Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тектанушы деген кім және олар нені зерттейді

Жарияланған күні:

Отбасы пішініндегі кескіндер. Көрнекі сурет
Отбасы пішініндегі кескіндер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ғылымда түрлі салалар болады. Солардың бірі - тектану ғылымы. Аталған ілім нені зерттейді және тектанушылар деп кімді айтамыз? Бүгінгі мақаладан біле аласыздар.

Тектану — тегіңіздегі заңдар туралы ғылым

Адамның сыртқы келбеті, мимика, бет әлпеті мен сырт пішінімен бірге, тек арқылы өмірден өткен ата-бабаларымыздың мінезі мен олардың жақсы жақтары, кемшіліктері де кейінгі ұрпаққа беріліп жатады. Осы және ата-бабаларымыздың өмірлеріне қатысты деректерді родология (ансестология) ғылымы зерттейді.

Аталған ілімнің артықшылығы неде? Ол белгілі бір әулеттің тегіндегі даму заңдылықтарын, тұқым қуалайтын параметрлерді және бағдарламаларды зерттейтін пәнаралық білім саласы болып саналады. Бұл сала шежіре, генетика, психогенетика, психология, антропология және эзотерика сияқты ғылымдардың басын біріктіреді.

Родологияның мәні - адам өмірінде орын алатын барлық оқиғаларды, туыстардың белгілі бір тобына тән жалпы бағдарламалар мен мінез-құлық үлгілерімен байланыстыратында болып отыр. Ғалымдар родология ДНҚ деңгейінде бейсаналық түрде жұмыс істейтінін алға тартады.

Сондықтан, бұл ғылымда барлық туа біткен таланттар немесе әлсіздіктер — сізге бабаларыңыздан берілетін мұра деп саналады. Родиологияның тұжырымдамасына сәйкес, адамның өмірде табысты болуы оның ата-бабалардың қалай өмір сүргеніне тікелей

Родология отбасылық қағидаларға ұқсайды

Көптеген ғалымдар родологияны өзге ілімдермен тығыщ байланыстырады. Отбасындағы қағидалардың тиімділігі мен олардың әдістемесі неміс философы және психотерапевті Берт Хеллингердің "Оралатан бақыт. Отбасылық қағидалар бізді қайда апарады" атты кітабында айтылады.

Автор бұл туындысында родология жүйесіне тірі ағза деп баға береді. Себебі, бұл жүйеде бір отбасының мүшелері бір-біріне тікелей әсер етеді, дейді зерттеуші. Бұл ғылымда өмірдегі әрі өмірден өткен туыстардың мінез-құлықтары ескерілетін көрінеді.

Берт Хеллингер өзінің еңбегінде адам өміріне қауіп төндіретін атаулы күндер, бір әулеттің адамдарының бір жаста қайтыс болу оқиғалары қалай қайталатынын көрсеткен. Родология, сонымен бірге аталған аспектілерге сараптама жасайды.

Отбасы мүшелерінің қолдары. Көрнекі сурет
Отбасы мүшелерінің қолдары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тектану — жеке коуч

Родолог деген кім? Ол отбасылық жүйе аясында адамның ата-бабаларының өмірін зерттейтін, текті тазартуға және осы жанұяның денсаулығы, табысы мен өркендеуі үшін жағымсыз оқиғалардан арылуға көмектесетін сарапшы болып табылады. Оның қызметі қазіргі күндегі жеке коучтардың қызметіне ұқсас келеді.

Одан бөлек, родолог генеалогиялық қазба жұмыстарын жүргізеді, жеке және жалпы міндеттерді анықтаумен, жалпы шежіреге зерттеу жүргізумен айналысады. Мәселен, кейбір мамандар чакралар мен аураны сканерлейді, арнайы математикалық және метрикалық деректерге талдау жасайды. Мысалы орын алған оқиғаны талдау және болашақты оқиғалар тізбегін жақсарту үшін, қандай әдістер қажет екендігі туралы шешімді родолог қабылдай алады. Ол клиентке жан мен тұқымның генетикалық жадын емдеудің түрлі нұсқаларын ұсынады.

Ата-бабалардың шежіресі - тектің құпияларының кілті

Шежіре мен отбасылық ағашты родологиямен байланыстырса, түрлі құпиялардың куәсі боласыз. Родологияда адамның тегін зерттеу үшін келесі құралдарды қолданылады:

  • Жалпы карта (геносоциограмма).
  • Туған, қайтыс болған күндер мен барлық туыстың есімдері.
  • Отбасындағы оқиғалар мен ара қатынас тарихы.

Осындай мұрағаттық қазбалар отбасы мүшелерін қандай оқиғалар кедейлікке, түрмеге қамалуға, ажырасу және қарым-қатынас орнатудағы қиындықтарға, түрлі сырқаттарға, жарақаттар мен апаттарға әкелетінін бағалауға және ата-бабалар жіберген мұндай қателіктерді одан ары қайталамауға көмектеседі.

Мысалы, аталарыңыздың бірі барынан айырылып, кедейдің күнін кешсе, онда оның ұрпақтары да үнемі ақша жоғалтып, табыс табудан қорқатын болады. Ал, керісінше бүгінгі күні жетістікке жетіп жүрген адам, өзінің отбасылық шежіресінен табысты саудагер немесе кәсіпкер аталарын таба алады. Сонымен бірге, берік отбасын тектерінде ажырасқандар мүлдем болмаған адамдар ғана құра алады. Бүкіл әулеттің беделіне тек өз-өзіне қол жұмсау және адам өлтіру оқиғалары қара дақ салады.

Серуендеп отырған қарттар. Көрнекі сурет
Серуендеп отырған қарттар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тектану ДНҚ-дағы өзгерістерді негізге алады

Ансестология бір тектегі адамдардың тұқым қуалайтын байланыстарын негізге алады. Осыған орай, өткен өмірдің қазіргі уақытқа әсерін растайтын бірқатар зерттеулер бар. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек:

  1. Амстердам университетінің клиникалық эпидемиология және биостатистика бөлімінің ғалымдар тобы 1944 жылғы аштықтан кейін Голландияда туылған балалардың денсаулығы арасындағы байланысты зерттеді. АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институтының Ұлттық медицина кітапханасының мұрағаты PubMed Central-дың мәліметінше, олар артық салмақ, қант диабеті, жүрек аурулары және гипертонияға бейім келген екен. Wiley халықаралық баспасы хабарлағандай, келесі ұрпақтың денсаулығында да дәл осындай олқылықтар болған көрінеді.
  2. Research Gate ғылыми басылымының хабарлауынша, Ленинград блокадасынан аман қалған адамдардың денсаулығы да ерекше өзгерістерге ұшыраған.
  3. Юта университетінің әлеуметтану ғылымының профессоры Николас Вулфингер ажырасқан ата-аналардың ұрпақтары тәрбиелеген жұптардың жиі ажырасатынын атап өтті.

Родологтардың пікірінше, мұндай оқиғалардың қайталануына өзгертілген ДНҚ себеп болады екен. Мұндай оқиғалар ұрпақтан-ұрпаққа берілетін көрінеді.

Тағдырды өзгерту үшін родологпен кездесу

Родологияда әулетіңіздегі марқұм болған үлкен әжеңіздің не істегенін және оның тек атын білу жеткіліксіз болады. Егер сізде қарым-қатынас орнатуда проблемалар болса, родологпен терапевтік сессия өткізуге болады. Мұндайда бір сеанстың нәтижесі аз болады, сондықтан родологпен толық курс өткеніңіз қажет.

Қаржылық істерді дұрыс жүргізу, дұрыс қарым-қатынас құру немесе өзін-өзі дамытуды үйрену арқылы, сіз тегіңіздегі бағдарламарды өзгерте аласыз. Мұндайда адамға белгілі бір өмірлік жағдайда бейсаналық реакцияларды түзеуге жақсы ниет мен арнайы кілт сөздер көмектесе алады.

Сол сияқты арнайы отбасылық рәсімдер, ата-бабаларды ойша кешіру, олардың эмоцияларын өз басыңыздан өткеру сияқты әрекеттер де өмірлік бағдарламаларды өзгертуге жол ашады. Бұл ретте, родологтар стихиямен жұмыс, армандарды басқаруды, рейк, массаж, тұмарларды пайдаланады.

Румен жұмыс істеудің тағы бір әдісі — есімнің тағдырға әсерін талдау болып табылады. Родология - өмірді талдау және жақсартудың әдістемесі. Оған сену немесе сенбеуді әр адам өзінің жеке сеніміне қарай шешеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2137299-tektanushy-degen-kim-zhane-olar-neni-zertteidi/