Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы танысыңыз түсіңізге не себепті кіреді: танымал түс жорушылардың болжамы

Жарияланған күні:

Ойға шомып отырған бойжеткен. Көрнекі сурет
Ойға шомып отырған бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адамның өткен өміріндегі адамдар оның есінде мәңгілік қалуы мүмкін. Ескі таныстарыңыз адамның түсіне қандай да бір белгі беруі үшін кіруі ықтимал. Осыған орай, бүгінгі материалда танымал түс жорушылардың болжамдарына сүйене отырып, түсіңізге бұрынғы танысыңыз кірсе, қандай мағынаны білдіретін білетін боламыз.

Түсіңізге басыңыздан өткен бұрынғы оқиға кірсе не болады

Бұрын таныс болып, ал қазір араласпайтын адам не себепті түске кіруі мүмкін? Лоффтың түс жорамалы бойынша, көптен бері көріспеген жандарды түсіңізде көру, қателіктердің немесе түс көрушінің көтеріңкі көңіл-күйінің белгісі екенін айтады. Түс жорушының айтуынша, мұндайда алдымен түс көрушінің эмоциясын бақылау қажет екен. Мәселен төмендегі жағдайларға мән бергеніңіз жөн болады:

  • Ара қатынасқа байланысты қандай да бір алаңдаушылық – өткеніңізде сіздің жаныңызды жаралаған қандай да бір қателікті қайталаудың белгісі. Белгіні қабылдап, қорытынды жасағаныңыз жөн болады.
  • Бұрын таныс болған адамыңызға қатысты жылы естеліктер – психологиялық тұрғыда денсаулығыңыз жақсара түседі немесе тәтті естеліктерді еске аласыз.

Бұл ретте, түсіңізге кімнің енгені маңызды емес. Мысалы, түсіңізге бұрынғы күйеуіңіз, серіктес немесе әріптесіңіз, тіпті көршіңіз де кіруі мүмкін. Бастысы, түсіңізде осы адаммен қарым-қатынасыңыз жылы болса болғаны.

Теңіз жағасындағы ару. Көрнекі сурет
Теңіз жағасындағы ару. Көрнекі сурет: pixabay.com

Адамдармен араласудың аздығы мен жеке даму

Сезімтал адамдардың түсіне сыныптастары, университет қабырғасындағы достары немесе әріптестері түсіне кіруі мүмкін. Егер оның түсінде осы адамдар жақсы көңіл-күймен жүрсе, ал түс көруші олармен бірге уақытын тиімді өткізіп жатса, онда оның өңінде адамдармен араласудың аздығын білдіреді. Сондықтан, достарыңыз, әріптестер мен жаңа таныстарыңызбен бірге кездесу ұйымдастырғаныңыз дұрыс болады.

Миллердің түс жорамалында, түс көрушінің түсіне жастық шағының кіруі қазіргі өмірінде өзін дамыту үстінде екенін білдіретіні айтылған. Мұндай түс жақын арада бұл адам қызметінде жоғарылауы мүмкін деген мағынаны білдіреді. Егер сыныптастарыңыз немесе курстастарыңыз түске кірсе – марапат аласыз деген сөз. Демек, түс көруші аз уақытта марапатқа ие болып, қосымша сыйақы алады немесе әріптестерінің алдында беделі өсуі мүмкін.

Жаңа қарым-қатынастың басталуы

Романтикалық қарым-қатынас – ерекше назар аударылуы тиіс сала болып саналады. Сол себепті, ара қатынаспен жұмыс жасай отырып, жас жұптар өздері қалаған өмірге қол жеткізе алады. Мұндайда жұптардың түсіне де мән берген жөн. Мәселен, Лонгоның түс жорамалы бойынша:

  • Түсіңізге бұрынғы күйеуіңіз немесе жігітіңіздің кіруі - өткенді көп ойлаудың белгісі.
  • Ал, бұрынғы сүйіктіңізбен айырылысу – өміріңіздің басымдық беретін салаларының өзгеруі деген сөз.

Егер түсіңізге осындай жағдайлар кіретін болса, онда сіздің жақсы өзгерістер күтіп тұруы мүмкін. Мұндай өзгерістер өміріңіздің барлық саласына қатысты болмақ. Сол сияқты бас бос жандар түсінде осындай түс көрсе, демек олар өңінде өз махаббатарын кездестіретін болады.

Бір-бірін суретке түсіріп тұрған жұп. Көрнекі сурет
Бір-бірін суретке түсіріп тұрған жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көмек беру қажет

Түсіңізге бұрынғы танысыңыз, ол көмекке мұқтаж сәтте кіруі мүмкін. Осы іспеттес түс алдағы уақытта сіз одан хабарлама алатыныңызды білдіреді. Егер жақыныңыздан қандай да бір хабар келмесе, онда ол адамға өзіңіз хабарласқаныңыз жөн болады. Мысалы ол адам материалдық немесе рухани көмекке мұқтаж болуы мүмкін. Кейде адамға көмектесу үшін, оны жай ғана тыңдау да жеткілікті болады.

Ванганың болжамы бойынша, егер адам өткенін түсінде көрсе, онда ол оның қиын жағдайда екенін білдіретін көрінеді. Ал, егер түсінде адам ескі альбомдарды парақтап отырса, өңінде ол адамдармен кездеседі деген сөз. Мұндай түс сіз көп ұнатпайтын адамдарға да қатысты болуы мүмкін. Ол үшін, осы жандармен кездесуден бас тартқаныңыз жөн болады.

Көмекке мұқтаж жан. Көрнекі сурет
Көмекке мұқтаж жан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өміріңіз бен денсаулығыңыз жақсарады

Бұрынғы таныстарыңыз түсіңізге өміріңізде өзгерістер болған жағдайда кіруі мүмкін. Түсіңізге жасы егде тартқан танысыңыз кірсе, онда денсаулығыңыз нашарлап, ауырып қалуыңыз мүмкін. Ал, түсіңізге қария әже кірсе, онда денсаулығыңыз керісінше жақсарады деген сөз. Онымен бірге энергияңыз артып, көңіл-күйіңіз көтерілетін болады. Сонымен бірге, танымал түс жорушылар түске бұрынғы таныстар жақындарыңыздың бірінің өмірі мен денсаулығына алаңдаған кезде кіретінін айтады.

Юнонаның түс жорамалында мұндай түс былай деп түсіндіріледі:

  • Бұрынғы әріптестер, курстастар мен сыныптастар – алыстағы досыңыздан маңызды жаңалық естисіз.
  • Бұрынғы серіктес - аяқталмаған қарым-қатынастың белгісі, демек ол адам бұрынғы сүйіктісімен түбегейлі қош айтысуы тиіс.

Сонымен бірге, мұндай түс болашаққа үмітпен қарау керектігін білдіреді. Егер түсіңізде көптен араласпай кеткен адамды көрсеңіз, онда ол туралы жақсы жаңалық естуіңіз мүмкін.

Ісіңіз табысты болады

Түсіңізге ескі танысыңыз сенбі немесе жексенбі күні кірсе не болады? Түс жорушылардың болжамы бойынша, онда алдағы уақытта ісіңіз алға басуы мүмкін.

Феломеннің түс жоруы бойынша, түсіңізде ескі танысыңызды көру табыстың белгісі. Өміріңіздің барлық саласында жағымды жаңалықтар орын алуы мүмкін. Егер түсіңізге ескі танысыңыз кірсе, онда өңіңізде жоғалған мүлікті табатын боласыз. Мұндай түс ескі достық қарым-қатынасты жаңғырту, оны нығайту мен жаңартудың белгісі.

Егер түсіңізге қайтыс болған туысыңыз немесе ескі танысыңыз кірсе, онда өңіңізде сақ болған жөн. Мұндай түс қиындықты білдіреді. Егер түсіңізге аса маңызды емес адам бұрынғы танысыңыз кірсе, онда оның өз-өзін қалай ұстайтынына мән беру қажет. Себебі, түс көруші осы арқылы өзінің табысқа жетуіне не кедергі келтіретін білуі мүмкін.

Бұрынғы таныстар адамның түсіне бекер кірмейді. Олар маңызды оқиғаларды немесе өзгерістерді білдіру мүмкін. Сол себепті, жоғарыдағы түс жорамалдарына құлақ ассаңыздар болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2150602-buryngy-tanysyngyz-tusingizge-ne-sebepti-kiredi-tanymal-tus-zhorushylar-bolzhamy/