Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тунец қосылған оливье: Адельден ең дәмді салаттың рецепті

Жарияланған күні:

Тунец қосылған оливье. Скриншот
Тунец қосылған оливье. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

"Оливье" салатының авторы салаттың осыншалықты танымалдыққа ие болатынын білді ма екен? Жылдар өте келе көпшіліктің сүйікті салатына айналған бұл салат түрінің алуан түрлі рецептісі бар. Олардың ішінде ең дәмдісі – зәйтүн және тунец қосылғаны.

"Оливье" салатының авторлығы мейрамханашы Люсьен Оливьеге тиесілі. Оның бастапқы құрамына пісірілген шаянның мойын еті мен қуырылған жаңғақтар енген. Оларды ет сорпасы мен провансаль соусымен араластырылған піскен картоп пен тұздалған қияры бар тәрелкеге жайғастырған. Салатқа қосымша ретінде жұмыртқа қосқан, оны тәрелкенің шет жағына орналастырған. Салаттың одан кейінгі тағдырын барлық ингридиенттерді араластырған кездейсоқ клиент шешкен. Десе де дәл осылай күйінде берілген салат, көптің ықыласына бөленіп, кейіннен салатты осындай күйде беретін болған.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: Тіскебасар

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

1 порцияға арналған калориясы: 160 ккал

Құрамы

Жұмыртқа – 2 дана

Жасыл зәйтүн – 100 г

Сәбіз – 100 г

Зәйтүн майы – 1 ас қасық

Лимон – 1 дана

Авокадо - 1 дана

Тұз – дәміне қарай

Консервіленген тунец – 80 г

Нұт – 200 г

Дайындалуы

1. Жұмыртқа мен сәбізді ұсақтап тураңыз

Жұмыртқа мен сәбізді пісіріп алыңыз. Дайын жұмыртқаны ұсақтап, шақпақ күйінде тураймыз. Сәбізді ірі үккіштен өткіземіз. Екеуін ыдысқа саламыз.

2. Зәйтүнді тураңыз

Зәйтүнді турау. Скриншот
Зәйтүнді турау. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

Зәйтүнді тұздалған қияр орнына пайдаланамыз. Консервідегі зәйтүннен сұйықтықтың бәрін шығарамыз. Сосын жіңішке, шеңбер етіп тураймыз. Зәйтүнді жұмыртқа мен сәбізге қосамыз.

3. Салатқа тунецті қосыңыз

Салатқа тунецті қосу. Скриншот
Салатқа тунецті қосу. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

Ол үшін майда немесе өз шырынында консервіленген тунецті пайдаланыңыз. Салатқа қосар алдында оның шырынын толығымын сығып алыңыз. Тунецтің ірі бөліктерін шанышқымен ұсақтап, салатқа қосамыз.

4. Нутты қосыңыз

Нутты қосыңыз. Скриншот
Нутты қосыңыз. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

Салатқа консервіленген нутты пайдаланамын. Оның орнына асбұршақты қосуға да болады. Нуттың бұршақтарын салатқа толық күйде саламын.

5. Cоусты дайындаймыз

Брынзаны кішігірім бөліктерге бөліп, ыдысқа саламыз. Оған жарты лимон шырыны мен зәйтұн майын қосамын. Сонымен бірге оған піскен авокадоны, шым-шым тұзды қосып, блендермен ұсақтап аламыз.

6. Салатты араластырамыз

Салатты араластыру. Скриншот
Салатты араластыру. Скриншот: YouTube/Готовим с Адель

Соусты салатқа қосып, жақсылап араластырамыз. Дайын салатты тәрелкелерге салып, дастарханға қоямыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2047117-tunec-qosylgan-olive-adelden-en-damdi-salattyn-recepti/