Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыртқа паштеті: Адельден ең дәмді рецепт

Жарияланған күні:

Паштет жағылған нан
Жұмыртқа паштеті жағылған нан. Көрнекі сурет: YouTube / Готовим с Адель

Паштет - жылдам әрі оңай дайындалатын тіскебасар түрі. Мұндай дәмді тағамды тостер нанына жағып, үстіне көкөністер мен шөптер қосып ұсынуға болады. Осы рецепт арқылы жұмыртқа паштетін жасау өте оңай екеніне көз жеткізесіз.

Адельдің YouTube арнасында жылдам пісіруге болатын тағам рецептері тұрақты түрде жаңартылып отырады. Дәмді тағам пісіру өте оңай әрі оған қосатын өнімдер де қолжетімді. Күнделікті дастарқанға және мерекелерге арналған дәмді идеяларды көру үшін арнаға жазылыңыз.

Паштеттер француз асханасы арқылы әлемдік аспаз өнерінде белгілі болды. Мұндай тағам негізінен ет пен бауырдан дайындалған. Бірақ содан кейін тағамдар кәдімгі заманауи паста консистенциясына ұқсамады: француздар салмасы көрінетіндей етіп сыртқы қыртысы бөлінген арнайы жабық бәліш дайындады. Тіпті тағамды қалай жеу керегін білдіретін сөз де болды - "casser la croûte" ("қабықшасын сындыру"). Аспаздық саласы дамыған сайын көкөністерден, ноқаттан, жасымықтан және жұмыртқадан жасалған паштеттер кеңінен таралды. Жұмыртқа паштетінің ең белгілі түрі пияз бен грек жаңғағын қосып дайындалған венгр чардашы болып саналады.

Сипаттамасы

Асханасы: Еуропалық

Санаты: Тіскебасар

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісетін уақыты: 20 минут

Мөлшерлік калориясы: 194 ккал.

Ингредиенттер

Тауық жұмыртқасы - 5 тал

Ақ нан - дәміне қарай

Аскөк - дәміне қарай

Сүйегі алынған жасыл зәйтүн - 50 г

Майонез - 3 ас қасық

Тұз - дәміне қарай

Ас содасы - 1 ас қасық

Ұнтатылған қара бұрыш - дәміне қарай

Қақталған қызанақ - дәміне қарай

Дайындалуы

Жұмыртқаны қайнатыңыз

Жұмыртқаны қайнатыңыз
Қайнатылып жатқан жұмыртқа. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Қайнататын ыдысқа су толтырыңыз. Аздап тұз және ас сода қосыңыз. Ас содасы жұмыртқаның қабығын сынғыш етеді, сол кезде қабығы тез аршылатын болады. Дайын жұмыртқаларды суытып, қабығын аршып алыңыз.

Көк шөптер мен зәйтүнді дайындап алыңыз

Көк шөптерді тураңыз
Зәйтүн және көк шөптерді турау сәті: Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Бір орам аскөкті жуып, кептіріңіз. Көк шөптерді майдалап тураңыз. Зәйтүннің суын төгіп, кішкене кесек тәрізді етіп тураңыз.

Нанды қуырып алыңыз

Нанды қуырыңыз
Табада қуырылған нан. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Нан қуыратын табаны орташа жанған отқа қойыңыз. Оған зәйтүн майын құйыңыз. Нанды ақшыл сарғылт түске айналғанша қуырыңыз.

Жұмыртқаны майдалаңыз

Жұмыртқаны майдалаңыз
Блендерде езілген жұмыртқа. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Піскен жұмыртқаны блендердің ыдысына салыңыз. Дәміне қарай ұнтақталған қара бұрыш пен тұз қосыңыз. Содан соң майонез қосыңыз. Туралған шөптерді қосып, жұмыртқаны блендермен езбе болғанша араластырыңыз.

Ингредиенттерді араластырыңыз

Ингредиенттерді араластырыңыз
Шұңғыл ыдыста араластырылған ингредиенттер. Көрнекі сурет : YouTube/ Готовим с Адель

Жұмыртқа қоспасын араластыруға ыңғайлы ыдысқа салыңыз. Артынша туралған зәйтүн қосыңыз. Паштетті араластырып, оны табада кептірілген нанның үстіне жағыңыз. Дәміне қарай туралған шөптердің қалғанын және кептірілген қызанақ қосыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2036066-zumyrtqa-pasteti-adelden-en-damdi-recept/