Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 30 шілде күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Жұлдызды аспанға қарап тұрған жігіт
Жұлдызды аспан. Көрнекі фото: Unsplash

Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімді етіп құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтылар

Егер достарыңыз қиналып жүргенін айтып, шағымданса, оларға қолдау көрсетіңіз. Пәлсапа соғып, ойландырып қоюдың орнына нақты көмек көрсетіп, кеңес беріңіз.

Күн сайын кешке ұялы телефонды қойып, таза ауада серуендеп барып ұйқыға кетуді әдетке айналдырыңыз. Бұл жақсылап тынығуға және ертесі сергек оянып, тындырымды жұмыс істеуге көмектеседі.

Торпақтар

Бүгін сіз таңертеңгі бір шыныаяқ кофесіз-ақ өзіңізді сергек сезінесіз. Осы сәтті пайдаланып, ұйқыдан ояна салып кофе ішу әдетін тоқтатып, орнына таза су ішуді әдетке айналдыра бастаңыз. Бұл денсаулығыңызға әлдеқайда пайдалырақ болмақ.

Сіз жаңа жұмысқа орналасуыңыз мүмкін. Әріптестеріңізбен жақынырақ танысу үшін осы күні кездесулер жоспарлаңыз.

Егіздер

Күнделікті күйбең тіршілік қажытқан болса, өзіңізге көңіл бөліңіз. Демалыңыз, өзіңізге қамқорлық жасаңыз: массажға барыңыз, дүкен аралаңыз, достарыңызбен кездесіп, әңгіме-дүкен құрыңыз.

Отбасылық және жеке бюджетті жоспарлап, орнымен жұмсауды, ақша жинауды әдетке айналдырыңыз. Ойланбай сатып алынған нәрселерге кейін өкініп қалуыңыз мүмкін.

Шаяндар

Жақын достарыңызбен көңілді кеш ұйымдастырыңыз. Ол кешке көптен араласпай кеткен араласпай кеткен достарңызызды да шақырғаныңыз жөн. Арадағы достық нығайып, ортаңыз кеңейеді.

Бүгін психологқа баруға қолайлы күн, оған бейресми жағдайда өзіңізді мазалап жүрген сұрақтарды қойып көріңіз.

Арыстандар

Осы кезеңде достар арасындағы қарым-қатынас эмоционалды түрде қиын болуы мүмкін. Соған дайын болыңыз. Қажетсіз манипуляциялардың алдын алу үшін жеке өміріңізді теріс пікірлерден қорғаңыз.

Бүгін шыдамдылық, даналық танытып, отбасы мүшелерімен ымыраға келуге тырысыңыз. Бұл оңай шешім емес, дегенмен қажет шешім болады.

Бикештер

Отбасында қиын апта болуы мүмкін. Бірақ осыдан кейін бәрі қалпына келеді. Жанжал бастамаңыз, өйткені жанжал арқылы қарым-қатынас жақсармайды, керісінде шиеленісе түседі.

Артық тамақтанудан не шамадан тыс жаттығу жасаудан аулақ болыңыз. Жаттығу да, тамақтану да нормаға сай болуы керек. Әйтпесе денсаулығыңызға зиян болады.

Таразылар

Күн махаббат пен эмоцияға толы болады, бірақ жанжалдарға араласпауға тырысыңыз және ұсақ-түйектерге тым эмоционалды болмаңыз.

Ойларыңызды ретке келтіріңіз. Кешкілік ішімдік пен кофеиннен бас тартқаныңыз жөн.

Сарышаяндар

Әріптестеріңізге және өзіңізге пайдасы тиюі мүмкін адамдарға көмектесуден бас тартпаңыз.

Егер күйзеліп, түрлі ойлап мазалап жүрсе, физикалық жаттығуларға көңіл бөліңіз, нәтиже көп күттірмейді.

Мергендер

Отбасындағы берекеге ұйықты болу үшін жақындарыңызға көбірек көңіл бөліп, олармен көбірек сөйлесуіңіз керек. Отбасылық демалыстарды қызық етіп ұйымдастыру да сізге жүктеліп тұрған міндет.

Ұқыптылыққа ерекше назар аударыңыз, кездесулерді уақытында өткізіңіз, барлық қадамыңызды жоспарлаңыз: бұл қасиеттер сіздің мансабыңызда табысқа жетуге көмектеседі.

Тауешкілер

Мансап жолында жоғарылауға көмектесетін қарым-қабілеттеріңізді шыңдаудың орайы туып тұр. Әлсіз тұстарыңыз бен басым тұстарыңыз ысараптап, өандай қабілеттердің шыңдау керек екенін анықтап алыңыз.

Қан қысымы мен қалқанша безінің проблемаларына назар аударыңыз, күрделі тексеру қажет болуы мүмкін, бұл айтарлықтай қаржылық шығындарды немесе тіпті психологпен кеңесуді қажет етеді.

Суқұйғыштар

Бүгін достарыңыз бен жақындарыңыз қиындықтарыңызды еңсеруге көмектеседі. Оларға сенім артып, соңғы кезде еңсеңізді басып жүрген мәселеңізді тез шеше аласыз.

Бүгін ұнатып жүрген жанға сезіміңізді білдіруде батылдық танытыңыз. Ұяңдық пен жігерсіздік танытсаңыз, ол адамнан айырылып қалуыңыз мүмкін.

Балықтар

Бүгін қарқынды физикалық белсенділіктен бас тартып, қатты стресстен аулақ болыңыз. Бұл кеңесті, әсіресе, көңік жүргізіп келе жатқан кезде құлақ асқан жөн. Денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліңіз.

Кәсіби дамуыңызға назар аударыңыз. Егер сізде ешқандай идея жоқ болса, жұмыстан үзіліс алып, өзіңізді тәрбиелеуге кірісіңіз:мамандыққа қатысты кітаптар оқыңыз немесе мамандығыңыз бойынша лекциялар курсын алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2141043-bugingi-zhuldyz-zhoramal-30-shilde-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/