Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заманауи мұсылмандық сән: Алматыда халықаралық деңгейдегі қарапайым сән көрсетілімі қалай өтті

Жарияланған күні:

cән көрсетілімі
Сән көрсетілімі. Фото: Kiswah fashion shows

Қазақстанда халықаралық деңгейде қарапайым сән (modest fashion) көрсетілімі өтті. Оған қазақстандық және шетелдік дизайнерлер, стилистер мен модельдер қатысты. Kiswah Fashion Shows деп аталған сән көрсетіліміне келушілер түрлі дизайнерлердің заманауи мұсылмандық сән туралы көзқарасымен танысты. KAZ.NUR.KZ солардың бірқатарын оқырмандар назарына ұсынады.

Қазақстандық және шетелдік дизайнерлердің топтамаларының modest fashion көрсетілімі 17 маусымда Алматыдағы Swissotel Alatau қонақүйінде өтті.

Орталық Азия елдерінде қарапайым сәнге қызығушылық танытатындарға арналған халықаралық платформа құру мақсатында ұйымдастырылған бірегей іс-шара ауыз толтырып айтарлықтай ерекше болды.

Мәселен, апалы-сіңлілі Арапхановалар "Жан жапырағы" атты жаңа топтаманың тұсауын кесті.

сән топтамасы
Арапхановалар ұсынған топтама. Фото: Kiswah fashion shows

Онда желбіреп тұратын жеңіл маталардан тігілген силуэтті көйлектер, костюмдер мен шарфтар ел назарына ұсынылды.

HAMU топтамасы бір-біріне қарама-қайшы болып көрінетін екі ұғымның – дәстүр мен қазіргі заманның, өткен мен болашақтың түйіскен жерінде дүниеге келген.

Hamu
HAMU топтамасы. Фото: Kiswah fashion shows

Дизайнер дәстүрлі элементтерді батыл өрнектермен үйлестіруге тырысқан.

Kiswah Fashion Shows подиумында ұсынылған Диора Усманова мен Мадина Қасымбаеваның ынтымақтастығы авторлық өзбек кутюрьесінің сәнді көрінісі.

Диора Усманова мен Мадина Қасымбаева
Диора Усманова мен Мадина Қасымбаева. Фото: Kiswah fashion shows

Коллекциядан ұлттық нақыштар мен сән үрдістерін түсінуге болады және әрбір бұйым қолмен кестеленген, оны жасау тәсілі адамды таң қалдырмай қоймайды.

INCLOVER стиль мен жайлылықты іздейтін заманауи әйелге сәйкес келетін топтама дайындады.

Inclover
Inclover. Фото: Kiswah fashion shows

Бұл оның сәнге деген сұранысын қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен қатар оның мінезі мен рухани құндылықтарын көрсетеді, өйткені бүгінде әйел тек жар немесе ана ғана емес, ол білім, қайырымдылық, саясат және т.б. салаларда маңызға ие күш.

Kiswah fashion shows ұйымдастырушылар мен қатысушылары
Сән көрсетілімінің қатысушылары мен ұйымдастырушылары. Фото: Kiswah fashion shows

Қонақтар шоу тамашалаумен қатар, дизайнерлермен, сәнгерлермен тілдесуге, сондай-ақ modest fashion әлеміндегі соңғы трендтерді талқылауға мүмкіндік алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2025364-zamanaui-musylmandyq-san-almatyda-xalyqaralyq-dengeidegi-qarapaiym-san-korsetilimi-qalai-otti-foto/