Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отбасылы еркектен бала туып алған келіншек өзегін өртеген өкінішімен бөлісті

Жарияланған күні:

32 жастағы ана әйел отбасылы еркектен қыз туып, бүгінде оны жалғыз өзі асырап отыр. Өмірден опық жеп, сезімге алданған келіншек өзінің жүрек тебірентер оқиғасымен бөлісті деп хабарлайды Comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Comode.kz
Фото: Comode.kz: UGC

Ақмарал (ред. - есімі өзгертіліп берілді) қызының әкесімен мейрамханада танысады. Ол кезде азамат неке жүзігін шешіп, өзін "бойдақпын" деп таныстырыпты. Ешкімге қарамайтын бірбеткей бойжеткенге бірге болуға ұсыныс жасап, оған қаржылық жағынан да көмек көрсетіп тұрған.

"Екеуміз кездесіп жүргенде мен оның отбасылы екенін кездейсоқ біліп қалдым. Ал ол болса "әйеліммен арамызда сезім жоқ. Бөлек ұйықтаймыз. Балалар үшін ғана оны тастап кете алмай жүрмін" деп, мені сонысына әбден сендіріп алды.

Арада бір жылдай уақыт өткен соң менің аяғым ауырлап қалды. Бұл жаңалықты біле сала баланы қалдырамын деп шештім. Оған жақында әке атанатынын айтқан едім, бірден "алдырып таста" деп шықты. Ал мен бәрібір өз ойымнан айнымаймын деп тұрып алдым", - деп ақтарылды ол.

Осыдан кейін көп өтпей-ақ екі жастың арасы суып, жігіті Ақмаралға мүлдем хабарласпай қойыпты. Тіпті ару өзі қоңырау шалса да, тұтқасын көтермей, жауапкершіліктен басын ала қашады.

Фото: Comode.kz
Фото: Comode.kz: UGC

"Мен оның шын мәнінде қандай адам екенін түсінген соң, анама барлық жағдайымды айттым. Ол әкеме өзі барынша жұмсартып жеткізіпті. Сонымен ата-анаммен бірге тұрып, қызымды босандым. Олар маған барынша қамқорлық танытып, қызымды да жақсы көрді. Ешқашан бетіме басып, қателігімді есіме салған емес.

Әрине, осынша ауыртпалықпен іштей күресі маған оңай болған жоқ. Бірақ уақытпен барлығы да өтеді екен. Бір кездері "өлсем де ұмыта алмаймын деген адамды қазір тіпті, көргім де келмейді", - дейді Ақмарал.

Жалғызбасты ананың қызы қазір мектепке барады екен. Ол есін білген сайын әкесі туралы білгісі келетін көрінеді.

"Қызыма әкесі туралы тек жақсы нәрсе айтамын деп өзіме сөз бердім. Оған "әкең өте батыр, жақсы адам болған. Ол қаскөйлермен күресте қаза тапты, ал денесін ешкім таба алмады" деп айтамын. Балам соған сенеді.

Енді қызым өскенде оған отбасылы еркектерден аулақ жүру керектігін құлағына құятын боламын. Олар қанша жерден жақсы болып көрінсе де, үйіндегі әйелін алдыап жүргеніне көз жұма қарауға болмайды.

Егер жігіт "бойдақпын" десе, оның шын өмірін қалай білуге болады? "Құдайдан қорықсаңшы. Егер Алла сенің бала-шағаң мен әйеліңді қажетсінбей тұрғаныңды естіп қойып, оны өзіне әкетіп қалса, не істейсің?", - деп, сұрақты төтесінен қою керек. Алдап тұрған адам мұндайда көзі бақырайып, айтқан сөзін бірден кері қайтарып алады", - деп кеңесімен бөлісті.

Жақында ғана Ақмарал бұрынғы сүйгенін көшеде кездестіріп қалыпты. Келіншек сақал-мұрты өсіп кеткен азаматтың әбден әбіржігенін түрінен бірден байқаған.

"Мешіттен келе жатырмын дейді. Түрі бұрынғыдай сымбатты емес, әбден шаршап қалыпты. Оған "Мешітке барғанша, менен кешірім сұрасаң, біраз күнәларың жеңілдер еді ғой" дедім ішімнен.

Адам өзі үшін нақты шешім қабылдаса, өткенімен қоштасу да, қателігін ұмыту да қиын емес екен", - дейді Ақмарал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1728712-otbasyly-erkekten-bala-tuyp-algan-kelinsek-zegin-rtegen-kinisimen-blisti/