Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 9 қазан күні сізді не күтіп тұр

Жарияланған күні:

Глобус
Глобус. Фото: Unsplash

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтылар

Демалыс күндерін отбасыңызбен өткізу дәстүрін бастаңыз. Көңіл күйіңізідің болмай жүргені, өзара келіспеушіліктер, жұмыстағы қиындықтар отбасылық дәстүрді бұзуға себеп болмауы керек, керісінше отбасымен өткізген сәттерден жағымды эмоциялар мен күш-қуат аласыз.

Жұма немесе сенбіде достарыңызды үстел ойындары кешін ұйымдастыруға шақырыңыз, бұл өте пайдалы болады.

Торпақтар

Салқын ауа райында дене өзін жақсы тазартып, психоэмоционалды тепе-теңдікті қалпына келтіре алады. Сондықтан күзде жарты сағат болса да таңертең далада серуендеуді әдетке айналдырғаныңыз жөн.

Сіз өзіңізді мазасыз немесе кінәлі сезінуіңіз мүмкін, бірақ әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңызды сақтағыңыз келсе, жағымсыз эмоцияға жол бермеуге тырысыңыз.

Егіздер

Бүгін алкоголь мен темекіден бас тарту маңызды. Алда сізді жемісті және энергияға толы апта күтіп тұр.

Шынайы дос болыңыз және қиын жағдайларда да ұстанымдарыңызға берік болыңыз.

Шаяндар

Денсаулығыңызды нығайту үшін спорттың бір түрімен тұрақты айналысуды қолға алыңыз.

Достарыңызбен сапарға шығудың сәті туып тұр. Сапар көңілді өтуі үшін өзіңіздің ғана емес, бірге баратын достарыңыздың да көңілінен шығатын елді таңдаған жөн.

Арыстандар

Бүгінгі сіздің күніңіз қауырт істерге толы болады. Бәріне үлгеру үшін уақытыңызды тиімді пайдаланып, маңызды істерден бастаған жөн.

Әріптесіңіздің эмоцияларына мұқият болыңыз, бірақ оны басқаруға тырыспаңыз. Бүгінгі эмоциялар сізге әділ шешім қабылдауға кедергі келтіруі мүмкін.

Бикештер

Бүгінгі күніңізді достарыңызға арнаңыз, олардан мол эмоциялық қолдау көресіз.

Күйзелеске толы болған күндер артта қалды. Енді асықпай өткен күндерге ой жүгіртіп, бір шешімге келіп, жаңа істерді қолға алуға болады.

Таразылар

Осы қиын аптада достарыңыздың қолдауы ауадай қажет болады. Олардан көмегін қабыл алатын болсаңыз, ойға алған көп ісіңіз сәтімен шешіледі.

Өкінішке қарай, жеке қарым-қатынаста жағдау ушығады. Екі жаққа айырылысып кеткеннен гөрі ақылға салып, асықпай сөйлескен жағдайда, бәрі орнына келеді. Тек асығыстық пен сабырсыздық таныптағаныңыз жөн.

Сарышаяндар

Бүгін жұмыста эмоциялық қысымға тап болғандай сезімде боласыз, асығыс шешім қабылдамай, артын күтсеңіз, өзара түсіністік орнап, бар мәселе орнымен шешіледі.

Осы аптада отбасыңызда қаржылық қиындықтар туындауы мүмкін. Жақындарыңызға сіздің көмегіңіз қажет болады.

Мергендер

Бүгін басқаларға көңіл бөлуге және мейірімді болуға тырысыңыз. Достарыңыз бен отбасыңызға барынша көңіл бөліп, бос уақытты солармен бірге өткізуге тырысыңыз.

Отбасылық түсініспеушіліктің арты жанжалға ұласып кетпеуі үшін сіз жағдайды бақылауға алып, барынша сабыр сақтауға, келіспей қалған жайтты араға уақыт салып қайта талқылауға кеңес береміз.

Тауешкілер

Бүгін жаңа жоба бастау немесе бар бағытты кеңейту туралы нақты шешімге келсеңіз, ісіңіз алға жүріп, нәтижесі жемісті болады.

Жеке қарым-қатынаста жұбыңыз екеуіңіздің араңызда түсінбеушіліктер туындауы мүмкін, бірақ пессимист болмаңыз. Жағдайды барынша жеңіл қабылдап, сүйіктіңіздің көңілін түсірмейтіндей шешім қабылдаңыз.

Суқұйғыштар

Достарыңызды кешкі асқа не бірге серуендеуге шақырыңыз. Жақсы ұсыныс түсуі ықтимал.

Қандай шешім қабылдасаңыз да асығыстық танытпаңыз, асығыс қабылданған шешім қателікке ұрындыруы мүмкін. Сондықтан дәл бүгін жұмысқа, қаржыға, бизнеске қатысты шешім қабылдамағаныңыз жөн.

Балықтар

Бүгін сізді айналаңыздағы адамдар шабыттандырады және жаңа істі қолға алуға ынталандырады. Сізге сену қиын болуы мүмкін, бірақ көптеген адам сізбен уақыт өткізуді жақсы көреді.

Соңғы кезде тез шаршап қалып, күш-қуатыңыз жетпей жүрсе, ұйқы режимін ретттегеніңіз жөн. Кеш жатып, кеш тұру ағзаға зиян әрі уақытыңыз да тиімсіз өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2171238-bugingi-zhuldyz-zhoramal-9-qazan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/