Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз бақытыңызды жіберіп алмаңыз: 2024 жылдың тамыз айына арналған махаббат жұлдызнамасы

Жарияланған күні:

Жағада отырған жас жұп. Көрнекі сурет
Жағада отырған жас жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Айдың толуы, Арыстан қақпасы пен Меркурий ретросы тамыз айында адамдардың көңіл-күйіне әсер ететін болады. Мұндай өзгерістер олардың жеке өміріне де әсер етеді. Жаздың соңғы айында жұлдыз белгілерін жеке өмірде не күтіп тұр? Астролог Чани Николастың болжамына құлақ түріңіз.

Тоқтылар

Тоқтылар үшін тамыз тосын сыйларға толы болмақ. Бұл айда олар өздерінің сүйіктілеріне бауыр басып, бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін білдіреді. Сондықтан тамызда Тоқтылардың жеке өмірі жаңа деңгейге шығады. Олар сүйіктісіне сезімін білдіріп, үйлену туралы ұсыныс жасайды немесе ғашығына бірге тұру туралы ұсыныс айтады.

Indastro астрологиялық басылымының мәліметінше, Марстың жетегінде кетпей, сүйіктіңізбен ара қатынасыңызды бақылауда ұстаудан бас тарту керек. Мұндайда, керісінше Тоқтыларға сүйіктісімен ортақ шешімге келіп, тату-тәтті өмір сүруге кеңес беріледі. Сол сияқты басы бос Тоқтылар өз теңін кездестіруі мүмкін. Сондықтан тамыз айында өмірлік жарыңызды кездестіру мүмкіндігінен айырылып қалмаңыз.

Торпақтар

Жаздың соңында күш пен энергияға толы Торпақтар жеке өмірін реттеуге кіріседі. Уақытты бос өткізіп алмау үшін, астролог Чани Николас Шолпанның басқа планеталармен үйлескен бірнеше күнін таңдап алуға кеңес береді. Мұндай күндерге 7 (Шолпан пен Меркурийдің), 18 (Шолпан мен Юпитердің) және 29 тамыз (Шолпан мен Плутонның) тоғысқан күндерін жатқызуға болады.

Отбасылы Торпақтар екінші жартыларына үй шаруаларына көмектесуі тиіс. Ал, басы бос Торпақтарға саяхатқа баруға кеңес беріледі.

Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет
Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егіздер

5-27 тамыз аралығындағы Ретроградты Меркурий Егіздердің жеке өміріне тікелей әсер етеді. Олар көп ойланып, өткен қатынастарды еске алады. Кейбір егіздер тіпті бұрынғы сүйіктілерімен қайта табысуы мүмкін. Сондықтан мұндай шешім қабылдамастан бұрын, барлығын асықпай ойланып алғаныңыз абзал.

Махаббат қатынасы бар адамдардың сезімі күшейіп, романтикалық сәттер көп болады. Жалғызбасты Егіздер өзінің сыңарын кездестіріп, олармен тұрақты қатынас құруға асығатын болады. Сол сияқты бір үйде бірге тұру үшін, асығыс шешім қабылдап, көшіп баруға асықпаңыз. Алдымен бір-бірлеріңізді жақсылап танып, біліп алыңыздар.

Шаяндар

Astrologyk астрологиялық басылымының хабарлауынша, Күн планетасының әсерінен Арыстандар мен Шаяндардың мінез-құлқында біраз өзгерістер байқалатын болады. Мұндай өзгеріс олардың жеке өміріне жақсы жағынан әсер ететін болады.

Отбасылы Шаяндар көп уақытын үйде, бойдақтар кешкі кездесулерде өткізетін болады. 4 тамызда болатын Айдың толуы Арыстандардың да жеке өміріне әсер етеді. Бұл оларға өз адамын табуға және махаббат қатынасын орнатуға оңынан әсер ететін болады. Кейбір Арыстандар сүйіктісін ғана емес, сонымен бірге отбасылық бизнес үшін серіктесін де табады.

Арыстандар

Instaastro астрологиялық басылымының мәліметінше, тамыз Арыстандардың жеке өмірі үшін қолайсыз ай болмақ. Олар сүйіктілерімен жиі сөзге келіп, ара қатынаста түсініспеушіліктер орын алады. Тек өз сезіміне сенімді Арыстандар ғана аталған кедергілерден өте алатын болады.

Арыстандар бұл айда өздерінің сүйіктілеріне көп көңіл бөледі. 4 тамызда болатын Айдың толуы мен 8 тамыздағы Арыстан қақпасы аталған жұлдыз белгілерінің көңіл-күйіне әсер етеді. Өз серігін тапқысы келетін Арыстандар сүйіктілерін осы айда кездестіреді деп күтіледі.

Кемедегі ғашықтар. Көрнекі сурет
Кемедегі ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бикештер

Womansworld әйелдер журналы Бикештер үшін жеке өмірінде өзгерістер орын алатынын әрі ол тамыз айында өз жалғасын табатынын болжайды. 4 тамыздағы Айдың толуы жұлдыз белгісіне жаңа мақсаттар қоюға мүмкіндік береді. Ал Ретроградты Меркурий (5-27 тамыз) барлығын асықпай ойлануға мүмкіндік береді.

7 тамыздағы Шолпан мен Меркурийдің бірігуі Бикештердің жеке өміріне жағымды жаңалықтар әкеледі. Ал, бойдақтарға 14-28 тамыз аралығында өздеріне деген махаббатты дамытуға кеңес беріледі. Осы арқылы олар өздерінің өмірлік жарын кездестіруге мүмкіндік алады.

Таразылар

Таразылардың махаббат жорамалы түрлі оқиғаларға толы болады. Сондықтан жаздың соңғы айы оларға өз сезімін білдіруге ең қолайлы ай болмақ. Astrosage астрологиялық басылымының айтуынша, Сатурнның әсерінен жұлдыз белгілері махаббатсыз неке тұруға мәжбүр болады. Сол сияқты көптеген жұптар арасында түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін.

Екі түрлі көзқарасқа байланысты жұптардың арасында түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Егер сүйіктіңіздің сезімі мен оның сізге деген адалдығына сенімді болсаңыз, онда Таразылар аталған қиындықтардың барлығын еңсере алады. Жалпы Таразыларға сезімді күшейту әрі өз сүйіктіңізді кездестіру үшін, романтикалық кештерге жиі барып тұруға кеңес беріледі.

Сарышаяндар

Бойдақ Сарышаяндар жаздың соңғы айында жаңа серіктеспен кездесіп, іскерлік орта пайда болады. Ғаламтор арқылы жаңа адаммен таныссаңыз, көңіліңіз қалуы мүмкін. Сол себепті Сарышаяндарға көрме, тренинг, таныстырылымдарға баруға кеңес беріледі.

Астролог Маресса Браун аталған жұлдыз белгісінің жеке өміріне Сатурн тікелей әсер етеді деген болжам айтады. Сарышаяндар үшін тамыз айында болған махаббат қатынасындағы өзгерістер олардың тағдырын шешуі мүмкін. Сол сияқты Сарышаяндарға сүйіктілерінің жақсы жақтарын көріп, кемшіліктеріне көз жұма қарауға кеңес беріледі.

Романтикалық кездесуге келген жұп. Көрнекі сурет
Романтикалық кездесуге келген жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мергендер

People ақпараттық журналы Мергендер жеке өмірде жаңа деңгейге шығатынын болжайды. Бұл ретте, астролог Кайли Томас Мергендер үшін тамыз айы – қарым-қатынас пен неке құруға ең қолайлы ай екенін айтады.

Кейбір Мергендер бұл айда қатты қызғаншақ болады. Қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін, сүйіктіңізге уақыт бөліп, олардан сүйіспеншілігіңізді аямауға кеңес беріледі. Бойдақ Мергендер жеке өмірді кейінге шегеріп, тек жұмысқа көңіл бөлетін болады. Бұл олар үшін дұрыс шешім болады. Себебі, тамыз айында басы бос Мергендер күмәнді қарым-қатынасқа түсуі мүмкін.

Тауешкілер

Тамыз айында Тауешкілер сүйіктілерімен қарым-қатынасын қайта қарайтын болады. Сондықтан ашық сөйлесу арқылы арада болған түсініспеушіліктерді жою керек. Астролог Нина Хан Шолпанның Бикештерге өтуі, махаббат қатынасына басқа қырмен қарауға мүмкіндік береді екен.

Өз сүйіктісін кездестіргісі келіп жүрген жандар айдың соңында жаңа адам кездестіруі ықтимал. Мұндай кездесу бір көргеннен ғашық болу сезімі сияқты өрбімейді, ол керісінше асықпай дамиды деп болжанып отыр. Жұмыс бастылығыңызға қарамастан, астрологтар Тауешкілерге бұл айда аздап демалуға кеңес береді.

Суқұйғыштар

Bustle танымдық басылымының мәліметінше, биылғы жаз мезгілі барлық ауа белгілері үшін махаббат кезеңі болмақ. Суқұйғыштар бұл айда достарын өмірлік жарымен кездестіруге себепкер болса, ай соңына қарай өздері де сүйіктілерін кездестіретін болады. Суқұйғыштар Айдың толуына орай (19 тамыз) қолайсыз қарым-қатынасқа нүкте қоюы мүмкін. Тамыздың соңғы күндері Суқұйғыштарға романтикалық кездесуге баруға кеңес беріледі. Бұл оларға бұрынғы қарым-қатынастан бас тартып, жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік береді.

Гүл шоғын ұстап тұрған қалыңдық. Көрнекі сурет
Гүл шоғын ұстап тұрған қалыңдық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балықтар

Тамыз айында Балықтарда бұрынғы қарым-қатынасты қайта жаңғырту ниеті пайда болады. Ал ара қатынасты үзгісі келіп жүрген жандар оны қайта түзеуге ниеттенеді. Бұл ретроградты Меркурийдің Балықтары әсері салдарынан болады. Балықтарға қолайсыздық әкелетін қатынастан бас тартқан жөн.

Ал, отбасылы жандарды тамызда жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Олар жаздың соңында осы жаңалықтарды сезінетін болады. Басы бос Балықтар демалысқа аттанады, онда олар махаббат сезімін бастан өткереді деген болжам бар.

Тамыз барлық жұлдыз белгілері үшін айы оңынан туатын ай болады. Кейбір белгілер үшін ол алыстағы махаббат қатынасының бастауы болуы мүмкін. Күрделі астрологиялық сынақтарға қарамастан, сезімі берік жұптар өз махаббаттарын сақтап қана қоймай, алға жоспар да құра алады. Сол себепті жұлдыз жорамал кеңестеріне құлақ түре отырып, жаздың соңын керемет әрі әсерлі өткізіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2143371-oz-baqytyngyzdy-zhiberip-almangyz-2024-zhyldyng-tamyz-aiyna-arnalgan-mahabbat-zhuldyznamasy/