Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паджон: Адельден көкөністер қосылған корей құймақтарының рецепті

Жарияланған күні:

Паджон құймақтары
Соус қосылған паджон құймақтары. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Күнделікті түскі асыңызды корей құймақтарымен түрлендіріп көріңіз. Көкөністерден және жеңіл қамыр қосып пісірілген тағам тойымды әрі құнарлы. Ендеше алжапқышыңызды тағыңыз, паджон құймақтарын бірге дайындайық.

Адельдің YouTube арнасы үнемі жаңа рецептермен толықтырылып отырады. Сіз де ас үйіңізде жаңа тағам түрлерін пісіріп көріңіз. Дәмді асты пісіру оңай әрі оған қосатын ингредиенттер де қолжетімді болуы мүмкін. Арнаға жазылып, күнделікті және мерекелік дастарқанға арналған тағамдар туралы хабардар болыңыз.

Хэмул паджон - көк жуа қосып пісірілетін құймақ түрі. Корей асханасында бұл тағам "чон"деп аталады. Құймаққа қосылатын көкөністер әдетте ұзыншалап туралады, ал пісіретін кезде қамырмен араластырылады. Бидай мен күріш ұнының қоспасы паджон құймақтарын өте дәмді әрі қытырлақ етеді. Құймақ құрамында әр түрлі теңіз өнімдері болуы мүмкін: кальмар, асшаян, сегізаяқ. Дайын құймақтар тұздықпен бірге ыстық күйінде дастарқанға ұсынылады.

Сипаттамасы

Асханасы: корей

Санаты: тіскебасар

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісіру уақыты: 30 минут

Мөлшерлік калориясы: 165 ккал

Ингредиенттер

Тауық жұмыртқасы - 1 тал

Сарымсақ - 2 түйір

Қант - 4 г

Чили бұрышы - 2 тал

Тәтті бұрыш - 2 тал

Жоғары сорттық бидай ұны - 2 ас қасық

Сәбіз - 1 тал

Өсімдік майы - 3 ас қасық

Көк жуа - дәміне қарай

Пияз - 1 тал

Күнжіт - дәміне қарай

Тұз - 5 г

Су - 180 мл

Күнжіт майы - 3 мл

Күріш ұны - 100 г

Күріш сіркесуы - 1 шай қасық

Дайындалуы

1. Көкөністерді дайындаңыз

Болгар бұрышын турау
Жұқалап туралған болгар бұрышы. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Көкөністерді тазалаңыз. Болгар бұрышын жарты сақинаға пішінінде жіңішкелеп кесіңіз. Чили бұрышының дәндерін тазалап, жұқа тілімдерге бөліңіз. Пиязды турап, сәбізді корей салатын жасауға арналған үккіштен өткізіңіз. Барлық ингредиентті шұңғыл ыдысқа салып, ірілеу етіп туралған көк жуаны қосыңыз. Көкөністерді араластырыңыз.

2. Жұмыртқа мен сарымсақты араластырыңыз

Жұмыртқа мен сарымсақ
Араластырылған сарымсақ пен жұмыртқа. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Сарымсақты тазалап, пышақпен немесе үккішпен ұсақтап, қамырды илейтін ыдысқа салыңыз. Жұмыртқа, тұз және қант қосып, қамырдың негізін араластырыңыз.

3. Су мен ұн қосыңыз

Ұн қосу
Ұн мен суды араластыру. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Жұмыртқаға бидай ұны мен өсімдік майын қосыңыз. Барлық өнім біркелкі массаға айналғанша араластырыңыз. Содан кейін күріш ұнын қосып, суық су құйыңыз. Қамыр илеп, бірнеше минут қоя тұрыңыз.

4. Көкөністер мен қамырды араластырыңыз

Қамыр мен көкөніс
Көкөністерге қосылған қамыр. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Көкөністер қоспасын тағы бір рет араластырыңыз. Күріш ұнынан жасалған қамырды көкөністер тұрған ыдысқа құйыңыз. Қамыр мен туралған көкөністер бірігу үшін жақсылап араластыру керек.

5. Құймақты қуырыңыз

Шелпек қуыру
Табада қуырылған көкөніс шелпегі. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Өсімдік майын қазанға немесе түбі қалың табаға құйып қыздырыңыз. Қамыр және көкөністерден жасалған құймақты қызып тұрған майға салып, шетін қалақшамен тегістеңіз. Алдымен бір жағы қызарғанша қуырыңыз, содан кейін құймақты аударып, екінші бетін қуырыңыз. Артық майды сіңіру үшін піскен құймақтарды қағаз майлықтың үстіне қойыңыз.

6. Тұздық дайындаңыз

Соус дайындау
Соя, күнжіт және көк шөп қосылған соус. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Соя соусы мен күнжіт майын және күріш сірке суын араластырыңыз. Сірке суының орнына лимон шырынын қолдануға болады. Дәміне қарай күнжіт пен майдалап туралған көк шөптерді қосып, ингредиенттерді араластырыңыз. Корей құймақтарын дайындалған тұздықпен бірге дастарқанға қойыңыз.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2041056-padzon-adelden-kokonister-qosylgan-korei-quimaqtarynyn-recepti/