Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күзгі суықта бойды жылытатын дәмді сорпа: Адельден жеңіл рецепт

Жарияланған күні:

Теңіз дәмдеуіштері қосылған сорпа. Скриншот
Теңіз дәмдеуіштері қосылған сорпа. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

Күз – бойыңызды жылытатын әрі хош иісті рецептілер кезеңі. Көкөністер сорпасында теңіз өнімдерінен тұратын хош иісті сорпаның дайындалу жолын ұсынамын. Балғын көкөністер мен креветки сорпаңызды ерекшелендіріп, ал дәмдеуіштер оған пиканттық дәм сыйлайды.

Ең алғаш теңіз өнімдерінен жасалынған сорпа еуропалық балықшыларға тиесілі. Олар бір күнде сатылмай қалған теңіз өнімдерінен сорпа дайындауға мәжбүр болған. Уақыт өте келе рецептілер күрделене түсті, ал еуропалық асханада теңіздің түрлі өнімдерінен жаңа тағамдар пайда бола бастады. Бұл сорпаның негізі көкөніс сорпасы болып табылады. Оның дәмін кілегейлі ірімшікпен ерекшелендіріп, әр түрлі теңіз өнімдерімен конкильони макаронын пайдалануды ұсынамыз.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: Басты тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Дайындалу уақыты: 30 минут

Бір порцияға калориясы: 60 ккал

Құрамы

Черри қызанағы – 5 дана

Соя тұздығы – 2 ас қасық

Қызанақ – 2 дана

Чили бұрышы – 1 дана

Өсімдік майы – 1 ас қасық

Пияз – 1 дана

Лайм – 1 дана

Креветки – 250 гр

Шампиньон саңырауқұлағы – 100 гр

Конкильони – 3 ас қасық

Су – 1 л

Кинза – дәміне қарай

Кілегейлі ірімшік – 100 гр

Балық тұздығы – 2 ас қасық

Балыққа арналған дәмдеуіштер – дәміне қарай

Дайындалуы

1. Көкөніс сорпасын дайындаңыз

Сорпаны дайындау. Скриншот
Сорпаны дайындау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

Пиязды тазалап, ірілеп турап қазанға саламыз. Оған туралған қызанақты саламыз. Үстінен су құйып, қазанды пешке қоямыз.

2. Теңіз өнімдерін дайындау

Теңіз өнімдерін дайындау. Скриншот
Теңіз өнімдерін дайындау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

Сорпаға ірі креветкалар мен кез-келген теңіз өнімдерін пайдалануға болады. Барлығы 250 гр мөлшердегі теңіз өнімдерін тазалап жуамыз. Креветкидын сыртын тазалап, бастарын алып тастаймыз. Сыртын сорпаға салып жібереміз. Ал егер үйде теңіз өнімдері болмаса, балық бастарын т.с.с пайдалануға болады.

3. Тұздық пен дәмдеуіштер қосу

Дәмдеуіштер қосу. Скриншот
Дәмдеуіштер қосу. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

Қазандағы сорпаға соя және балық тұздығын құямыз. Қалауыңызша оған балыққа арналған дәмдеуіштер қосамыз. Барлығын араластырып, қазанды бір қайнатып алу керек. Кейін пештің отын баяулатып, сорпаны қайнатамыз.

4. Саңырауқұлақты дайындау

Cаңырауқұлақты дайындау. Скриншот
Cаңырауқұлақты дайындау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

Шампиньонды салқын суда жуамыз. Рецепт бойынша оны тазалаудың қажеті жоқ. Ірі кубик түрінде тураймыз. Табаға аздап май құйып, қыздырып, оған саңырауқұлақты қуырып аламыз. Шампиньондар қызара бастағанда оған креветка етін қосып, бірнеше минут бірге қуырамыз.

5. Черри мен балғын шөпті дайындау

Көкөністерді дайындау. Скриншот
Көкөністерді дайындау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель
  1. Черри мен кинзаны жуып аламыз. Черриды екіге бөлеміз, ал кинзаны ұсақтап турау қажет.

6. Сорпаны сүзіп алу

Сорпаны сүзіп алу. Скриншот
Сорпаны сүзіп алу. Скриншот : YouTube/Готовим с Адель

Көкөністер жақсылап қайнаған уақытта, сорпаның түсі қою-қоңыр түске айналғанда пешті өшіреміз. Терең ыдысқа сүзгі қойып, сорпаны көкөністер мен креветки қабықтарынан сүзіп аламыз. Сүзілген сорпаны қазанға құйып, пешке қайта қоямыз.

7. Сорпаға дәмдеуіштер қосу

Сорпаға дәмдеуіштерді қосу. Скриншот
Сорпаға дәмдеуіштерді қосу. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

Сорпаға кілегейлі ірімшікті құйып, бір қайнатып алу керек. Кейін оған конкильоны (ұсақ ракушки) макаронын саламыз. Әрі қарай сорпаға теңіз өнімдерін, креветки мен саңырауқұлақты қосамыз. Чили бұрышын тазалап, ұсақтап тураймыз. Черри қызанақтарымен бірге оныда сорпаға саламыз. Сорпаға жарты лаймның шырынын қосып, балғын шөптермен араластырамыз. Барлығын жақсылап араластырып, пешті өшіреміз. Сорпаны 5 минуттай бұқтырып, кейін дастарханға ұсынуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2041202-kuzgi-suyqta-boidy-zylytatyn-damdi-sorpa-adelden-zenil-recept/