Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігіттің сізге деген сезімі барын қалай білуге болады

Жарияланған күні:

Жігіттің сізге деген сезімі барын қалай білуге болады
Көрнекі фото: Pexels

Егер сіз таныс жігіттің сізге деген сезімінің бар-жоғын біле алмай жүрсеңіз, онда оны тексеруге болады. Ол үшін сізге бұрынғыдай түймедақ жапырақтарын жұлып "сүйеді, сүймейді" деп болжаудың қажеті жоқ. Сізге бар болғаны оның кейбір іс-әрекеттеріне мән беру керек. Бүгінгі мақаламызды жаныңыздағы жігіттің сізге деген сезімін қалай білуге болады деген тақырыпқа арнамақпыз.

Ол үшін келесіге мән беріп көріңіз:

Сіз оған ұнайтыңызды оның назары арқылы біле аласыз

1. Ең негізгі фактор – сізді ұнататын жігіт сізден алыс болмайды, керісінше сізді бұрынғыдан да жақсы тануға, үнемі сөйлесіп тұруға, кей жағдайда тіпті қолыңыздан алып, өз сезімін білдіргісі келіп тұрады.

2. Сіз одан алыста тұрсаңыз да, оның көзі үнемі сізде екенін, кейде екеулеріңіздің көзқарасыңыз түйісіп қалатын сәттер болып тұрады. Мұндай жағдайлар жиі қайталанса, қасыңыздағы жігіттің сізге деген сезімі бар деп ойлай беріңіз.

Жігіттің сізге деген сезімі бар ма: Айна жестикуляциясы

Егер жігітпен сөйлескен кезде, оның сіздің қылықтарыңызды қайталауға тырысатынын байқасаңыз, демек оның сізге көңілі бар деп есептеңіз.

Әдетте мұндай айна жестикуляциясын жігіттер қыздарға сәл де болса жақындау үшін жасайды.

Жігітке ұнайтыныңызды қалай білеміз: Визуалды байланыс

Егер жігіттің сізге деген сезімі қандай екенін біле алмай жүрсеңіз, онда оның көзіне тік қараңыз.

1. Егер жігіт ұялып, көзін төмен түсіретін болса, демек оның сізде ойы бар деген сөз.

2. Сіздің оның көзіне қарағаныңызға ол да жауап беріп, ол да көзіңізге ұзақ қараса, демек оның сізге сезімі бар деп ойлаңыз.

2. Ал егер ер азамат сіздің көзіңізге қарап, көзін ешқайда бұрмаса, онда жігіттің сізге деген сезімі жоқ деп ойлай беріңіз.

Сізбен сөйлесу мәнері

Егер жігіт сізбен сөйлескенде сасқалақтап, ойын дұрыс жеткізе алмай тұрса, онда оның сізде ойы бар дей беріңіз. Кейде ер адамдар сіздің көзіңізше өзін мақтап, әңгіме барысында тек өзі жайлы айтуы мүмкін. Оған бола ренжімеңіз. Себебі ер азаматтар осы арқылы сіздің көзіңізше "супер батыр" болғысы келіп тұрады.

Жігіттің сізге деген сезімін анықтаудың тағы бір тәсілі

Егер абайсызда саусақтарыңыз сол жігітке тиіп кетіп, ол қолын сізден бірден алуға тырысса, онда оның сізге деген сезімі бар деп ойлаңыз.

Сонымен бірге егер жігіт сізді әрдайым құшақтап, қолыңыздан ұстағысы келіп тұрса, онда жігіт сізді ұнатады деп топшылауға болады.

Жігіттің сізге деген сезімі барын қалай білуге болады
Көрнекі фото: Pexels

Жігіттің өзге қыздармен ара-қатынасы

Жаныңыздағы жігіттің басқа қыздармен ара-қатынасы қандай екеніне көз жеткізіңіз. Егер басқа да қыздармен дәл сізге қарағандай қарап, олармен әңгімелескенде өзін тура солай ұстаса, онда ол – жігіттің өз болмысы сондай деп қабылдаңыз.

Егер керісінше басқа қыздарға көп мән бермей, бар ойы сізде болса, онда ол сізді ұнатады деген сөз.

Басқа ер адамдар сізге назар аударғанда ол өзін қалай ұстайды?

Егер қасыңыздағы жігіт сізге басқа ер азаматтардың назар аудара бастағанын байқаса, ол сізді қызғана бастайды. Әрине мұндай қылық жігіттердің бәріне бірдей жараса қоймас, десе де дәл осы әрекеті арқылы оның сізге деген сезімінің бар-жоғын біле аласыз.

Осы кеңестерге құлақ түре отырып, оның сезімін білсеңіз болады. Кім біледі, бәлкім бұл жігіт сіздің өмірлік жарыңыз болатын шығар?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1967084-zigittin-sizge-degen-sezimi-baryn-qalai-biluge-bolady/