Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыртқа қосылмай дайындалған крем: кез келген тортты әдемі етіп шығаратын рецепт

Жарияланған күні:

Таңқурай қосылған кекс
Таңқурай қосылған тәтті нан. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қайнатылған крем - торт пен тәтті нандардың дәмін ерекше ететін керемет қоспа. Крем дайындаудың классикалық үлгілерінде жұмыртқа қолданылады, бірақ одан басқа өнімдермен де тәтті крем жасауға болады. Осы жазбада сүтті қайнатып, жұмсақ крем шығарудың оңай әдісін ұсынамыз.

Кремнің пайда болу тарихы ежелгі римдіктер дайындаған тәтті тағаммен байланысты. Олар тауық жұмыртқасымен араластырған ингредиенттерді қыздыру арқылы дәмді крем алуға болатынын бірінші болып ойлап тапты. Деректер бойынша торт кремі Тосканада шығарылған. Итальян аспазы әзірлеген рецепт кейінірек Людовик XIV сарайында дайындалды. Торт кремінің заманауи үлгісін ХІХ ғасырда британ химигі Альфред Берд жасады.

Сипаттамасы

Асханасы: Еуропалық

Санаты: Десерт

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісіру уақыты: 20 минут

Мөлшерлік калориясы: 241 ккал

Ингредиенттер

  • Қант - 100 г.
  • Сүт - 500 мл.
  • Лимон - 1 дана.
  • Жүгері крахмалы - 50 г.
  • Ваниль сығындысы - дәміне қарай.

Дайындалуы

1. Құрғақ ингредиенттерді араластырыңыз

Қант пен жүгері крахмалы
Қантпен бірге араластырылған жүгері крахмалы. Көрнекі сурет: YouTube/ Lena Li Вкусная Италия

Крем жылы күйде дайындалатындықтан ингредиенттерді араластыру үшін түбі қалың қазан немесе кастрюль қолданған абзал. Оған қант пен жүгері крахмалын салыңыз. Дәстүрлі рецепт бойынша кремді қоюлату үшін тауық жұмыртқасы қолданылады. Ал біз ұсынған рецепте крахмал жұмыртқаның орнын толтырады әрі қоюландырады.

2. Қоспаны хош иісті етіңіз

Лимон қабығы мен ваниль сығындысы
Лимон қабығының үгіндісі мен ваниль сығындысы. Көрнекі сурет: YouTube/ Lena Li Вкусная Италия

Лимонды сумен шайып, құрғатқан соң қабығының үгіндісін алыңыз. Жемістерді араластырған кезде оның ішкі бөлігін қозғамай, тек жоғарғы қабатын кесіңіз. Бұл қоспаға қышқыл дәмнің араласып кетуінен сақтайды. Құрғақ ингредиенттерге лимон қабығының үгіндісі мен ваниль сығындысын қосып араластырыңыз. Әдемі дәм беру үшін апельсин қабығын қолдануға да болады.

3. Сүт құйыңыз

Ыдыстағы сүт
Ыдысқа құйылған сүт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кремнің ішінде түйіршіктер болмасын десеңіз, оған аздап жылытылған сүт қосыңыз. Сүтті 30-35 ° C температурасына дейін қыздырыңыз. Құрғақ ингредиенттерге сүтті құйып, былғауышпен араластырыңыз.

4. Крем қайнатыңыз

Крем қайнату сәті
Кремді қоюланғанша қайнату сәті. Көрнекі сурет: YouTube/ Lena Li Вкусная Италия

Қоспалар дайын болған соң қазанды орташа жанған отқа қойыңыз. Үзбей араластыру арқылы кремді қайнатып алыңыз. Сол кезде кремнің түрі консистенциясы қою қаймақ сияқты болу керек. Ингредиенттерді тоқтаусыз араластыру кремді күйіп қетуден және түйіршіктердің пайда болуынан сақтайды. Кремге қажет қоюлық пайда болған кезде ыдысты оттан алсаңыз болады.

5. Кремді суытыңыз

Суытылған крем
Кремді суыту сәті. Көрнекі сурет: YouTube/ Lena Li Вкусная Италия

Крем қатпарланып кетпеу үшін оны жақсылап суыту керек. Қоюланған кремді қазаннан шұңғыл ыдысқа құйыңыз, кілегейдің бетін тиіп тұратындай етіп пленкамен жабыңыз. Бұл суыту кезінде қабықша пайда болмауы үшін қажет. Массаны бөлме температурасына дейін салқындатыңыз, содан кейін оны тоңазыту және қалыпты пішінге келтіру үшін бірнеше сағат бойы тоңазытқышқа қойыңыз.

6. Кремді шайқаңыз

Миксермен араластырған крем
Миксермен араластырылған қою крем. Көрнекі сурет: YouTube/ Lena Li Вкусная Италия

Тоңазытқышта салқындатылған кремнің бетіндегі пленканы алып тастаңыз. Масса өте тығыз болуы керек. Дайын кремді жұмсақ консистенция алынғанша араластырғышпен (миксер) шайқаңыз. Мұндай креммен тортқа қаттама жасауға және жеміс-жидектермен бірге өзінше бөлек десерт ретінде ұсынуға болады.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2022381-zumyrtqa-qosylmai-daiyndalgan-krem-kez-kelgen-tortty-ademi-etip-sygaratyn-recept/