RU

"Игра престолов" сериалының соңғы маусымының трейлері жарыққа шықты

Атақты "Игра престолов" телехикаясы соңғы маусымының трейлері жарыққа шықты. Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: peopletalk.ru
Фото: peopletalk.ru: Facebook

Ролик НВО телеарнасының YouTube желісіндегі парақшасында жарияланды.

Сегізінші маусымның көрсетілімі 2019 жылы 15 сәуірде жоспарланған.

Еске сала кетсек, "Игра престолов" телехикаясы 2011 жылы жарыққа шыққан. Бұл туынды осы уақытқа дейін "Эмми" премиясын 38 рет жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kino-i-tv/1780461-igra-prestolov-serialyny-sogy-mausymyny-trejleri-zarykka-sykty/