Бүгінгі жұлдыз жорамал: 19 қыркүйек сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды реттеп, күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Тоқтылар
Бүгін жұмысбастылық сылтауымен ескі достарды назардан тыс қалып қоймасын. Жақын адамдармен қарым-қатынас бөтен адамдармен қарым-қатынас орнатуда маңызды рөл атақарады.
Бүгінгі күн эмоцияға толы, жайлы күн болады. Сүйіктіңіздің серуендеуге, кофе ішуге, кинотеатрға немесе мұражайға шақыруын елеусіз қалдырмаңыз.
Торпақтар
Бүгін денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Бүгін және ертең аяғыңыз бен жамбасыңыз сыр беруі мүмкін.
Жуырда жаңа қабілетіңізді ашуға және бұрын болмаған дағдылар үйренуге мүмкіндік туады. Жинаған тәжірбиеңізді әріптестеріңізге үйретіңіз.
Егіздер
Қызметте келеңсіздіктер болуы мүмкін. Әріптестермен арадағы қарым-қатынасты шиеленістіріп алмау үшін жанжалға түспегеніңіз жөн.
Сүйіктіңізге романтикаға толы кеш ұйымдастырып, тосынсай жасаудың сәті туып тұр. Қапы қалмаңыз.
Шаяндар
Күрделі мәселелерді шешуге уақыт бөліп, мейлінше елеусіз қалдырмауға тырысыңыз. Бүгін еренсіз қалдырған мәселелер уақыт өте қайта алдыңыздан шығып, кедергі келтіруі мүмкін.
Сүйіктіңізді әлі жолықтырмаған болсаңыз, бүгін болашақ жарыңыз болуы ықтимал адамды кезіктіріп қалуыңыз мүмкін.
Арыстандар
Қызметте жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Қарым-қабілетіңізді, кәсіби біліктілігіңізді көрсетсеңіз, табысыңыз артуы мүмкін.
Сүйіктіңізбен жақын туытарыңыз, денсаулығыңыз жайлы ашық әңгіме-дүкен құрыңыз. Шаңырақ көтерген жағдайда қандай мәселелер туындауы мүмкін екенін талқылаңыздар.
Бикештер
Сүйікті адамыңызға жұмсақтық танытып, қамқор болыңыз. Бұл стрессті жеңуге көмектеседі.
Кеңседе жұмыс істей бастағанда, бірден өзіңізге нақты міндеттер мен мақсаттар қойыңыз. Егер нақты мақсатыңыз болмаса, бұл лауазымға өтініш бермеңіз. Өз бетіңізше оқып, білім алып, өзіңізді дамытыңыз, жақын арада жақсы лауазымға жұмысқа қабылдануыңыз ықтимал.
Таразылар
Жауапсыз махаббаттан күдер үзіп, сізге сенімді серік болатын, жан-дүниеңіз, болмысыңыз үйлесетін адамды іздегеніңіз жөн. Бұл еңбегіңіз көп ұзамай жемісін береді.
Егер жұмысыңыз ұжым болып шешім қабылдауды қажет ететін жұмыс болса, алдымен әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз.
Сарышаяндар
Сүйіктіңізбен арада келіспеушіліктер туындап жүрген болса, бір-біріңізге уақыт беріп, сезімді арақашықтық арқылы сынап көруге кеңес береміз.
Жұмыста берілген тапсырмаларды мұқият әрі дер кезінде орындауға күш салыңыз. Көп күттірмей жемісін көресіз.
Мергендер
Отбасыңызбен фотомұрағаттағы ескі фотосуреттерді қарауға уақыт бөліңіз: көптеген жарқын, ұмытылмас сәттер еске түсіп, бір жасап қаласыз.
Үйіңізге жөндеу жұмыстарын жасауды жоспарлап жүрген болсаңыз, интерьер дизайнында шығармашылыққа, қиял еркіндігіне ерік беріңіз. Нәтижесі сіз ойлағаннан да керемет болып шығады.
Тауешкілер
Достарыңызбен арақатынасыңыз суып бара жатқанын сезсеңіз, сырласудан қашқақтамай, ашық сөйлескеніңіз жөн.
Бүгін сүйіктіңізге көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз,қамқорлық танытыңыз. Оған айта алмай жүрген құпияларыңыз болса, орайын тауып айтыңыз, ол сізді түсінеді.
Суқұйғыштар
Достарыңызды ренжітіп алмаңыз, бүгін қандай көңіл-күйде жүрсеңіз де, олар сіздің проблемаларыңызға кінәлі емес.
Ұзақ және нәтижелі жұмыстан кейін жаяу серуендеуге немесе массаж алуға кеңес беріледі. Сол арқылы шаршағаныңыз басылып, сергіп қаласыз.
Балықтар
Жұмыстағы бар міндетті өз мойныңызға жүктеп алмай, қоластындағы қызметкерлерге немесе әріптестеріңізге бөліп беруді және соларға жұмысты ойдағыдай атқарып шығатынына сенім артуды әдетке айналдырыңыз.
Денсаулыққа көңіл бөліңіз, дұрыс тамақтану мен дұрыс ұйқы өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі, сол арқылы жаңа идеялар келіп, жұмысыңыз да жақсы жүреді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2162607-bugingi-zhuldyz-zhoramal-19-qyrkuiek-sizdi-ne-kutip-tur/