Ерекше мейрамханалар немесе қонақтарды қалай тартуға болады (фото)
Жарияланған күні:
Бүкіл әлемде мейрамхана иелері қонақтарды тарту үшін түрлі айла-әрекеттерге барады. Қалыптан тыс мейрамханалар жетерлік, тек дарынды рестораторлардың қиялына таңғалу қана қалады. (Фотосуреттер daypic.ru сайтынан алынған).
1. Itha суасты мейрамханасы. Мальдивы аралдарындағы Hilton қонақ үйі. Ас кезінде акула, скат, тағы басқа теңізде мекендейтін тірі жандар сізден көз алмайды. Толығымен шынымен қапталған әлемдегі тұңғыш мейрамхана су астындағы маржанды жартастардың үстінде, 5 метр тереңдікте орналасқан. Мейрамханада бар болғаны 14 қана орын бар.
Тобаго аралындағы Спрейсайд елді мекенінде ораналасқан ағаш үстіндегі мейрамхана. Jemma’s Sea View Kitchen мейрамханасынан аралдың тамаша пейзажы ашылады.
Немістің Рюдесхайм қаласының бұрынғы түрмесінде орналасқан Bollesje мейрамханасы кіре берісте қонақтардан саусақтарының ізін түсіріп, іштегі тәртіп ережелерін түсіндіреді.
Big Texan Steak Ranch Amarillo (АҚШ) қонақтары үшін үнемі түрлі акциялар өткізеді. Екі келілік стейкті бір сағаттың ішінде бітірсеңіз, сізден бір тиын да алынбайды. Бірақ бұған қол жеткізген адам көп емес. Мейрамхана басшылығы адамның бұл физиологиялық қасиетімен жақсы таныс, сондықтан мұндай акцияларды жиі өткізеді.
Kuappi Iisalmi (Финляндия) – әлемдегі ең кішкентай мейрамхана –мұнда бір үстел мен екі орындық қана бар.
Бау-бақша-мейрамхана. "De Kas" мейрамханасында үстелдер бақша жүйектерінің ортасында орналастырылған. Барлық көкөніс, жеміс-жидек пен көк – экологиялық таза өнімдер. Бірақ бұл - вегетариандық мейрамхана емес. Ас мәзірінде жергілікті ет және балық өнімдері кездеседі. Мейрамхананың тағы бір ерекшелігі - Бас аспазшының үстеліндегі кештер - қонақтар кулинария өнерінің шеберлері қалай жұмыс істеп жатқандығын бақылай алады.
Kinderkookkafe балалар мейрамханасы – Амстердамның ең ерекше мейрамханаларының бірі. Ересек даяшылардың орнына жас голландықтар жұмыс істеп, ақысын да алып кетеді. Әрине, ересек аспазшының көмегімен, олар ас үйде де ас мәзіріндегі тағамдарды даярлайды. Тамақтары дәмді, әсіресе десерттері.
O’Noir Montreal – "қараңғы" мейрамхана. Мейрамхана интерьері күңгірт түстермен боялып, қонақтарды қалта шамын ұстаған даяшылар қарсы алады. Мейрамхана территориясында шақпақтар, ұялы телефондар және басқа да жарық беретін құралдарға тыйым салынған. Мұндай тұңғыш орын 1999 жылы Цюрихте ашылған болатын. Ал басқа елдердің рестораторлары бұл жобаны өз елдерінде де жүзеге асырып, қазір "қараңғы" мейрамханаларды Франция, Германия, Англия, Канада, АҚШ, Ресей, Австралия, Қытай және тағы басқа мемлекеттерде кездестіруге болады.
Аспан астындағы мейрмаханалар. Брюссельдегі Dinner in the Sky жер бетінен 50 метр биіктікте тамақтануды ұсынады. Бір үстелге 22 адамға дейін отыра алады. Бұл үш аспазшы, даяшылар мен конферансьені есептемегенде. Барлығына қауіпсіздік белбеулері тағылып, арнайы кран оларды "аспанға" жеткізеді. "Мейрамхананың" жалпы салмағы 2,2 тоннаны құрайды.
"HADAKA SUSHI" жапон мейрамханасы Лос-Анжелесте жұмыс істейді. Бұл жерде барлық тағамдар қыздардың денелерінің үстіне салынып беріледі.
Венада голландтық дизайнерлер ішек пішіндес бардың тұсауын кесті. Жобаның негізгі шабыт берушісі адамның ас қорыту жүйесі болды. Дизайнерлер бардың ішкі интерьерін тілден бастап, асқазан, ішек-қарынға дейін жібермей қамтыған.
"Темір жол" мейрамханасы ерекше стильде безендірілген. Даяшылардың орнына тапсырыс берілген тамақты шағын пойыздар жеткізеді.
Villa Escudero мейрамханасының басты мақтанышы - құлама сулар. Мейрамханаға қонақтар шалбарларының балақтарын түріп келеді.
"Grotta Palazzese" мейрамханасы тек жаз мезгілінде ғана жұмыс істейді. Себебі ол әк тастан құралған тас үңгірдің ішінде орналасқан. Ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес әсер қалдыратын мейрамхана итальяндық ас өнерін паш етеді.
Тайландтағы Soneva Kiri бес жұлдызды қонақ үйде ағаштың төбесінде отырып тамақтануға болады. Жергілікті экзотикалық ағаштарға бекітілген тоқылған себеттер 4,5 метр биіктікке көтеріледі. Даяшылар мейрамхана қонақтарын арнайы қанат "жолдарымен" жүріп күтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/217085-erekshe-mejramhanalar-nemese-konaktardy-kalaj-tartuga-bolady-foto/