Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сафия есімінің мағынасы: есімнің ерекшелігі мен мәні қандай

Жарияланған күні:

Әйел бейнесі
Әдемі көйлектегі әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сафия – көне тарихы бар ерекше есім. Есімі осылай аталатын қыз-келіншектер әдетте өте әдемі әрі күшті боп келеді. Бұл есім адамның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер етеді? Мақаламызда Сафия есімі жайлы қызықты мәліметтер ұсындық.

Материалдан мынадай ақпараттарды білесіз:

  1. Есімнің мағынасы мен шығу тегі.
  2. Есімі Сафия деп қойылған атақты қыздардың тағдыры.
  3. Есімнің ерекшеліктері мен оның иесінің мінезі туралы.
  4. Сафия махаббат пен некеде кіммен үйлеседі?

Сафия есімінің шығу тегі мен мағынасы

Бұл есім АҚШ-та әйел аттарының танымал рейтингінде 1429-орында тұр. 2000 жылдан бастап бұл есім белгілі, бірақ Сафия танымал есімдер санатына жатпайды және сирек кездеседі. Сафия есімі қай ұлттың өкілдеріне қойылады? Ата-аналарға арналған The Bump басылымының мәліметінше, Сафия – арабтар, африкалықтар мен мысырлықтар қоятын қыз бала есімі. Бұл көбіне мұсылман елдерінде, соның ішінде Пәкістан, Иран, Үндістан және Түркияда кездеседі.

Бұл есімнің пайда болуының қызықты тарихы бар. Nameberry есімдер туралы басылымның ақпараты бойынша бұл Мұхаммед пайғамбардың әйелдерінің бірінің есімі, еврей тайпасының басшысы Бану Надир Хуйая ибн Ахтабтың қызы, тегі Мединадан шыққан. Ол Арабия жерлері үшін болған соғыста әкесінен, күйеуінен және басқа туыстарынан айырылған. Мұхаммед пайғамбар ол әйелге таңдау мүмкіндігін беріп, оған үйлену немесе азат болып, өз жеріне оралуға ұсыныс айтқан. Мұхаммед пайғамбардың осы есіммен аталатын нағашысы да болған.

Сафия есімінің мағынасы қандай? Араб тілінен аударғанда бұл атау "таза", "тыныш" дегенді білдіреді. Салауатты өмір салты туралы Onlymyhealth басылымы бұл мұсылман есімінің басқа да мағыналары бар екенін жазады:

  • Пәкістанда танымал урду тілінде бұл "ең жақсы дос", "тыныштық" дегенді білдіреді.
  • Түрік тілінен аударғанда – "асыл", "нәзік".

Сафия есімі әл-Карнаки Ибн Мирзакаримнің "Мұсылман есімдері" кітабында кездеседі. Көбіне Сафият формасы жиі қойылады. Ата-аналарға арналған Momjunction басылымының мәліметінше, есімнің қысқартылған түрлері – Сафи, Фиа және Сиа. Сафа және Саня есімдері де кездеседі.

Кішкентай қыз
Сүйкімді кішкентай қыз бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сафия есімді атақты арулар, олардың тағдыры

Сафия – жүрегі таза қыздың есімі. Бұл қасиет Сафияның тағдырын бақытты етеді, оның өмірі ұзақ және қызықты оқиғаларға толы болады деседі. Табандылық, сенім және туа біткен көшбасшылық болмыстың арқасында бұл әйел өмірде айтарлықтай табысқа жетеді. Есімі Сафия деп қойылған арулар арасында танымал тұлға өте көп:

  • Сафия Нигаард - америкалық блогер.
  • Сафия Бозорова — өзбекстандық гимнастшы.
  • Сафия Заглул – мысырлық саясаткер және либералдық ұлтшыл партияның жетекшісі.
  • Сафият Аскарова – Дағыстанның театр және дыбыссыз кино әртісі.
  • Сафия Абди Хаазе – норвегиялық көрнекті қоғам қайраткері, медбике және әйелдер құқығын қорғаушы.
  • Сафия Уможа Нобл – америкалық ғалым, Калифорния университетінің профессоры және жазушы. Ол әлеуметтану және гендерлік зерттеулер саласындағы жұмысымен танымал.
  • Сафия Ингар – британдық актриса, дыбыстау әртісі және жазушы.

Табысқа жету үшін Сафияның жанында пікірлес адамдар, достар және серіктестер болуы қажет. Сенімді және адал адамдардың ортасында жүру оған күшті қолдау болады әрі алға ұмтылуға күш береді.

Сафияның мінез-құлқы

Сафияның мінезі өте мықты. Ол өзіне сенімді, харизмасы бар, ақылды әрі қызға тән қулығы да бар. Талғампаз әрі әсем әйел сөзімен, қиын жағдайларда сендіре білу және қолдау көрсету арқылы баурап алады. Бала күнінде ақылды, тілалғыш, өнерлі қыз боп өседі. Жасөспірім кезінде ол өзінің жақын достарына жақсы әсер етеді. Отбасына адал және қамқор болады.

Ол табысты әрі бай адамдарға қарай ұмтылады, құрметтегенді өзі де бағалайды. Менмендік көрсетуі де мүмкін. Танауын көкке кермеу үшін ол назарын әлеуметтік жобаларға және басқа адамдарға көмектесуге аударуы керек. Сафия мұндай істі қуана жасайды және әлсіз, тәуелді адамдарға қамқоршы бола алады.

Жұмысында өзін сенімді және сауатты көрсетеді. Көп ақша төлейтін жұмыс орындарын таңдайды. My First Name басылымының есімдер туралы берген мәліметіне сүйенсек, Сафия білікті тарихшы, философ, ақын, жазушы және кеңесші бола алады. Шығармашылық қабілетін ашу үшін ол есіміндегі эзотерикалық бойтұмарларды қолдануы керек:

  • Сәттілік әкелетін түстер: сары, алтын және жасыл реңктер.
  • Сәттілік тастары: ай тасы, мысық көзі, інжу, кез келген ақ тас.
  • Тотемдер: андыз (аир), үкі және кербұғы.

Prokerala эзотерикалық басылымының мәліметінше, Сафия есімінің саны – 7. Astrologyk астрологиялық басылымы оны аналитикалық ой-өрісі мықты рационалистер мен талдаушылардың саны деп атайды. Жеке қарым-қатынаста шынайылығы мен жеңіл жүруі артық етпейді, себебі ер адам әйелдің бойындағы осы қасиеттерді бағалайды.

Гүл ұстаған әйел
Бір шоқ гүл ұстап тұрған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сафияның басқа есімдермен үйлесімділігі

Сафия махаббат әлемінде аса тәжірибелі емес. Көбіне өзін ұялшақ кермаралдай ұстайды, ер адамға ұзақ қарайды. Адуынды әрі жалықтыратын жігіт оған сай келмейді.

Олар қаржыны басқаратын және Сафияға өзіне ұнайтындай өмір сүруге мүмкіндік беретін жұмсақ мінезді әрі татулықты жақсы көретін ер адамды іздейді. Ол ысырапшыл емес, бірақ аяқ астынан эмоционалдық шығындар жасауға бейім.

Бұл әйелде серігінің ыңғайына қарай бейімделу қабілеті бар. Егер оның күйеуімен құндылықтары ортақ болып, жоғары үйлесімділік орнаса, некеде қиындықтар сирек кездеседі. Сафия ең сәтті қарым-қатынас орнатуы мүмкін ерлер есімі мыналар:

  • Адар, Андрей және Бәкір – үйлесімділік пен өзара түсіністік.
  • Дамир, Денис және Жамал – жұптағы достық пен ынтымақтастық.
  • Игорь, Ильдар және Камал – сүйіспеншілік пен нәзіктік.
  • Кирилл, Олег және Шафир – берік отбасы және бақытты неке.
Отбасы бейнесі
Күннің батқан сәтіне қарап тұрған отбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сафия басқа ер адамдарға аса мән бермейді, бейтарап көзқараспен қарайды. Белгілі бір адамды таңдаған бұл ару өмір бойы адал және сенімді әйелге айналады.

Ол қандай ана болады? Асыл ана атанғандардың бірі – Сафия. Ол өзінің жоғары қоғамдық белсенділігіне қарамастан, мансабына, балаларына және сүйікті жарының күтіміне назар аудара алады.

Сафия – көне тарихы бар, рухани қорғаны күшті саналатын есім. Мұны қыз балаға қойылатын сирек әрі әдемі есімдердің бірі деп санауға болады. Сафия есімді арулар өзінің барлық талантын жүзеге асырып, табиғи мүмкіндіктерін аша алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2145349-safiia-esimining-magynasy-esimning-ereksheligi-men-mani-qandai/