Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізге тау кірсе не болады: танымал түс жорушылар болжамы

Жарияланған күні:

Биік тау сілемдері. Көрнекі сурет
Биік тау сілемдері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тау - адамдардың күш алатын, кей адамдарға керісінше қорқыныш ұялататын жері. Халық арасында түске тау кіруіне қатысты түрлі болжамдар бар. Бүгінгі материалда танымал түс жорушылардың тау жөніндегі болжамдарымен бөліспекпіз.

Ислам түс жорамалы

Исламдағы түс жорамал бойынша, түсіңізге тау кірсе ол өз мақсатыңызға жетуіңіздің белгісі. Егер түсіңізде таудан құласаңыз, қылмыс жасауыңыз мүмкін. Салдарынан тіпті денеңіз жараланып, ауруға ұшыруыңыз мүмкін. Сонымен бірге әлеуметтік тұрмысыңыз төмендеп, қызметте төмендейсіз немесе қажырлы еңбегіңіз үшін, қаржылық табысқа жетесіз деген сөз.

Тауға өрмелеп шығу биік мақсатыңызға және оның орындалуына күш жұмсау деген мағынаны білдіреді. Мұндай түсті жиі көрген сайын, соғұрлым сәтті жобалаларыңыз көбейе түседі. Мұндай кезеңде өзіңізді өзіңіз қолға алып, өз мақсатыңызға жеткеніңіз абзал.

Егер түс көрушіні биік құздан құлатып жіберсе, онда оған бәсекелестері мен көре алмайтын жандардан өзін алшақ ұстағаны жөн. Себебі олар кенеттен көңіліңізді қалдыруы мүмкін.

Кеңседе кездескен әріптестер. Көрнекі сурет
Кеңседе кездескен әріптестер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ванганың түс жорамалы

Ванганың түс жорамалы бойынша, түске тау кіру кедергінің, ауырлықтың, мақсатқа қиын жолмен болса да жету деген мағынаны білдіреді. Оның болжамы бойынша ол келесідегідей мағынаны білдіреді:

  • Таудан құлау -жаныңызды қояғар жер таппайтын кінәнің белгісі.
  • Мүжілген тауда тұру - күнделікті өміріңіздің құлдырап, өмірдің жаңа сынақтарының белгісі.
  • Биік таудағы су ағынының дауысы - өміріңіздегі керемет әрі ерекше оқиғаның белгісі.
  • Жүріп бара жатқан тау - жер сілкінісі ошағының ортасында болудың белгісі.

Түсіңізде биік тауға өрмелеу қандай мағынаны беруі мүмкін? Егер тауға қиналып шықсаңыз, еңбекпен жетістікке жетесіз деген сөз. Сондықтан жігеріңізді жоғалтпас үшін, барынша сабырлы болуға тырысыңыз. Ал биік тауға жеңіл шықсаңыз - зор табысқа жетесіз деген сөз, ол сізге болашақта үлкен сенім береді.

Легкое преодоление крутой горы — достижение небывалого успеха, которое придаст уверенности.

Феломеннің түс жорамалы

Феломен өзінің жорамалдарында түсті былай деп жориды. Егер түс көруші адам таудың шыңында тұрса, онда оның асқақ арманы бар деген сөз. Мұндай биік шыңға өрмелеп шығу - арманының орындалуының белгісі. Ал, егер түсінде адам бұл тауға сол күйі шыға алмаса, онда оның өмірінде түрлі қиындықтар орын алады деген сөз.

Екі биік шыңы бар тау беделді адамның көмегімен жететін табыстың белгісі. Түсіңізде бір-біріне жалғасқан тау сілемдері - өз мақсатыңызға жетер жолдағы кедергілерді білдіреді. Егер тау сілемдері жол бойы жатса, онда мұндай түс көрген адам кез келген қиындықты жеңе алады деген сөз. Түсіңізде тауларды ойша жүріп өту - өзге адамдар сізге сүйеу бола алмайтынын әрі оларға сене беруге болмайды деген мағынаны білдіреді. Тау жоталарындағы ауылдар достарыңыз бен жақындары бар адамдардың белгісі.

Лоффтың түс жорамалы

Лоффтың түс жорамалында - тау киелі жер немесе қиын сынақтар деген мағынаны білдіреді. Егер түс көруші тауды шынайы ниетімен жақсы көрсе, олар түске жай кіруі де мүмкін, сондықтан мұндай түс ол адамға ұнауы мүмкін.

Мұндай түсті табиғат пен тіршілікті жақсы көретін адамдар жиі көруі мүмкін. Тау биік армандар мен мақсаттардың символы. Егер адам түсінде биік шыңғы шыға алса, онда ол жеңістің белгісі, ал керісінше тауға шыға алмаса, онда ол жеңілістің белгісі.

Түсіңізде тау аяқ астынан жолыңызға кедергі болса - қиындықтын белгісі. Мұндай қиындыққа тап болмау үшін, түсіңізді еске түсіріп, мұндай тауды еңсеруге сізге кім көмектескенін біліп алғаныңыз жөн болады.

Тау шыңындағы бойжеткен. Көрнекі сурет
Тау шыңындағы бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Миллердің түс жорамалы

Миллердің түс жорамалы бойынша тауға шығу жоспарларыңыздың орындалу барысындағы кедергілер болып табылады. Егер түс көруші сол күйі таудың шыңына жете алмаса, онда оның алдыға қойған жоспарлары да орындалмайды деген сөз. Сонымен бірге ол төмендегідей болжамдарды айтады:

  • Немере аға-әпкелеріңізбен бірге тауға шығу - өміріңіздегі оң өзгерістердің белгісі.
  • Тауға шаршаңқы күйде шығу - көңіл қалудың белгісі.
  • Гүлі бар тау жоталарында өрмелеу - байлықтың белгісі.
  • Тауға шығып бара жатқанда ояну - табыстың белгісі.
  • Ойыс тау - өзгерістердің нышаны.

Түсіңізде әдемі тауларды көру нені білдіруі мүмкін? Мұндай түс мансапта жететін жетістіктеріңіздің белгісі. Егер түс көруші түсінде тауларға тамсанса, онда ол өзін жақсы жағынан көрсетіп, әріптестері мен басшылықтың алдында үлкен беделге ие бола алады.

Хассенің түс жорамалы

Хассенің түс жорамалы бойынша тау қорғанудың белгісі. Егер түс көруші түсінде тауға шыға алмаса, онда ол жұмысын немесе бизнесін жоғалтады деген сөз. Орманы бар таулар сүйіктісі опасыздық жасайтын адамдарға кіреді.

Тақыр таулар - қобалжудың, алаңдаудың белгісі. Егер таулар жар қалдықтарына ұқсаса, онда түс көрушіні көп ұзамай жеңіс күтіп тұр. Тауда вулкан атқылап, жерде соның ізі болса, ол адамды өмірде қиындық күтіп тұр деген сөз. Тауға өрмелеп шығу - жағымсыз жағдайларды айналып өту. Шыңында қары бар таулар рухани бай, талаптары күшті адамдардың түсіне кіреді.

Юнонаның түс жорамалы

Юнонаның түс жорамалы бойынша, тақыр таулар - алаңдаудың, ал орманы бар таулар - опасыздықтың белгісі. Түсінде тауға өрмелеген адамды өңінде табыс күтіп тұруы мүмкін. Өмірде сырқат адамның тауға өрмелеп шығуы оның көп ұзамай жазылып шығуының белгісі.

Тауға тамсана қарау - қиындықтың, ал таудан түсу - жеңілістің белгісі. Шыңында қары бар тау не себепті адамның түсіне кіруі мүмкін? Шыңында қары бар таулар рухани байитын адамдардың, ал жары бар таулар - күйзеліске душар болатын немесе қиын жағдайға тап болатын адамдардың түсіне кіреді. Вулкан атқылайтын немесе оты бар таулар дене температурасы жоғары немесе жүрегінде ақауы бар жандарға кіреді. Таулы вулкандар түсіне кірген жандар күйіп қалмауы үшін, ыстық заттардан аулақ болуы тиіс.

Биік тау жотасы. Көрнекі сурет
Биік тау жотасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таулар - кедергілердің белгісі, биік тауға шығу табыстың нышаны. Тауды бағындыра алмаған адам өмірде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Егер түсіңізге жоғарыда аталған таулар кірсе, танымал түс жорушылардың болжамына сүйенуді ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2137248-tusingizge-tau-kirse-ne-bolady-tanymal-tus-zhorushylar-bolzhamy/