Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарық және эйфория: адам өліп бара жатқан сәтте не сезеді

Жарияланған күні:

Бұлттар бейнесі
Астандағы бұлттар бейнесі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өлімнен ешкім қашып құтыла алмайды. Алдағы белгісіздік қорқынышты, десе де кез келген пенде уақыты жеткенде о дүниеге аттанатынын біледі, жүрекпен қабылдайды. Медбике Анджела Морроу адам баласының өлім сәті жақындағанда не сезінетінін айтып берді. Мақаламызда ғалымдардың тұжырымдарымен қоса ислам дініндегі түсіндірмелерді де мысалға келтірдік.

Өзіндік иістің пайда болуы

Өлім – тәннің физиологиялық және биологиялық процестерінің толық тоқтауы. Егер адам кісі қолынан өліп кетпесе, өз-өзіне қол жұмсама, өлімге әкелетін жарақат алмаса немесе комаға түспесе, уақыты келіп дүниеден өтетін болса, оның ағзасы біраз уақыт өлімге дайындалады, ал өмірден өткелі жатқан адам әлдебір ерекше иісті сезеді.

Путресцин – ағза қызметінің біртіндеп тоқтауын білдіреді, бұл көбіне мәйіттердің шіріген тіндеріндегі май қышқылдарының ыдырауы нәтижесінде түзілетін ұшпа диамин. Иіс өлімнің жақындап келе жатқанын аңдатады, бұл адамға және оның айналысындағыларға өлімнің жақындағанын білдіріп, дайындайды. Путресцин реакциясы адамдарда 420 миллион жыл бұрын пайда болған және санадан тыс деңгейде жүреді деп саналады.

Эйфория және ағзадағы процестердің баяулауы

Хоспис (науқастың демі таусылар күн жақын екенін біле тұра оның тәни және жан қиналысын жеңілдетуге тырысатын әлеуметтік қызмет, оның мамандары) және паллиативтік көмек медбикесі Анджела Морроудың айтуынша, өлім белгілері адамның демі үзілерден 40-90 күн бұрын пайда болады екен. Денені өлімге дайындаудың стандартты тізімі мынадай:

  • Тәбеттің төмендеуі.
  • Су ішуге қажеттілік азаяды.
  • Ұйқы ұзақтығының артуы.
  • Салмақ тастау.

Өліп бара жатқан адам дененің химиясындағы табиғи өзгерістерге байланысты аздаған бақыт пен жақсылық сезімін (эйфория) бастан кешіреді. Ол достары мен туыстарының келуінен бас тартады. Ол біреуді қабылдаса да, оған араласып, толыққанды диалог құру қиын. Психикалық түрде адам өкінетіні туралы айтып, естеліктерін айтады. Адам тәубеге келуі мүмкін.

Балауыз шам
Балауыз шамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хал-жағдайдың уақытша жақсаруы

Өлім алдындағы соңғы сағаттарда адам тамаққа, қарым-қатынасқа және қозғалысқа мұқтаждықты сезінеді. Жады мен ақыл-ой жоғалса да, адекватты ойлай бастайды. Джордж Мейсон университетінің зерттеушісі Эндрю Петерсон мұны ескі "меннің" пайда болуы деп атайды. Адам күш-қуат пен күшті сезінеді. Хал-жағдайдың уақытша жақсаруы өлімге жақындаудың айқын белгісі.

Содан кейін тыныс алу қиындайды (Чейн-Стокс тынысы). Адам өлгенде өзін қалай сезінеді? Өліп жатқан адам сыртқы әсерлерге сезімталдығы азаяды, бірақ соңғы сәтке дейін ол әңгімелер мен дыбыстарды естиді, сондықтан онымен сөйлесу керек. Содан соң жүрек тоқтап, ми өледі.

Жағымсыз дыбыс (шу)

Клиникалық, содан кейін физикалық өлімнің басталуы кезінде адамда серотонин бөлінеді, соның салдарынан эйфория пайда болып, ол қорқынышты сезінбейді. Психиатр Александр Вутцлер басқаратын ғалымдар тобы оның деңгейі үш есе артып, өлім алдындағы азапты жеңілдететінін атап өтті.

Клиникалық өлімді және реанимацияны бастан өткерген адамдардың көпшілігінде жағымсыз шуыл пайда болады. Есту протезін қолдану мамандарының пікірінше, бұл дыбыстың шығуы миға дұрыс емес ақпарат жіберетін есту аппаратындағы өліп жатқан немесе зақымдалған түкшелі жасушалар болуы мүмкін. Бұл ыңғайсыз әсер беретін фантомдық шуды тудырады.

Бас уқалау сәті
Әйелдің басын уқалап жатқан сәт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өлім фактісін ұғыну

Адам өзінің өлгенін түсіне ме? Independent news басылымының жазуынша, адамдар өздерінің өлгенін түсінеді, өйткені олардың санасы денеде тіршілік белгілерін көрсетпей қалса да, жұмысын жалғастырады. Мида қысқа уақыт белсенділік пайда болады. Егер адам реанимацияда болса, не болып жатқанын сипаттай алатын суретті жадында сақтайды.

Өлімді білген сәтте адам үрейді, қорқынышты, ауырсынуды, үмітсіздікті сезінбейді. Оның сезімдері бәсеңдеген, ол өзін қоршаған әлемнің бір бөлігі ретінде сезінеді, онда еріген күйде сияқты болады. Бұл өлген адамның жеке басы туралы ақпаратты сақтайтын тәнсіз жанның күйі.

Тәнді тастап, сыртынан қарау сезімі

Тыныс алу және жүрек соғысы тоқтағаннан кейін адам екіден 20 секундқа дейін есін біледі. Мидың қыртысы оттегісіз осы уақыт аралығында өмір сүре алады деп есептеледі. Осы сәтте дүниеден өтіп бара жатқан адам жанның тәннен ажырағанын сезінеді. Әдетте клиникалық өлімді бастан өткерген адамдар мұның қалай болатыны туралы айтады.

Нью-Йорк қаласындағы Нью-Йорк университетінің NYU Langone медицина мектебінің сыни күтім және сыни күтімді зерттеу жөніндегі директоры, дәрігер Сэм Парния өмірден өтіп бара жатқан адамдар бөлмеде қалқып жүреді және медициналық топ олардың денесінде жұмыс істеп жатқанын біледі деп жазады.

Бір қызығы, клиникалық өлімнен кейін өмірге қайта оралған науқастар өз денесімен дәрігерлердің қалай әрекет еткенін айтып, реанимациялық бригаданың сөздері мен сөз тіркестерін сөзбе-сөз қайталайды.

Ота бөлмесі
Ота жасап жатқан дәрігерлер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жарқын көрнекі бейнелер

Мидың өлуі мен жанның жаңа күйге ауысуы арасындағы қысқа мерзімде көрнекі бейнелер пайда болады. Өлім аузында жатқан адам денесін бір бүйірден бақылайды. Ол енді өмірдегідей болмайды. Бұл сәтте көз алдында көбіне ұзын және тар дәліз, соңында жарқыраған жарық бар туннель пайда болады деп саналады.

Learnreligions діни басылымының мәліметінше, көптеген адам өлім алдында аз уақыт ішінде көкке ұшуға көмектескелі тұрған періштелерді көргендерін айтқан. Сонымен бірге өлім аузындағы адамдар ауадағы көзге көрінбейтін тіршілік иелерімен, жарықтармен сөйлескен. Осы сәтте жан ақыры ұшып кетеді, ал адам физикалық тұрғыда ештеңе сезінбейді.

Ислам дінінде өмірден өткелі жатқан жанның халі жайлы не айтылған?

Өліммен арпалысып жатқан пендеге жан беру оңай емес. Сол сәтте ол сандырақтап, есеңгірейді. Бұл жөнінде muslim.kz сайтында жарияланған "Өлім алдындағы арпалыс" мақаласын негізге алдық.

Өмір мен өлім арасында жатқан адамның үрейленгені сонша, мас адам сияқты халге түседі. Мастық адамда әдетте алкагольді ішімдіктің яки есірткі заттың салдарынан пайда болады. Сонымен қатар қорқыныш, ауру сияқты жан азабынан да адам масаң күйге түседі. Олай дейтініміз, Алла Тағала Қияметтегі адамдардың қорқынышын: "...Адамдарды мас халінде көресің. Негізінде, олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты", - деп суреттеген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дүние саларда оның алдында бір ыдыста су тұрды. Өлім алдында арпалысқа түсіп, жаны қиналып жатқанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ыдыстағы суға қайта-қайта қолын батырып, бетін сипап: "Лә иләһә иллаллаһ. Расында, өлімнің сандырағы бар", - деп айтқан.

Айша (р.а.): "(Өлім алдында) Алла елшісіндей (с.ғ.с) қиналған ешкімді көрген жоқпын", - деген.

Әнәстен (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дүние саларда жағдайы ауырлап, қатты қиналған кезде қайта-қайта талықсып, есін жоғалтып ала берген. Сол кезде Фатима (р.а.): "Әкетай, қиналдың-ау...", - деп дауыстайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Әкеңе өлімнен кейін ешқандай қиындық жоқ!" - деген екен.

Ендеше өлім сандырағы жантәсілім ететін әрбір пендеде болады. Одан ешкім де шет қалмайды. Егер өлім сандырағынан құтылатын адам болса, одан, сөзсіз, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) құтылар еді. Ал ол кісінің өзі де өлім сандырағына душар болғаны жоғарыдағы хадистерде айтылды.

Өлім сәті әрбір адам үшін әр түрлі болып келеді, бірақ негізгі тұстары ұқсас. Ғалымдар мен дәрігерлер, эзотериктер мұны зерттеу нәтижесінде қорытындыларымен осылайша бөліскен көрінеді. Ал шын мәнінде өлім – ақиқат. Одан даурығып, қорқудың қажеті жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2137479-zharyq-zhane-eiforiia-adam-olip-bara-zhatqan-satte-ne-sezedi/