Қызыл түсті далапты таңдайтын қазақстандық жұлдыздарды білесіз бе?
Жарияланған күні:
Психолог мамандар қызыл түсті киімді немесе далапты өзіне сенімді, батыл бойжеткендер таңдайтындығын айтады. Қызыл түс жеңіске деген құмарлық пен ұшқалақ мінездің белгісі болса керек. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ал визажист мамандар, керісінше қазақ қыздарына тек ашық түсті далаптардың, яғни корей үлгісіндегі макияждың жарасатындығын сөз етуде. Ал қазақстандық жұлдыздар кімді тыңдайды?
Ақбота Нұр
“KeshYou” тобының жаңа құрамының әншісі Ақбота Нұрды жұрт Әли Оқаповпен қосып, оны Роза Рымбаеваның келіні болады деген болатын. Алайда бұл ақпарат расталмай шықты. Әнші әртүрлі стильде киінеді. Десе де таңдауы қанық қызыл түсті далаптарға түседі. Бұл визажист мамандардың берген кеңесі болса керек.
Аша Матай
Соңғы бірнеше жылда Аша Матайдың образы қатты өзгерген. Тіпті бір-бірімен салыстыруға келмейді. Бұрын-соңды ашық, денеге жабысып тұратын киімдерді таңдаса, отбасын құрғалы тізеден төмен түсіп тұратын көйлектер мен кең кеудешелер таңдайтын болған. Актриса әрі тележүргізуші осыған дейін қызыл түсті далапты жиі тұтынатын еді.
Баян Есентаева
Күнделікті тұрмыста жасанып жүруді жақсы көрмейтін продюсер халықтың алдына қанық қызыл түсті далапсыз шықпайды.
Кәмшат Жолдыбаева
KeshYou тобының экс-солисі Кәмшат Жолдыбаева да қызыл түстің әр түрлі реңкін таңдайды. Әдетте мұндай далапты smoky eyes макияжымен үйлестіреді. Өзгелері образын толықтыру үшін қызыл далапты таңдаса, әнші қызыл далаптың өзін сәнді киіммен, шаш үлгісімен толықтыруды ұмытпайды.
Ділназ Ахмадиева
Күні кеше сүйіктісімен заңды түрде ажырасып, күйзеліске түссе де, әнші аз уақыт ішінде өзін қалпына келтіріп үлгерді. Ділназ тек қызыл емес, қою қызыл, қою қоңыр түсті далаптарды таңдайтын болған.
Әсел Сағатова
Актриса әрі сәнбике Әсел Сағатова отбасын құрғалы бояну үлгісін де өзгерткен сыңайлы. Бұрын қанық қызыл түсті далаптарды ғана таңдайтын жұлдыз бүгінгі таңда нюд макияжын қалайды.
Лидо
Әдетте қызыл түсті өзіне барынша сенімді адамдар таңдайтынын айтып жатады. Ал әнші Лидоның бойында осындай қасиеттің бар екеніне ешкімнің таласы жоқ шығар. Лидо шаш түсін жиі өзгертсе де, таңдаған далабын өзгертпейді.
Мақпал Исабекова
Бұл бойжеткен сырт келбетін жиі өзгертіп отырады. Тіпті осы үшін желі қолданушылары тарапынан сыналған-ды. Десе де ешкімнің пікіріне құлақ аспайды. Мерекелік жиындар мен концерттерде қызыл далаппен бой көрсету әнші үшін оңайдың оңайы.
Ал сіздің ойыңызша қызыл түсті далап кімге көбірек жарасады?
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1075055-qyzyl-tusti-dalapty-tanhdaytyn-qazaqs/