Басшылық қызмет, мансапта өсу, қиындықтар: 2024 жылғы тамызға арналған жұлдыз жорамал
Жарияланған күні:
Читать на русскомТамыз айында барлық зодиак белгісіне Арыстан қақпасы мен Меркурий ретросы әсер етеді. Айдың маңызды астрологиялық аспектілері болашақты өзгертеді. Астролог Чани Николас жаздың соңында қандай өзгерістер болатынын айтып берді.
Тоқтылар
Астрологиялық Fengshuitell порталының жазуынша, шешуші әрекеттер қызметте өсуге ықпал етеді. Арыстандағы жаңа ай шығармашылыққа, сүйікті адаммен және балалармен қарым-қатынасқа оң әсерін тигізеді.
Венера Бикеш белгісіне еніп, оған демалыс сыйлайды, өмір сүру және жұмыс жағдайларын жақсартады. Алғашқы он күн денсаулық процедураларына арналған. 5 тамыздан 27 тамызға дейінгі аралықта ретроградты Меркурий өткен күннің міндеттерін еске салады.
Торпақтар
Тамыз айында Торпақтар қиындықтарға тап болады, бірақ ұжымдық жұмыс пен жеке күш-жігер оны еңсеруге көмектеседі. Жұлдызнаманың бесінші үйіндегі Венера ойын-сауықты тиімді ұйымдастыруға үйретеді және күнделікті мәселелерге қызығушылық танытуға ықпал етеді. 14 тамыздан бастап Юпитер Марспен түйіскенде, жаңа жұмыс іздеңіз.
People ақпараттық басылымы және астролог Кайли Томас Торпақтар осы айда романтикалық кездесу өткізетінін айтады. Ретроградты Меркурий бұл белгіле айырылысып кеткен сүйіктісімен қайта қосылуына түрткі болады. Сондай-ақ оған достармен, алыс туыстармен татуласу мүмкіндігі туады.
Егіздер
Astropush астрологиялық басылымы Егіздер үшін бұл ай сәтті болатынын жазады. Жаңа дағдыларды үйрену немесе жоғары білім алуға жақсы мүмкіндік туады. Егіздердің тамыз айындағы сәтті саны – 3, сәтті түсі – сары.
Егіздердің қарым-қатынасына тамызда Меркурий ретросы әсер етеді. Бойдақтар бір-бірімен танысу мүмкіндігіне ие болады, ал жұптар қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөледі. Бұрынғы серіктестерімен қарым-қатынасы үзілмеген адамдар сезімдер толқынын бастан кешіреді. Бұрын жіберген қателікті қайталамауға тырысыңыз.
Шаяндар
Gotohoroscope астрологиялық басылымының жазуынша, тамызда Шаяндар өмірдің сыртқы атрибуттарын жақсартуға назар аударады. Ол жөндеу жұмыстарына кіріседі, үй маңындағы аумақты көркейтеді, шаш үлгісі мен киім үлгісін өзгертеді. Бұл өмірдің негізгі салаларында табысқа жетуге серпін береді. Бірдеңе сатып алар кезінде қаржыны үнемдеуге көңіл бөліңіз.
Сыртқы келбетіңізге және денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Жүзумен айналысыңыз, қауіпсіз күн ваннасын қабылдаңыз. Өзімшілдікке жол бермеңіз: өзіңізге ақша жұмсағанда, отбасы мүшелерін ұмытпаңыз.
Арыстандар
Жаздың соңында Арыстан жеке күш-қуатының оянғанын сезінеді. Астролог Чани Николастың айтуынша, тамыз айында Марстың екі күшті аспектісі болады: Юпитермен қосылу (14 тамыз) және Сатурнмен шаршы жасау (15 тамыз). Бұл мансаптағы серпіліс сәті. Мерекелік іс-шараға қатысыңыз, жаңа адамдаомен танысыңыз және ортаңызға жаңа достар енгізіңіз.
Суқұйғыштағы тоған ай (19 тамыз) пессимизді өршітіп, жұптар арасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді. Махаббатты бұзбау үшін мұқият әрі төзімді болыңыз.
Бикештер
Medium әлеуметтік басылымы тамызды өткенге ой жүгірту және дайындық айы деп атайды. Бикеш үшін ретроградты Меркурий артқа шегініп, ой жүгірту уақыты болады. Ол сәтті жеке мақсаттарыңыз бен ұмтылыстарыңызды қайта анықтауға пайдаланыңыз. Қызметте күнделікті және тыныш қарқынға сүйеніңіз. Импульсивті шығындарға жол бермеңіз, сонда ақша саласы қиындық тудырмайды.
Меркурий ретросы сізді бұрынғы серіктестер мен қарым-қатынастар туралы ойларға батырады. Бұл сіздің жеке романтикалық қажеттіліктеріңізді түсінуге және серіктесіңізбен эмоционалды жақындығыңызды тереңдетуге көмектеседі.
Таразылар
Тамыз айында Таразылар қызметте басшылық лауазымға көтерілу мүмкіндігіне ие болады. Ең шешуші күн – 8-і, Арыстан қақпасының ашылу сәті. Сәтті мансаптық өсу арқылы қол жеткізетін жаңа өмір деңгейі үлкен қаржылық мүмкіндіктерге әкеледі.
Elle сән журналындағы жорамал бойынша, Арыстанның тамыз маусымы барлық зодиак белгісі үшін романтикалық шытырман оқиғалар уақыты болақ. Көкке шығыңыз, сәнді киініңіз, ғашық болыңыз. Арыстандағы жаңа ай күш пен қуат береді.
Сарышаяндар
Астролог Нина Хан тамызды өте қарқынды ай деп атайды. Оның энергиясы сезімтал Сарышаянға қатты әсер етеді. Ретроградты Меркурий үш жарым аптаға созылатын коммуникациялық араздық пен басқа да түсініспеушіліктерге себепші болады. Ұсақ-түйекке, құжаттарға, билеттерге ерекше сақ болыңыз.
Күшті суперай кезінде (19 тамыз) қарым-қатынастарыңызға зиян келтірмеу үшін өзіңізге және басқаларға шыдамдылық танытыңыз. 22 тамыздан кейін, Күн Бикешке кірген кезде, айдың эмоционалдық фоны біркелкі болады.
Мергендер
Астролог Александрия Леттманның жазуынша, тамызда Мергендерде жаңа көзқарас пен амбиция пайда болады. Жеке қажеттіліктеріңізді орындаңыз, саяхаттаңыз, кітап оқыңыз және жаңа нәрселерді зерттеңіз. Бұл көпшілік алдында сөз сөйлеуге қолайлы уақыт. Меркурий 27-нен кейін тура бағытқа оралған кезде, өзіне деген күмән сейіледі.
Бойдақ Мергендер жаңа жұппен жаңа қарым-қатынас бастауы мүмкін. Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасына инвестиция салып, оны нығайтуы керек. Мергендер үшін айдың сәтті күні – 7 тамыз және бақытты түс – күлгін.
Тауешкілер
Ретроградты Меркурийге қарамастан, тамыз Тауешкілер үшін белсенді ай болады. Жұмыста қиындықтарға тап болған кезде, ол жер белгісіне тән шыдамдылық пен көшбасшылық арқылы оларды жеңеді. Ол жаңа адамдармен танысып, әдеттен тыс жағдайларға тап болуы мүмкін. Мұның бәрі Тауешкі белгісіндегі адамдардың дамуына ықпал етеді. Жаңа тәжірибе пайдалы дағдыларды дамытады.
W сән журналы өмірді жақсарту жөніндегі басқа адамдардың кеңесіне құлақ түруді ұсынады. Қарым-қатынастар эмпатия мен өзара икемділікті қажет етеді. Бұл белгідегі жалғыз жүрген адамдар романтикалық қарым-қатынасқа түседі.
Суқұйғыштар
Туа біткен қарым-қатынас құру және тез бейімделу сияқты қасиеттердің арқасында тамызда Суқұйғыштар қызметте жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Суқұйғыштағы көк Ай (19 тамыз) - күнделікті мәселелерді шешудегі шығармашылық кезең болмақ.
Меркурий ретросы кезінде көптен бері көрмеген адамдармен танысыңыз. Олар маңызды ақпарат пен қызықты ұсыныстар әкеледі. Бойдақтар сүйіктісін кезіктіреді, ал ерлі-зайыптылар арадағы қарым-қатынасты реттеуге күш салады.
Балықтар
Балықтар үшін жаздың соңы табысты болады. Мансап пен шығармашылықта жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Дұрыс құрылған коммуникациялар табысқа жетуге көмектеседі. Меркурий ретросында хат алмасуға мұқият болыңыз. Балықтар үшін сәтті күн – 18 тамыз. Осы күні кейінге қалдырған мәселелерді шешіңіз.
Бикештегі Венера (5 тамыздан бастап) жеке қарым-қатынастар саласында өзгерістер әкеледі. Әлі бойдақ жүргендер достарымен жиі кездесіп, кештерге қатысуы керек. Денсаулық ешқандай қиындық тудырмайды.
Тамыз айы жаздың қорытындысын шығарып қана қоймай, жылдың екі декадасында кімнің босқа еңбек етпегенін де көрсетеді. Зодиак белгілерінің арасында бақытты адамдар пайда болады, ал қалғандары табысқа жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2144892-basshylyq-qyzmet-mansapta-osu-qiyndyqtar-2024-zhylgy-tamyzga-arnalgan-zhuldyz-zhoramal/