Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сізге ғашық ер адам жанжалдан кейін өзін қалай ұстайды және оның әрекеттері нені аңдатады

Жарияланған күні:

Сізге ғашық ер адам жанжалдан кейін өзін қалай ұстайды және оның әрекеттері нені аңдатады
Жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ер мен әйел арасындағы қарым-қатынаста келіспеушіліктердің де болатыны белгілі. Серігіңіздің ұрыс-керістен кейінгі әрекетінен, оның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшелігінен нені аңғаруға болады? Бұл сұраққа Zencare басылымының кикілжіңді шешу тәсілдері сараптамасы және психолог Карена Янга жауап іздеп көрді.

Ұрыс-керістен кейін ер адам өзін қалай ұстайды? Көптеген ер адам келіспеушіліктерден соң он стратегияның біріне жүгінеді: дауға себеп болған фактіні елемейді, өз позициясын қорғайды, бәрін жуып шаюға тырысады, жыныстық қатынаспен немесе сыйлықтармен, тосынсыйлармен көңіл аулайды, қолдау көрсететін командасын көмекке шақырады, татуласу хаттарын, әзілдер жазады немесе байланыс орнатудан бас тартады.

Ұрыстың себебін елемейді

Ер адам ұрыстан кейін неліктен байланыс орнатуға бара қоймайды? Өз сезімін білдіре алмайтын, мәселені шешуге дайын емес әрі еркектік мінезі басым көрінетін ер адамдар осылай жасайды. Ұрыстың шығу себебін елемеу дауылдың басылғанын күте тұруға мүмкіндік береді және ер адам бар мәселе өздігінен шешіледі деп үміттенеді. Мұндай реакциядан жұп арасында дау басыла қоймайтыны анық, сонымен қатар шешілмеген ортақ мәселелердің жиналып қалуы да ғажап емес. Нәтижесінде арақатынас нашарлап, ажырасу мен психологиялық жарақаттар пайда болуы мүмкін.

Өзінің дұрыстығын дәлелдейді

Жанжалға екі адамның да қатысы бар, сондықтан бар жауапкершілікті әйелдің мойнына артып қою жақсы әдіс емес. Үнемі дұрыс екенін дәлелдегісі келетін ер адам - өктемшіл ата-ананың баласы. Ол өмірде жолы болғыш адам болуы мүмкін, бірақ жақсы қарым-қатынас орнатуды білмейді, себебі тым өзімшіл, өзін-өзі қатты жақсы көреді. Дау-дамайда жеңіске жетуге тырысатын мұндай ер адам арақатынаста ештеңе өзгертудің қажеті жоқ екенін көрсетуге ұмтылады.

Ұрыс керіс
Жұп арасындағы келіспеушілік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қалай болғанда да татулықты сақтап қалады

Эмоционалды шиеленістің шыңына жеткенде немесе одан кейін үзіліс жасау көбінесе дұрыс тәсіл болып саналады, деп жазады Zencare басылымы. Нәтиже шығатын ұрыстар арақатынасты нығайтады. Уақытты кейінге шегермей-ақ, сол демде диалог арқылы келісімге келу ер адамның эмоционалдық тәуелділігін көрсетеді. Ол сүйіктісін жоғалтып алудан қорқады, сол себептен де дауды шешуде жұбымен тең құқылы екеніне баса назар аударудың орнына, онымен келісе салуды дұрыс санайды.

Жыныстық қатынас арқылы татуласады

Ер адамды ұрыстан соң бірінші боп қадам жасауға не итермелейді? Оған жыныстық қатынас туралы ұсыныс білдіруге болады. Кейбір ер адам татуласу үшін сексуалдық қатынасты іске қосады. Cosmopolitan басылымы жұп арасындағы жанжал гормондарды оятып, құштарлықты арттыратынын жазады. Бірақ бұл әдіс бәріне бірдей оң әсерін бермейді, себебі ашу үстінде тұрған әйелдердің дені мәселе шешілмейінше, өкпе-назы басылмайынша, ләззат ала алмайды.

Сыйлық сыйлайды

Кикілжіңді тоқтату үшін курьер арқылы бір шоқ гүл жіберу тәкаппар ер адамға тән әрекет болып саналады. Ондай азаматтар әйелдің сөзін тыңдауды қажет деп есептемейді, керісінше оның разылығын сыйлықтар арқылы аламын деген ойда болады. Мұндай серіктеспен арақатынас көпке созылмайды, өйткені ол әйелдің бірегейлігін мойындамайды және сүйіктісінің жеке талап-тілектеріне құлақ аспайды.

Тосынсый жасайды

Тосынсыйды бәрі жақсы көреді. Алайда әуе шарында ұшу, терезе алдындағы серенада немесе есік алдындағы "Кешір мені, махаббатым!" деп жазылған билборд мәселені түбірімен шешпейді. Бұл ер адамның эмоционалдық тұрғыда манипулятор екенін білдіреді. Мұндай адамдар өзінікі дұрыс екеніне келіспеген ғашығының көңілін жарқын оқиғалар мен эмоцияларға бұру арқылы мәселені шешуден қашады. Ол көпшілік алдында өзін шығармашылыққа жақын, өнертапқыш адамның кейпінде көрсетеді.

Ұрыс керіс
Тосынсый. Көрнекі сурет: pixabay.com

Басқа адамдардан қолдау іздейді

Сүйіктісімен басқа адамдар арқылы татуласуды көздейтін ер адам эмоционалдық тұрғыда жетілмеген болып саналады. Бітімгер ретінде ол:

  • Анасын, әпкесін немесе жақын құрбысын;
  • Сүйіктісінің анасын немесе құрбыларын;
  • Басқа да адамдарды тартады.

Ондай адам өзгелердің пікіріне тәуелді әрі сатқындық жасауға бейім келеді. Сондықтан алдағы уақытта да арақатынастағы мәселелерді шешуде Карпман үшбұрышы секілді өзі үшін маңызды адамдарды тартып отыратын болады.

Хат жазу арқылы татуласады

Ұрыстан соң ер адамның үнсіз қалуы нені білдіреді? Ер адамның үндемеуі оның айырылысудан қатты қорқатынын, не болмаса ойын жинақтап жатқанының белгісі. Әдетте бұл типтегі ер адамдар пікірін ұзақ жазылған хатпен көрсетеді.

Хабарлама немесе хат жазуды құптайтын адам тікелей әңгімелесуге дайын емес, себебі әйелдің реакциясынан қорқады әрі өзіне тым сенімсіз екенін көрсетеді. Оның басты қорқынышы:

  • ғашым менен теріс айналады;
  • ойымды дұрыс жеткізе алмаймын;
  • ойымды нақ жеткізетін сөздер таба алмаймын.

Тіпті сүйіктісіне қатты бауыр басқанның өзінде мұндай ер адамдар көбіне әйелдің шешім қабылдауына жол береді және жұбының жетектеуімен жүретіндердің қатарына жатады.

Ұрыс керіс
Хат жазу. көрнекі сурет: pixabay.com

Ұрыс-керістен қатты қиналады, қарым-қатынасты ұзақ уақыт реттейді

Жұбын шын сүйетін ер адам ұрыстың астарын тереңінен сезіне алады. Ол дау шығармайды, керісінше мәселенің шешімін іздейді және бұған бір сағат қана уақыт жұмсамайды. Психолог және Hey Sigmund ресурсының авторы Каренг Янг шиеленістен қорықпау керектігін, оны арақатынасты нығайту үшін қолдану қажет екенін айтады. Әдетте мұндай ер адам байсалды, жауапты тұлға ретінде сипатталады. Ол парасатты, әділ және жағдайдың мәніне үңілуге тырысады. Мұндай адаммен қарым-қатынас орнатуға, отбасын құруға болады.

Жағдайды реттеу үшін қалжыңдасады

Тіпті ең күрделі жанжалдың өзінде ер адам әзілдесуге тырысатын болса, ол қарым-қатынасты бағалайды деген сөз. Ол жағдайға көнуге дайын, жақсы көретін әйелді ренжітпеу үшін шиеленістерден аулақ болуға тырысады. Көп жағдайда оның қасында болу жеңіл және қауіпсіз. Бір ғана алаңдатарлық жайт бар: оның жанжалдың мәніне қаншалықты терең үңіліп, маңыздылығын түсінгенін нақтылаңыз. Егер ол екеуіңіздің де ашуыңыз басылған сәтте сөйлесуді қаласа, оныкі дұрыс. Ал ұрыстың шығуының себебін жөнді бағаламаса, тағы да түсіндіріп көруге тырысу керек.

Қарым-қатынастағы ұрыс-керістен қорықпау керек, өйткені ол адамдардың бір-біріне жақын болуына көмектеседі. Сүйікті адамыңызбен араңызда кикілжің болған жағдайда алдымен ер адамның әсері қандай екенін бақылаңыз, қандай түрге жататынын бағалаңыз және екеуіңізге де ыңғайлы болу үшін бірге әрекет етуге тырысыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2001201-sizge-gasyq-er-adam-zanzaldan-keiin-ozin-qalai-ustaidy-zane-onyn-areketteri-neni-andatady/