Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең дәмді пицца: айран қосылған жұмсақ қамырдың дайындалу әдісін білесіз бе

Жарияланған күні:

Пицца және қызанақтар
Ыдысқа салынған пицца және қызанақтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Пиццериядағыдан да асып түсетін ең дәмді пицца дайындағыңыз келе ме? Ендеше ашытқымен айран қосып иленетін қамырдың жасалу әдісін үйреніп алыңыз. Салмасына өзіңізге ұнайтын қоспаларды салуға болады.

Италияның символына айналған пиццаның ұзақ әрі қызықты тарихы бар. Шамамен 7 мың жыл бұрын адамдар саздан жасалған пештерге жалпақ пішінді нан пісірген. Сол кездегі нан тілімдері бүгінгі пиццаның үлгісіне айналды. "Пицца" тағамы туралы жазбалар біздің эрамыздың 997 жылы Италияның оңтүстігіндегі Гаэта порт қалашығында жазылған. Пиццаның негізгі отаны - Неаполь, XVII ғасырда бұл қалада нанның бетіне хош иісті томат соусы және басқа да қоспалар салынатын жаңа тағамның құрамы ойлап шығарылды.

Сипаттамасы

Асхана: Итальян асханасы

Санаты: Бас тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісетін уақыты: 30 минут

Мөлшерлік калориясы: 194 ккал

Ингредиенттер

  • Тауық жұмыртқасы - 2 түйір.
  • Қант - 1 ас қасық.
  • Тәтті бұрыш - 1 түйір.
  • Жоғары сортты бидай ұны - 450 г.
  • Сүт - 50 мл.
  • Күнбағыс майы - 50 мл.
  • Айран 3,2 % - 200 мл.
  • Ашытқы - 20 г.
  • Томат соусы - дәміне қарай.
  • Моцарелла - 100 г.
  • Жартылай ысталған шұжық - 150 г.
  • Қатты ірімшік - 150 г.

Дайындалуы

1. Қамыр ашытқысын дайындаңыз

Ашытқыны сүтпен араластыру
Жылы сүтпен араластырылған ашытқы. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с ЛЮБОВЬЮ

Сүтті 35-40 °C-қа дейін жылытыңыз. Оған 1 ас қасық қант қосып, жақсылап араластырыңыз. Ашытқыны езіңіз (оның орнына 7 г құрғақ ашытқы қосуға да болады). Ингредиенттерді араластырып болған соң 15 минут жылы жерге қойыңыз. Қамыр көлемі ұлғаюы керек.

2. Айран мен жұмыртқа қосыңыз

Айран мен жұмыртқа қосу
Ашытқыға айран мен жұмыртқа қосылады. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с ЛЮБОВЬЮ

Қамырға 1 түйір жұмыртқа, тұз және жылы айран қосыңыз. Оның температурасы 40 °C-тан аспауы керек. Барлық қоспаны қамыр біркелкі болғанша араластырыңыз.

3. Ұн қосыңыз

Ұн салынады
Ұн қосып илеу сәті. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с ЛЮБОВЬЮ

Ұнды түйіршіктерден және артық қоспалардан тазартып әрі оттегімен байыту үшін алдымен оны жұқа елеуіштен өткізіп алыңыз. 400 г ұнды біртіндеп араластырыңыз. Ауысып қалған ұнды қамырға себуге алып қалыңыз. Күнбағыс майын қосыңыз. Қамырдың жұмсақ және созылмалы болғаны дұрыс, ұстаған кезде қолға сәл жабысуы керек.

4. Қамырдың көтерілгенін күтіңіз

Біркелкі қамыр
Біркелкі боп иленген қамыр. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с ЛЮБОВЬЮ

Таза ыдысты өсімдік майымен майлаңыз. Оған иленген қамырды салыңыз. Оны орамалмен жауып, 1 сағат жылы жерге қойыңыз. Қамыр жақсы көтерілу үшін бөлме температурасының салқын болмағаны және өтпе жел соқпағаны дұрыс.

5. Пиццаға қосатын өнімдерді тураңыз

Туралған өнімдер
Текшелеп туралған өнімдер. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с ЛЮБОВЬЮ

Тәтті бұрышты сумен шайып алып, жақсылап құрғатыңыз. Сабағы мен өзегін, дәндерін алып тастаңыз. Ірімшік, шұжық және бұрыштың екі түрін кішкене текше етіп тураңыз.

6. Қамырдың пішінін дайындаңыз

Дөңгелек қамыр
Дөңгелек пішіндегі қамыр. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с ЛЮБОВЬЮ

Қамыр жаятын үстел бетіне 50 г ұн себіңіз. Қамырдың иінін қандырып илеңіз. Екі үлкен пицца шықсын десеңіз, оны 2 бөлікке бөлуге немесе бірнеше күлше шығарып, кішкентай пішіндегі 10 пицца пісіруге болады. Дайын қамырдың бетін майлықпен жауып, 15 минут жылы жерге қойыңыз.

7. Салмасын салыңыз

Пицца салмасы
Салмасы салынған қамыр. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с ЛЮБОВЬЮ

Дайын өнімдерді пергамент қағазы төселген табаға салыңыз. Күлшенің ортасын енділеу етіп, ернеуін шығарыңыз. Пиццаның шетіне әбден араластырылған жұмыртқаны щеткамен жағып шығыңыз. Ал ортасына дәміне қарай томат соусын жақсаңыз болады. Қосатын өнімдерді қамыр көлеміне қарай бөліп салыңыз.

8. Пиццаны пісіріңіз

Пештегі пиццалар
Пеште пісіріліп жатқан пицца. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с ЛЮБОВЬЮ

Пешті 180°C-қа дейін қыздырыңыз. Табаны пештің ортасына қойыңыз. Пиццаны астыңғы және үстіңгі бөлігін қыздыру режимі арқылы шамамен 25 минут пісіріңіз.

Пицца рецептінің видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2020111-en-damdi-picca-airan-qosylgan-zumsaq-qamyrdyn-daiyndalu-adisin-bilesiz-be/