Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күтпеген шығын, жала, табыс: 2024 жылғы тамызға арналған қытай жұлдыз жорамалы

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қытай тұмары
Қытай жұлдызнамасы. Көрнекі фото: freepik.com

Тамыз маңызды астрологиялық оқиғаларға, өзгерістерге, шығармашылық шабытқа толы болады. Ғалам батыл жандарға мүмкіндік береді. Бұл материалда астролог Прашант Нигамның шығыс жұлдызнамасы бойынша болжамын ұсынамыз.

Егеуқұйрық

Егеуқұйрықтар үшін тамыз түрлі оқиғаға толы әлі шабытқа шабыт қосатын ай болады. Көптеген кездесу болып, болашақта пайдасы тиетін жаңа адамдармен кездеседі. Тіпті бейтаныс адамдармен де ашық сөйлесуге мүмкіндік туады.

Харизмасы мен сүйкімінің арқасында егеуқұйрық елдің назарында болады, кей адам оны үлгі тұтады, ал кейбіреулер үшін ол дана тәлімгер атанады. Бұл оны одан ары қарай дамуға ынталандырады. Minds Journal интернет-журналының жазуынша, оған тым көп жауапкершілік артылады. Қарым-қатынаста қалауыңызды айта білген жөн.

Бұқа

Бұқа күтпеген шығындарға ұшырайды. Оған бола уайымдап, ойлаған затты сатып алудан бас тартудың қажеті жоқ. Қаражаттың бір бөлігі дәрігерге, сақтандыруға, міндетті төлемдерге жұмсалады. Қаржылық міндеттемелерге бола алаңдамау үшін мына жайтты есте сақтаңыз:

Сатып алған заттарыңыз қуантсын десеңіз, әртүрлі затты таңдаңыз. Өзіңізге ұнайтын нәрсені сатып алыңыз, үнемдемеңіз. Құжаттар мен кепілдіктерді тексеріңіз. Sunsigns астрологиялық басылымының жазуынша, бұқа отбасы мен достарының қолдауына сенім арта алады.

Отбасы
Отбасы. Көрнекі фото: freepik.com

Жолбарыс

Жаздың соңында Жолбарысқа билік, ықпал, бедел және қаржы үшін бәсекеге түсуге тура келеді. Бәсекелестер ұйықтамайды. Оған жала жабылып, төңірегіндегі адамдардан шағым түсуі мүмкін. Негізсіз шабуылдарға жауап өатпаңыз. Беделді нығайтуға көңіл бөліп, күш салыңыз.

Жолбарыстың күші, даналығы және темірдей берік жүйкесі кез келген жағдайдан жеңіске жетуге көмектеседі. Астролог Прашант Нигам жанжалдан аулақ болуға кеңес береді. Қауіпті қаржылық инвестициялар табыс әкелмейді. Энергия мен ақшаны болашақ инвестицияларға үнемдеңіз.

Қоян

Қоян тамызда даңққа бөленуге дайын. Ол өз өмірін бақылауға алды, сондықтан тамызда ол оңай демалып, әрі қарай қадам жасай алады. Ішкі тыныштық пен ақылды шешімдер қызмет пен қарым-қатынаста сізде табысқа жеткізеді.

Қаржы және денсаулық мәселесі болмайды. Сіз тек жұмыс істеп қана қоймай, денеңізді жақсы қалыпта ұстай аласыз. Chinazodiacyears астрологиялық басылымы жұлдыздардың қолайлы әсері Қоянға кез келген мақсатқа жетуге көмектесетенін атап өтеді. Тек қана асықпаңыз.

Айдаһар

Тамыз Айдаһар үшін түрлі оқиғаға толы және табысты ай болады. Бұл күнделікті қалыптасқан тіршілік қалпын бұзатын жағдайларға себеп болады. Барлығын бақылауға тырысу мақсатқа жетуге көмектеспейді. Одан гөрі еркін ойлау мен күтпеген жайттарға дайын болу әлдеқайда тиімді болады.

Айдың соңына қарай Айдаһар өзіне деген сенімділікті қалпына келтіреді. Sunsigns басылымында жарияланған болжам бойынша, онықызметте өсу, қаржылық табыс және пайдалы әріптестік күтіп тұр. Бойдақтар жұбын кезіктіреді.

Қыз бен жігіт
Қыз бен жігіт. Көрнекі фото: freepik.com

Жылан

Астролог Беджан Дарувалла Жылан өміріндегі қазіргі кезеңді өзгерістер мен прогресс уақыты деп атады. Егер мұқият болсаңыз және нақты анықталған стратегияңыз болса, қызметте мүмкіндіктер ашылады.

Жылан үшін тамыз оңай болмайды. Турбуленттілік айдың соңына дейін жалғасады. Шығармашылықта тоқырау, қаржылық жағына қиындықтар және жұбымен қарым-қатынаста түсініспеушіліктер болады. Назарды позитивті нәрсеге аударыңыз. Психикалық және физикалық денсаулығыңызды бақылаңыз.

Жылқы

Күйзеліс пен эмоция тұрғысынан шамадан тыс жүктемелерден аулақ болыңыз. Дене мен миды босаңсытатын жаттығулар мен шығармашылыққа уақыт бөліңіз. Жалғыз болу туралы ойдан қорықпаңыз. Жақын адамдарыңыздан жеке кеңістік бөлуін сұраңыз. Табиғатта серуендеңіз, СПА-ға барыңыз.

Денсаулыққа арналған WellBeing порталы жылқыларға өмірінің рухани жағына көңіл бөлуді және өзгелердің шаруасына араласпауды кеңес етеді. Қаржы жағынан тұрақтылық болады. Бойдақтар жұбын кезіктіреді.

Ешкі

Тамыз айында әсіресе сырттан келетін ақпаратқа мұқият болыңыз. Фактілерді жеке тексеріп, сенімді дереккөздерді іздеңіз. Эмоцияға берілуден сақ болыңыз. Адамдарға мұқият болыңыз, өйткені сіздің санаңызды басқарғысы келетін адамдар болады.

Ешкінің ақыл-ойы мен көрегендігі алдамшы адамны тез анықтап, осы айға қойған барлық жоспарын іске асыруға көмектеседі. Өмір стилі туралы Tatler басылымы отбасылық қарым-қатынастарды дамытуға басымдық беруді ұсынады. Жақын адамдар сізге тамыз айының сынақтарды еңсеруге көмектеседі.

Іскерлік кездесу
Іскерлік кездесу. Көрнекі фото: freepik.com

Мешін

Қытай жұлдызнамасы бойынша Маймыл жылы туылған адамдарға жаз соңында ерекше күш пен табандылық қажет болады. Белсенді әрекетінің арқасында жеке және кәсіби салада табысқа жетеді. Кедергілерді жеңу үшін уайымға салынбай, көңілді жүріңіз.

Туындаған мәселелерді дер кезінде шешіп отырыңыз. People журналы жүректің әміріне құлақ түруге кеңес береді. Қарым-қатынасқа, сүйікті іске және армандарға көңіл бөліңіз, сонда бұл ай үйлесімді өтеді.

Әтеш

Тамыз айында эмоционалды әтеш құжаттармен жұмыс істеу кезінде мұқият болуы керек. Сіздің мүдделеріңіз бен іскерлік беделіңізді қорғау үшін ондағы ақпаратты мұқият тексеріңіз. Даналық, парасаттылық және бастамалар жұмыста және отбасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

Астролог Пунит Панди басқа адамдарды сынаудан аулақ болуға кеңес береді. Оларға тірек және тәлімгер болыңыз, оның өтеуі ретінде алғыс пен қолдауға ие боласыз. Көшбасшылық позиция жаздың соңында ең жақсы таңдау болмақ. Денсаулыққа басымдық беру керек.

Ит

Тамыз өз мақсаттарына жету үшін Иттен қосымша күш салуды талап етеді. Мансапқа назар аударыңыз және сабырлы болыңыз, өміріңіздің басқа салаларында жағдай ойдағыдай болады. Қарқынды жұмысты демалыс сәттерімен теңестіріңіз.

Егер сізді пайдаланғысы келсе, жоқ деп айтудан тартынбаңыз. Түйсікіңізге сеніңіз және токсик адамдардың жақын жүруіне жол бермеңіз. Есіңізде болсын, күзгі жиын-терім алда. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмау үшін көп демалыңыз.

Доңыз

Доңыз үшін тамыз шарықтау мен құлдырау кезеңі болады. Эмоциялық және психикалық тепе-теңдік пен тұрақтылыққа назар аударыңыз. Жеке құпияларыңызды басқа адамдардан қорғаңыз. Жоспарларыңыз бен мақсаттарыңызды ешкімге айтпаңыз.

Айдың ең жақсы тактикасы – даналық пен сақтық. Өзіңізді пайдалануға рұқсат етудің орнына, мейірімділігіңізді отбасыңызға және серіктесіңізге қамқорлық жасауға бағыттаңыз. Физикалық денсаулық сізді қуантады, бұл сізге саяхат жасауға мүмкіндік береді.

Саяхатшылар
Саяхатшылар. Көрнекі фото: freepik.com

Тамыз жазды жауып, шығыс жұлдызнамасындағы барлық белгінің күш-жігерін қорытындылайды. Біреулері жұмысын бітірсе, енді біреулері демалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2143302-kutpegen-shygyn-zhala-tabys-2024-zhylgy-tamyzga-arnalgan-qytai-zhuldyz-zhoramaly/