Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылдың тамыз айындағы магнит дауылы: адам ағзасы мен өміріне әсері

Жарияланған күні:

Шаршап отырған бойжеткен. Көрнекі сурет
Шаршап отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

2024 жылдың тамыз айында болатын магнит дауылдары адамдардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін болады. Осыған орай, мамандар аталған күндерге назарға аударуға кеңес беріп отыр. Тамыз айындағы магнит күндері адамзатқа несімен қауіпті болуы мүмкін? Қоршаған ортаны зерттеуші Дейзи Добриевич жауап береді.

Магниттік дауылдардың пайда болуы мен себептері

Жердегі ғарыштық ауа райы дегеніміз Күн мен Күн жүйесінің әсерінен Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарындағы болатын құбылыстар. Магниттік дауыл ғарыштық ауа райының белгілі факторларының бірі болып саналады.

Магниттік дауылдар дегеніміз не?

Магниттік дауыл деп жердің геомагниттік өрісіндегі (магнитосфера) күшті бұзылысты атайды. NASA мәліметтері бойынша олар магнитосфера арқылы адамдарға, объектілерге және құбылыстарға күн сәулелерінің (Күн бетіндегі алаулар) және күн желдерінің (ионданған бөлшектердің ағындары) әсерінен туындайды. Магниттік дауылдардың денсаулыққа әсерінен басқа мынадай мәселелер болуы мүмкін:

  • Навигациялық жүйелер мен радиобайланыс ақауы.
  • Электр желілеріндегі кернеуді реттеу мәселелері.
  • Электр қуатын авариялық жағдайда өшіру жүйелерін іске қосу.
  • Құрылғылар мен жүйелердің жұмысындағы ақаулар.
  • Поляр шұғыласының күшеюі немесе оның бұрын болмаған жерде пайда болуы. Ғарыш аппараттары мен спутниктер жұмысының бұзылуы.
  • Осыған орай былтыр наурыз айында ғарыштық зымыран өндірушілер кезекті ұшыруды кейінге қалдырған еді.

Магниттік дауылдардың әсерін бақылау үшін ресми агенттіктер (NOAA, TESIS) жұмыс істейді. Олардың зерттеулері негізінде алдағы екі-үш айға арналған магниттік дауылдардың болжамы жасалады. Ресми агенттіктерден басқа еріктілер тобы модераторлық ететін бельгиялық SpaceWeatherLive сияқты тәуелсіз ресурстар да бар.

Ғарыштағы планеталар. Көрнекі сурет
Ғарыштағы планеталар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Магниттік дауылдар қалай пайда болады?

Магниттік дауылдардың негізгі себебі Күн белсенділігінің артуымен байланысты. Жердің магниттік сферасы (магнитосфера) планетаның өрістері арқылы құрылады және оны Күн шығаратын бөлшектерден қорғайды. Тәждік массаның шығарылуы (CME) болғанда немесе жоғары жылдамдықтағы Күн ағыны біздің планетамызға жеткен кезде ол осы қорғанысқа түседі. Сақиналық тоқ күшейеді және 6-12 сағатқа созылатын Жердің магнит өрісінің күші төмендейді. Бірнеше күн ішінде бұл құбылыс қайта қалпына келеді. Күннің жарқылы не себептен туындайды?

Плазма мен радиацияның күшею себебі көбінесе корональдық тесіктермен байланысты. Бұл күн желінің Күннен ғарышқа шығатын зарядталған бөлшектер (протондар мен электрондар) ағынының — шығарылуына мүмкіндік беретін ашық магнит өрісі сызықтарының аймақтары. Магниттік өріс сызықтары бар алып плазмалық бұлттар пайда болады.

Олар Жердің магнит өрісін бұзады. Күн плазмасы қорғанысты қалай бұзады? Полюстер аймағында магниттік сфераның ашылуы болады. Мұнда плазма атмосфералық газдармен және поляр шұғыласымен әрекеттеседі. Бұл - атмосфераның жоғарғы қабаттарының жарқырауымен жүретін оптикалық құбылыс.

2024 жылдың тамыз айына арналған магнит дауылы күнтізбесі

2024 жылдың тамыз айына арналған магнит дауылы күнтізбесі шілде айының соңында басталып, жаңа айдың басына дейін ұласады. Ғарыштағы ауа райын болжау орталығының хабарлауынша, ол коронды масса қалдықтары (CME) cалдарынан пайда болған. Күннің геомагниттік белсенділігін анықтау үшін, төмендегідей критерийлер қолданылады:

  • Күн жарқылы түрлерінің шкаласы: A, B, C, M, X, мұндағы А - ең әлсіз, ал X - ең күшті.
  • АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасы (NOAA) жасаған геомагниттік дауылдың қарқындылығын, күшін және деңгейін сипаттайтын бес балдық G шкаласы.
  • Геомагниттік белсенділіктің ғаламдық индексі немесе Kp-index (K). 0–9 аралығында құбылады, 0 – "өте төмен дауыл" және 9 — "қатты дауыл".

Тамыз айы магнит дауылдарымен басталады. Мамандар осы ай бойы магниттік жағдай қандай болатынына қатысты болжам айтуда.

2024 жылдың тамызында магниттік дауыл қашан болады?

Meteoagent метеосезімтал адамдарға арналған ұялы қосымшасы келесідегідей болжамдарды айтады:

  • 1 тамыз — K-Index 6 (жоғары).
  • 25–26 тамыз — K-Index 5 (орташа).

Қоршаған ортаны зерттеу ғылымдарының магистрі Дейзи Добриевичтің мәліметінше, күннің жоғарыбелсенділігі Мұхит және атмосфералық зерттеулерді ұлттық басқару (NOAA) Ғарыштық ауа-райын болжау орталығына шілде айының соңында геомагниттік дауыл туралы ескерту жасауға мәжбүрлеген.

Солтүстік поляр шұғыласы. Көрнекі сурет
Солтүстік поляр шұғыласы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Осылайша, ғарыштағы ауа райы – ол болжауы қиынға соғатын күрделі құбылыс болып саналады. Мысалы, биылғы жылдың шілде айының соңында басталған магниттік дауыл тамыз айының басына дейін жалғасқан.

SpaceWeatherLive астрономия, ғарыш және ғарыштағы ауа райы туралы басылымның мәліметінше, 1 тамыздағы магниттік дауыл 27-29 шілде аралығында болған, короналды массалардың сыртқа шығарылуымен байланыстырылған.

Геомагниттік дауылды ескерту шкаласы бойынша, 1 тамызда болған дауыл орташа деңгейдегі дауыл болған. Ол күндері радиожүйелерінің жұмысында ауытқу орын алуы мүмкін. Себебі, геомагниттік дауылдар кезінде иондар Жер атмосферасындағы иондармен соқтығысып, жарық түріндегі энергия беруі мүмкін. Сол себепті солтүстік шұғыласының болу көрсеткіші жоғары болмақ. Магниттік дауыл электр жүйелеріндегі ауытқулардың орын алуына да себепкер болуы мүмкін. Сондықтан, кей жерлерде электр энергиясы тоқтатылуы мүмкін.

Тамыз айында болатын магнит дауылына байланысты кеңестер

Магнит дауылдары атмосфера мен құрылғыларға ғана емес, адамдардың денсаулығы мен көңіл-күйіне де әсер етеді. Геомагниттік дауылдардың белсенділігі ең жоғарғы кезеңде метеосезімтал адамдар, созылмалы аурулары бар жандар мынадай келеңсіздіктерді сезінуі мүмкін:

  • көңіл-күйдің болмауы;
  • артериалдық қан қысымының жоғарылауы;
  • ұйқысыздық мен мазасыздану;
  • буындар мен бұлшық еттердің ауруы;
  • бас ауруы, бас айналуы;
  • денсаулықтың болмауы.

Ұлыбританияның Патша астрономиялық қоғамдастығының хабарлауынша, ғарыштағы дауылдарды дәл әрі нақты болжауға болады екен. Ол айды алдын ала болжауға, қиындықтардың алдын алуға және ғарыштағы ауа райына тәуелді адамдардың өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін көрінеді.

Таза ауада йога жасау. Көрнекі сурет
Таза ауада йога жасау. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тамыз айындағы магниттік дауылдардан жеңіл өту үшін, физикалық тұрғыда белсенді болыңыз, уақытында ұйықтап, дұрыс тамақтаныңыз. Көбірек су ішіп, күйзеліске түспеңіз.

Егер созылмалы аруларыңыз болса, онда өзіңізбен бірге үнемі дәрілеріңізді бірге алып жүріңіз. Тамыздағы магниттік дауылдар – Күндегі күшті толқындардың әсері. Мұндай өзгерістерді әсіресе, метеосезімтал адамдар сезеді. Сондықтан жоғарыда аталған кеңестерге құлақ түргеніңіз абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2144724-2024-zhyldyng-tamyz-aiyndagy-magnit-dauyly-adam-agzasy-men-omirine-aseri/