Қарабидай ұнынан пісірілген құймақ: Адель ұсынған рецепт
Жарияланған күні:
Таңғы асыңызды қара бидай құймақтарымен дәмді ете түсіңіз. Майлы айран қосып пісірілген құймақ жұмсақ әрі үлпілдек болады, ал сүзбе ірімшік тағамды тойымды етеді. Біз ұсынған рецепт бойынша бірге пісіріңіз.
Адельдің YouTube арнасы өте жеңіл дайындалатын жаңа рецептермен үнемі толықтырылып отырады. Дәмді тағамды қолжетімді өнімдермен де пісіруге болады. Күнделікті және мерекелерге арналған дәмді тағамдар жайлы хабардар болғыңыз келсе, арнаға жазылыңыз.
Құймаққа ұқсас тағам біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда пайда болған делінеді. Тарихшылар ежелгі Египет тұрғындарының қышқыл қамырдан құймақ пісіргенін жазады. Құймақ славяндар арасында ежелгі пұтқа табынушылық дәуірінде пайда болды және славян асханасындағы ұннан дайындалған алғашқы өнімдерінің бірі болып саналады. "Құймақ" тағамының атауы ұн тарту процесімен байланысты ескі славяндық "млин" сөзінен шыққан деп саналады. Құймақ бидай, қарақұмық және қара бидай ұнынан пісіріледі.
Сипаттамасы
Асханасы: славян
Санаты: тіскебасар
Дайындау уақыты: 5 минут
Пісіру уақыты: 20 минут
Мөлшерлік калориясы: 194 ккал
Ингредиенттер
Тауық жұмыртқасы - 3 тал
Аскөк - дәміне қарай
20% қаймақ - 2 ас қасық
Қант - 1 ас қасық
Майлы айран - 375 г
Қарабидай ұны - 1 стақан
Күнбағыс майы - 1 ас қасық
Тұз - 1 шай қасық
Ас содасы - 1 шай қасық
Су - 1 шай қасық
Сүзбе ірімшік - 100 г
Дайындалуы
Жұмыртқаны тұзбен араластырыңыз
Шұңғыл ыдысқа 3 жұмыртқаны жарып салыңыз. Тұз қосыңыз. Ингредиенттер біркелкі массаға айналғанша бұлғауышпен араластырыңыз.
Майлы айран қосыңыз
Құймақ пісіру үшін майлы айранды кешкілік тоңазытқыштан шығарып қойыңыз. Өйткені айран жылы болу керек. 1,5 стақан айранды жұмыртқаның үстіне құйып, бәрін бірге араластырыңыз.
Ас содасын себіңіз
Қамыр қоспасына ас содасын қосып, бұлғауышпен араластырыңыз. Сода қамырдағы ашытылған сүт өнімімен әрекеттесе бастайды және бетінде көпіршіктер пайда болуы керек.
Су және күнбағыс майын құйыңыз
Құймақ жұқа болуы үшін қамырға су қосыңыз. Су бөлме температурасында болуы керек. Ингредиенттерді шайқағышпен араластырып, 1 ас қасық иіссіз өсімдік майын құйыңыз.
Ұн қосыңыз
Құймақ қамырын дайындау үшін кебекті қара бидай ұнын қолданған дұрыс. Ұнға сұйық қоспаны құйып, қамыр илеңіз. Оған қант қосып, түйіршіктері ерігенше араластырыңыз. Қамырдың консистенциясы қою қаймаққа ұқсас болуы керек. Құймақтарыңыз жұмсақ болып піскенін қаласаңыз, аздап ұн қосыңыз. Қамырды 10 минутқа қалдырыңыз.
Құймақтарды пісіріңіз
Құймақ пісіруге арналған табаны қыздырып алыңыз. Алдымен табаны аз мөлшердегі өсімдік майымен майлаңыз. Құймақ қамырын шөмішпен табаның үстіне құйыңыз. Құймақтың екі жағы қызарғанша пісіріңіз.
Құймақтың арасына ірімшік салыңыз
Құймақ ірімшік пен шөптердің дәмімен жақсы үйлеседі. Дәміне қарай аскөк пен көк жуа тураңыз. Туралған шөптерді ірімшікпен бірге араластырыңыз. Құймақтың ортасына салмасын салып, орама тәрізді етіп ораңыз. Содан соң бірнеше бөлікке кесіп, дастарқанға қойсаңыз болады.
Рецепт видеосы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2038133-qarabidai-unynan-pisirilgen-quimaq-adel-usyngan-recept/