Бүгінгі жұлдыз жорамал: 5 желтоқсан күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:
Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, жұмыс жоспарыңызды тиімді етіп құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамытып, күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Тоқтылар
Бүгін Тоқтылардың денсаулығы сыр беруі мүмкін. Соған байланысты кейбір жоспарлары өзгеруі ықтимал. Жұмыстан бұрын денсаулық маңызды екенін ұмытпаңыз, өзіңізге көңіл бөліңіз, артық жүктеме алмаңыз.
Бүгін сізге достарыңыз бен жақындарыңыз қолдау білдіріп, көмекке келеді. Олардың көмегінен бас тартпағаныңыз жөн.
Торпақтар
Бүгін бірнеше мәселемен қатар айналыспау үшін өзіңізге бір ғана жұмыспен айналысуға жеткілікті уақыт бөліңіз. Өнімділікті арттыру үшін жұмыс арасында қысқа мерзімді үзіліс жасаңыз.
Туыстарыңыз жанжал шығаруы мүмкін. Мүмкіндігінше ашуға берілмей, мәселені сабырмен шешуге тырысыңыз.
Егіздер
Бүгін жұмыстағы жағдай Егіздердің бақылауында болады. Сіздің ұсыныстарыңызды басшылық қолдап, жақсы нәтижелер шығуы мүмкін, соған сәйкес табысыңыз да артуы мүмкін.
Жеке қарым-қатынасты реттеуге қолайлы күн туып тұр. Сүйіктіңізбен не жарыңызбен ашық сөйлесіп, арадағы жағдайларды шешіп алғаныңыз дұрыс.
Шаяндар
Бүгін Шаяндар тым сезімтал болады. Бұл жағдайда эмоцияңызды ашуға емес, пайдалы іске бағыттағаныңыз жөн.
Сүйіктіңіз сіздің қызығушылықтарыңызды түсінбейтінін сезесіз. Бұл мәселені шешу үшін оны сүйікті ісіңізбен таныстырып, уақытты бірге өткізіңіз.
Арыстандар
Бүгін танысу мен қарым-қатынас орнатуға қолайлы күн. Жаңа адамдармен танысуға уақыт бөліңіз, бірақ олардың сізді жанжалға немесе агрессияға апаруына жол бермеңіз. Ақыл-парасатыңызбен жаңа достарға жақсы әсер қалдыра аласыз.
Астрологтар сізге эмоцияға берілмей барынша ұстамды болуға кеңес береді.
Бикештер
Бүгін өзіңізге шамадан тыс жұмыс алмаңыз. Оның орнына бос уақытыңызды отбасы мен достарыңызға арнаңыз. Рухани тұрғыдан демалуға көңіл бөліңіз.
Бас ауруы, әлсіздік сезілуі мүмкін. Денсаулыққа бей-жай қарамай, дәрігерге дер кезінде қаралғаныңыз жөн. Дәрігер кеңесімен дәрумендер қабылдауды бастап, дене шынықтырумен айналысыңыз.
Таразылар
Бүгін қиын ақпараттарды оңай қабылдап, қиын жұмыстарды оңай игере аласыз. Осы артықшылықты жұмыста тиімді пайдаланғаныңыз жөн. Сондай-ақ қаржылық тұрғыдан да табысқа жетуіңіз мүмкін.
Романтикалық кеш ұйымдастыруға қолайлы күн. Сүйіктіңізге тосынсый жасап, қарым-қатынасты нығайтуға қадамдар жасаңыз.
Сарышаяндар
Бүгін өзіңізге демалыс жариялап, уақытыңызды қаланың шуынан тыс жерде оңаша өткізіп, ойларыңызды ретке келтіруге тиімді уақыт туып тұр.
Сүйіктіңіз тарабынан тосын жаңалыққа дайын болыңыз. Ол жаңалық жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.
Мергендер
Салмақ тастауды ойлап жүрсеңіз, бірден ауыр жаттығулардан бастап, ағзаңызға күш салмаңыз. Жеңіл жаттығуларды дұрыс тамақтанумен үйлестіру арқылы бұл мәселені оңтайлы шеше аласыз.
Сүйіктіңізге көбірек көңіл бөліңіз. Бұл кезеңді екеуара қарым-қатынасты реттеуге арнаңыз.
Тауешкілер
Өзіңізге деген сенімділік пайдасын ғана емес, кесірін де тигізуі мүмкін. Сондықтан жағдайды ақылға салып бағамдап, өз дегеніңізден қайтпау басқаларға кері әсер етуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Маңызды істерді кейінге шегермеңіз. Барлық маңызды істерді демалысқа дейін аяқтап тастауға күш-қуатыңыз да, ерік-жігеріңіз де жеткілікті болады.
Суқұйғыштар
Достарыңызға мұқият болыңыз, әділетсіздік сезінсеңіз, сұрақты төтесінен қоюдан және түсініктеме талап етуден тартынбаңыз. Мұндай жағдайда елеусіз нәрселердің өзі қарым-қатынасты бұзуы мүмкін.
Демалыс алыңыз: жұмыстағы соңғы күндеріңізде барлығынан үзіліс жасауға мүмкіндігіңіз болады. Оны күш-қуатыңызды қалпына келтіруге пайдаланыңыз. Телефоннан, әлеуметтік желілерден де демалғаныңыз жөн.
Балықтар
Бүгін артық сөз айтып, жақындарыңыздың көңілін қалдырып алудан аулақ болыңыз. Орынсыз қалжыңның жақындарыңыздың көңіліне кірбің түсіруі мүмкін. Сондықтан ойнап сөйлесеңіз де, ойлап сөйлегеніңіз абзал.
Соңғы кезде өміріңізде өзгеріс жасауды ойлап жүрген болса, қазірден бастап қабілет-қарымызды шыңдап, алғашқы қадамдарды бастай беріңіз. Көп ұзамай нәтиже көре бастайсыз, мақсатыңыз айқындалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2195795-bugingi-zhuldyz-zhoramal-5-zheltoqsan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/