Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тар джинсы шалбарды қалай кеңейтуге болады: 7 лайфхак

Жарияланған күні:

Джинсы
Джинсы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Киілген немесе жаңа джинсы тар болуы мүмкін. Оны кемінде бір өлшемге кеңейтуге болады. Мұны қалай жасауға болатынын сарапшылар Марин Виналл мен Джессика Беннетт түсіндіріп берді.

Джинсы киіп, дене шынықтырумен айналысыңыз

Джинсы матасы механикалық созылуға және жылудың әсерінен өзгере алатын қасиетке ие. Егер джинсы тар болса да, киюге болатын болса, WikiHow жобасы дене шынықтырумен айналысуды ұсынады.

Джинсы киіп, белбеуді түймеге бекітіңіз. Аяқғыңызды иық енінде қойып, орындыққа отырғандай ақырын отырып-тұрыңыз. Бастапқы қалыпқа оралыңыз. Мұндай жаттығуды қарқынды түрде 1 минут бойы орындаңыз. Содан кейін демалып, тағы бірнеше рет қайталаңыз.

Дене шынықтыру жаттығуларынан кейін диванға отырып, джинсының денеге қалай сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер жаңа джинсы өлшемі сәйкес келмесе, бұл созылу әдісі тиімді болмайды. Киім бәрібір тар болып қалады.

Джинсы
Джинсы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Джинсыны үтікпен немесе фенмен жылытыңыз

Джинсыдың жамбас тұсын қалай созуға болады? Үтіктегі булану режимін орнатыңыз. Бу ағынын жамбас тұсына бағыттап, проблемалы аймақ ылғалданғанша 5-10 минут ұстаңыз. Содан кейін бірден джинсы киіп, 2 сағат бойы белсенді қозғалыңыз, жамбас тұсын еңкейіп, отырып-тұрып кеңейтіңіз. Ылғал талшықтар созылып, джинсы денеге сәйкес келеді.

Осы принцип бойынша фенді қолданыңыз. Джинсыны беткі жағымен жоғары қаратып, тегіс бетке жайыңыз. Фенді орташа қуатқа қосып, тар болып тұрған жерлерді жылытыңыз. Содан кейін мата қызғанша қолыңызбен қаттырақ созып тастаңыз. Қолдарыңызды ішіне салып, әртүрлі бағытта қозғаңыз. Мұндай созудан кейін джинсыны киіп, әсерін бекіту үшін бірнеше минут отырып-тұрыңыз.

Джинсыны бүріккішпен ылғалдандырыңыз

Джинсы матасын жақсы білетін сарапшы Марин Виналл джинсы матасының талшықтары ылғал күйде икемді болып келетінін, оларды созу және кеңейту оңай екенін жазады. Сондықтан джинсы бұйымын тегіс және таза бетке жайып, астына құрғақ орамал немесе пакет төсеңіз. Дискомфорт тудыратын аймақты бөлме температурасындағы сумен бүріккіштен ылғалдандырыңыз. Көп су құймаңыз. Мата ылғалды, бірақ сулы болмауы керек.

Джинсыны ұзарту үшін созуды шалбардың ортасынан бастаңыз. Бір аяқпен шалбардың балағына тұрып, джинсыны жоғары тартыңыз. Енін кеңейту үшін бел аймағынан бастап, содан кейін бөксе және жамбас аймағын біртіндеп созыңыз. Бұл кезде қалталар мен белбеу ілмектерін созбаңыз, олар деформацияланбауы керек. Созу процесінен кейін шалбарды тегіс бетке жайып, толық құрғағанша қалдырыңыз.

Джинсы киіп, ваннаға түсіңіз

Бел және жамбас аймағында джинсы шалбарын созу үшін оны киіп, ваннада жуына аласыз. Бұл үшін ваннаға жылы су құйыңыз. Джинсыны киіп, белбеу түймесін бекітіп, ваннаға отырыңыз. Ваннада 15 минут отырыңыз. Орныңыздан тұрмай, белдің екі жағынан белбеуді саусақтарыңызбен ұстап, 10 минут бойы әр жаққа тартыңыз.

Ваннадағы суды ағызып, судың ағып кетуін күтіңіз. Сулы джинсы киіп, сүлгі немесе кілемше төселген еденге тұрыңыз. Киімді одан әрі созу үшін отырып-тұрыңыз және еңкейіңіз. Джинсы дене пішінін алғанша және жартылай құрғағанша 30 минут күтіңіз. Содан кейін джинсыны шешіп, толық құрғау үшін іліп қойыңыз.

Джинсы
Джинсы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кеңейткішті қолданыңыз

Тігіншілер бел аймағындағы киімнің енін үлкейту үшін арнайы кеңейткішті жиі қолданады. Мұндай құралдар арнайы тігін дүкендерінде сатылады.

Джинсыны бел тұсында қалай созуға болады? Алдымен бел өлшемін алып, оны шалбардың енімен салыстырыңыз, бұл созу мөлшерін анықтау үшін қажет. Содан кейін джинсыны барлық түймесі мен сыдырмасын бекітіп, тегіс бетке қойыңыз. Шалбардың жоғарғы бөлігін бүріккішпен жеңіл ылғалдандырғаннан кейін, бел сызығы бойымен ішіне кеңейткішті орнатыңыз. Құралда кеңейту өлшемдерін орнатып, оны қажетті мөлшерге дейін біркелкі созыңыз.

Белдің бастапқы өлшеміне қайта оралмауы үшін джинсыны ішіне орнатылған кеңейткішпен бірге кептіріңіз. Егер өлшем дәл орнатылған болса, кеңейткішті ағаш ілгішпен ауыстыруға болады.

Кондиционер қосылған жылы суда жібітіңіз

Джинсы материалын құрғақ күйде созу іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан киімді суда жібітіп, созу қажет. Бірақ кепкеннен кейін джинсы қайтадан өзінің бастапқы пішінін алуы мүмкін. Мұның алдын алу үшін тұрмыстық шаруашылық бойынша маман Джессика Беннетт киімді кондиционер қосылған суда жібітіп алуды ұсынады. Құрал мата талшықтарын босаңсытып, оларды жеңіл созуға көмектеседі.

Джинсы
Джинсы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдымен 1 ас қасық кондиционерді жылы сумен толтырылған шағын ыдысқа қосып, жақсылап араластырыңыз. Джинсыны ерітіндіге толық батырып, 30 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін киімді шайып, кондиционердің қалдықтарын мұқият жуыңыз. Өнімді қолмен қажетті мөлшерге дейін абайлап созып, кептіріңіз.

Спирт қосылған құралдарды қолданыңыз

Джинсы көбінесе жуудан кейін тар болып қалады. Оған қажетті пішінді спирт қосылған заттар арқылы кеңейтуге болады. Ол үшін үлкен ыдысқа бөлме температурасы бар 5 литр су құйып, аммиак (3 ас қасық), медициналық спирт немесе арақ (1 ас қасық) және скипидар (1 ас қасық) қосыңыз.

Жууға арналған таза джинсыны осы ерітіндіге 40 минутқа салып қойыңыз. Ерітіндіден кейін затты мұқият сығыңыз, бірақ шаймаңыз. Ерітінді құрамындағы компоненттер талшықтарды жұмсартып, икемді етеді.

Сулы күйде джинсыны ілгішке іліп, құрғатыңыз. Егер жамбас бөлігін кеңейту қажет болса, құрғамас бұрын затты пластикалық шарлармен толтырыңыз, кеңейту аймағын бекітіңіз. Ұзындыққа созу үшін шалбарды орап, осылайша құрғатыңыз.

Тар және қысқа джинсыны тастамаңыз. Қайта осы айтылған тәсілдердің бірі арқылы қажетті өлшемге дейін созып, сүйікті джинсыңызды кие аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2136042-tar-dzhinsy-shalbardy-qalai-kengeituge-bolady-7-laifhak/