндай түстер адам психикасына тән. Мұндай түс не мағына білдіретінін түсіндіру үшін мына факторларды ескеру қажет:

Анамен қарым-қатынас сипаты. Түскөрушінің тағдырындағы ананың рөлі. Ананы дос немесе диктатор ретінде қабылдау. Ана мен түскөруші арасындағы көшбасшылық үшін күрестің болу-болмауы.

Өмірде анамен қарым-қатынас сый-құрмет пен қамқорлыққа құрылған болса, мұндай түс жақсылықтан хабардар етеді.

Әйел мұңайып отыр
Әйел. Көрнекі фото: freepik.com

Түске жылап тұрған ананың кіргені нені білдіреді? Мұндай түс анаға көмек пен қолдау қажет екенін білдіреді. Кейде мұндай түс жамандықтан хабардар етуі мүмкін. Науқас немесе қайтыс болған ана – қайғының символы.

Миллердің жоруы

Миллердің түсіндіруінше, ана туралы түс – жақсылықтың жаршысы. Егер түсінде ана үйге кірсе, тіпті үміт күттірмеген істердің өзі сәтті болады және табыс пен абырой әкеледі. Адам түсінде анасымен сырласып отырса, жақсы жаңалыққа кенеліп, өмірде пайдасы тиетін адамдармен кездеседі. Әйел адамның түсіне анасы кірсе, отбасында береке болады. Түскөрішінің жеке өмірі ойдағыдай болады.

Аналар туралы түстің жағымсыз түсіндірмесі де бар. Адам түсінде анасының даусын естісе, өмірде дұрыс жолды таңдамағаны. Тоқтап, басымдықтарды өзгертіп, басқа бағытқа бет бұратын кез келді. Ананың жылағаны оның көмекке, көңіл бөлуге және сүйіспеншілікке мұқтаж екенін білдіреді. Адамның түсінде анасы ауырып қалса, жамандықтың белгісі.

Нострадамустың жоруы

Нострадамустың жоруы бойынша, бала – болашақ пен үміттің символы, ал ана маңызды тағдырлы оқиғалардан хабардар етеді. Ол түсжоруда мына жайттарға назар аударуды ұсынады:

  • Ана ұйықтап жатса, өмірде тыныштық орнап, сәтті кезең басталады.
  • Ақшашты ана көңілсіздік пен қайғыны білдіреді.

Егер адам анасының асүйде тамақ пісіріп тұрғанын көрсе, ол ұзақ және бақытты өмір сүреді, болашағы зор болады. Анамен сөйлесу жақсы жаңалықтарды білдіреді. Егер анасы түсінде үндемесе, сөйлескісі келмесе, ұйықтап жатқан адам маңызды нәрсесінен айырылады.

Цветковтың жоруы

Цветковтың түсжоруында ананың бейнесі өмірдегі сәттілік пен жақсылықтың жаршысы ретінде түсіндіріледі. Ауру ана туралы түс әйелдің некедегі сәтсіздігін болжайды. Егер әйел адамның түсінде анасы қайтыс болып кетсе, ажырасуы мүмкін. Мұндай түсті ер адам көрсе, жоспарлары орындалмай қалуы ықтимал. Ол мансабынан айырылып, жұмыстан шығып қалуы мүмкін.

Адам түсінде анасының жүкті екенін көрсе не болады? Мұндай түс адамның ішкі уайымынан хабардар етеді. Бұл ұйықтап жатқан адамның анасы ойлап, қатты уайымдайтынын білдіреді.

Аяғы ауыр әйел
Аяғы ауыр әйел. Көрнекі фото: freepik.com

Ана туралы түсті өмірдегі онымен қарым-қатынастың сипатын ескере отырып жору керек. Егер ана мен бала арасында үйлесімділік орнаса, мұндай түс оның бизнесте, мансапта және жеке өмірде табысқа жететінін білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2135904-tusingde-anangdy-korseng-ne-bolady-tanymal-tus-zhorushylardyng-bolzhamy/