Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүзбе мен сәбізден жасалатын салат: Адельден ең дәмді рецепт

Жарияланған күні:

Сәбіз бен сүзбе қосылған салат
Сәбіз және сүзбе қосып жасалған салат. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Мезгіл ауысатын кезеңде ағзаға дәрумендер қажет. Мұндайда сүзбе қосылған сәбіз салаты өте пайдалы болмақ. Ал салатқа қосылатын өнімдер қолжетімді әрі оңай дайындалады. Күздің суық күндерінде қуат беретін, оған қоса калориясы аз салат рецептін жазып сақтап алыңыз.

Адельдің YouTube арнасы үнемі жаңа рецепттермен толықтырылып отырады. Арнадағы түрлі тағамдарды сіз де ас үйіңізде оп-оңай пісіре аласыз. Дәмді тағам пісіру өте оңай әрі қосатын ингредиенттер қолжетімді болуы мүмкін. Адельдің арнасына жазылып, күнделікті және мереке күндеріне арналған дәмді идеяларды жіберіп алмаңыз.

Сәбіз - пайдалы минералдардың, дәрумендер мен макроэлементтердің көзі. Бұл көкөністің қызық тарихы бар. Алғаш рет қазіргі Ауғанстан топырағында жемісін берген сәбіз 4 мың жылдан астам уақыт бойы барлық жерде өсіріліп келеді. Қазіргі сәбіз Еуропа елдеріне X–XIII ғасырларда жеткізілген. Сәбізде кездесетін каротин ағзаға тек өсімдік немесе жануар майларымен бірге сіңеді. А дәруменінің сіңуін қамтамасыз ету үшін жаңа піскен сәбізге сүзбе қосып, салатты қаймақпен дәмді ете түсіңіз.

Сипаттамасы

Асханасы: еуропалық

Санаты: тіскебасар

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісіру уақыты: 15 минут

Мөлшерлік калориясы: 165 ккал

Ингредиенттер

Сарымсақ - 1 түйір

Майлылығы 20 % қаймақ - 2 ас қасық

Сәбіз - 1 тал

Тұз - татымына қарай

Қара өрік - 70 г.

Дайындалуы

1. Сәбізді үккіштен өткізіңіз

Сәбізді майдалау
Үккіштен өткізілген сәбіз. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Сәбізді жақсылап жуып, қабығын аршыңыз. Үлкендеу үккіштен өткізіңіз. Алдымен сәбіздің кішкене бөлігінің дәмін көрген дұрыс. Көкөніс шырынды және тәтті болуы керек. Үккіштен өткізілген сәбізді салат дайындайтын ыдысқа салыңыз.

2. Сүзбе қосыңыз

Сүзбе қосу сәті
Сүзбе қосылған салат. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Сәбіздің үстіне сүзбе қосыңыз. Сіз дәнді сүзбені де, қоспасыз сүзбені де пайдалана аласыз. Ингредиенттерді араластырыңыз.

3. Қара өрікті дайындап алыңыз

Қара өрікті турау
Текшелеп туралған қара өрік. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Қара өрікті кішкене бөліктерге бөліңіз. Жаңа піскен қара өрік пен кептірілген үй өріктері де жарай береді. Қара өрікті салатқа қоспастан бұрын тозаңын кетіру үшін салқын суға салып қоя тұрыңыз. Содан соң сәбіз мен сүзбе салынған ыдысқа қара өрікті қосыңыз.

4. Дәмдеуіштер мен қаймақ қосыңыз

Қаймақ қосу
Салатқа қосылған дәмдеуіштер. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Тұзды салатқа қосқан ингредиенттердің дәміне қарай салсаңыз болады. Сарымсақты аршып, ұсақ үккіштен өткізіңіз де, басқа ингредиенттерге қосыңыз. Салаттың дәмін келтіру үшін қаймақ салыңыз. Диетаға арналған грек йогуртын қолдануға да болады.

5. Салат дайындауды аяқтаңыз

Қаймақпен араластыру
Қаймақ қосып араластырылған салат. Көрнекі сурет: YouTube/ Готовим с Адель

Қаймақ біркелкі сіңуі үшін салатты араластырыңыз. Дайын салатты дастарқанға қойыңыз. Бұл салатқа жаңғақтар немесе зығыр дәндерін қосуға болады.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2042505-suzbe-men-sabizden-zasalatyn-salat-adelden-en-damdi-recept/