Психиатр кез келген қарым-қатынасты берік етудің қарапайым әдісін атады
Жарияланған күні:
Психиатр Роберт Уолдингер кез келген қарым-қатынасты берік етудің қарапайым әдісін атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ Insider басылымына сілетеме жасап.
Уолдингер өмірдегі ең маңызды сұрақтардың бірін зерттеуге ұзақ уақытын жұмсаған ғалым. Ол адамдарды шын мәнінде не бақытты етеді деген сауалға жауап іздейді.
Уолдингер пен оның әріптестері ондаған жыл бойғы деректерді жинау мен талдаудан кейін анық және қарапайым ғылыми қорытындыға келген.
Ол тұжырым - кез келген түрдегі берік қарым-қатынастар адамның өмірін ұзартады. Ал адамдармен қарым-қатынасты жақсартудың өте қарапайым әдісі өзіңіз сөйлескіңіз келген жанға SMS-хат жолдау.
Ғалым кейде өзінің дәрістерінде аудиториядағылардың барлығын телефондарын алып, көргісі келетін және сөйлескісі келетін адамдарға хабарлама жіберуге шақыратынын айтады.
"Кейде мен мұндай хабарламаны қалай бастау керектігі туралы кеңестер беремін. Мысалы, "Қал-жағдайыңды білейін деп едім, сен туралы ойлап отырмын", "Жай ғана сәлемдесіп, хабарыңды білейін деп едім", "Мүмкін кездесіп, кофе ішеміз?" деп жазса жеткілікті", - дейді Роберт Уолдингер.
Психиатр адамдардың дені SMS-ке бірден жауап беріп, кездесуге қуана келісетінін айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2005155-psixiatr-kez-kelgen-qarym-qatynasty-berik-etudin-qarapaiym-adisin-atady/