Қаймақ қосылған сүзбелі құймақ: Адельден дәмді рецепт
Жарияланған күні:
Жұмсақ сүзбелі құймақ – өте пайдалы әрі құнарлы десерт түрі. Оны дайындау көп уақыт алмайды әрі кулинарлық тәжірибені қажет етпейді. Қаймақты соустағы хош иісті сырниктерді дайындау жолын сіздерге Адель бөлісетін болады.
Сүзбелі құймақ – славян асханасының классикалық бірі. Оны XVI ғасырдан бастап балғын ірімшіктен дайындап, сырники деп атап кеткен. Классикалық рецепт бойынша құрғақ әрі үгітілмелі ірімшікті үккіштен өткізіп дайындаған. Ірімшік неғұрлым құрғақ болса, соғұрлым ұн аз қосылған деген сөз. Қамырға өрік, мейіз, жемістер, шоколад, тым тәтті болмау үшін жасыл шөптер қосқан.
Сипаттатамасы:
Асхана: Славян
Санаты: Десерт
Дайындау уақыты: 5 минут
Дайындалу уақыты: 20 минут
Бір порцияның калориясы: 180 ккал
Құрамы:
Жұмыртқа - 3 дана
Ірімшік – 600 гр
Қаймақ 30 % - 300 гр
Қант – 5 ас қасық
Бидай ұны – 3 ас қасық
Өсімдік майы – 1 ас қасық
Дайындалуы
1. Жұмыртқамен қантты араластырыңыз
Терең ыдысқа 2 жұмыртқа саламыз. Венчикпен жұмыртқаны араластырамыз. 3 ас қасық қант қосып, ол ерігенше жақсылап араластырамыз.
2. Ірімшік қосыңыз
Жұмыртқа мен қантқа ірімшік саламыз. Ірімшіктің майлылығы 5%-дан кем болмауы керек. Массаны біркелкі болғанша араластырамыз.
3. Ұн қосыңыз
Массамызды қоюландыру үшін ұн қосамыз. Оны електен өткізіп, ірімшікті массаға қосамыз. Қамырымыз жұмсақ, нәзік болуы керек.
4. Сырники пішініне келтіреміз
Тақтайдың бетіне ұн себеміз. Ас қасықпен қамырды салып, стақанның көмегімен дөңгелек формаға келтіреміз. Сырниктың жан-жағы тегіс болуына көңіл бөліңіз.
5. Сырникты қуырып алыңыз
Табаға өсімдік майын құйып, қыздырып алу керек. Қамыр тым жұмсақ болғандықтан оны алдын- ала тоңазытқышта қатырып алуға болады немесе бірден қуыруға да болады. Табаға сырникты салып, екі жағы қызарғанша қуырып алу қажет.
6. Соус дайындау
Ыдысқа бір жұмыртқаны салып, оған 2 ас қасық қант саламыз. Дәміне қарай ваниль немесе корица қосуға болады. Үстінен қаймақ қосып, біркелкі массаға келгенше араластырамыз.
7. Сырникты пісіріп алу
Күйдірмейтін арнайы табаға қуырылған сырниктарды салыңыз. Үстінен дайындаған соусты құямыз. Барлығын 180 градусқа дейін қызыдырылған пешке салып, 15 минуттай пісіреміз. Дайын сырникты тарелкаға салып, дастарханға ұсынсаңыз болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2034756-qaimaq-qosylgan-suzbeli-quimaq-adelden-damdi-recept/