Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үнді дастарханының сәні - пунш: қысқы сусынды дайындау тәсілдері

Жарияланған күні:

Дайын пунш сусыны. Көрнекі сурет
Дайын пунш сусыны. Көрнекі сурет: pixabay.com

Хош иісті пунш сусыны осымен 500 жылдай әлемге танымал. Ол туралы тіпті Фридрих Шиллер өз өлеңдерінде жырлаған. Пуншті әзірлеу өте оңай. Бүгінгі материалда әйгілі қысқы сусынды қалай жасайтынын айтып береміз.

Пуншті Үндістанда XVI ғасырда ойлап тапқан. Ол хинди тілінде "Панч" бес деген мағынаны білдіреді. Оның құрамына: шай, лимон шырыны, ром, қант және ыстық су кіреді. XVII ғасырда онымен алғаш болып ағылшындар таныс болады. Кейін атақты сусын бүкіл Еуропаға таралады. Пуншке қажет заттар: лимон шырынының жартысы, екі тәтті қант, үш ішімдік және төрт қара су. Бүгінде бұл ережелерді тек бармендер ұстанады, ал үй жағдайында пуншті әркім түрлі рецепт бойынша дайындайды.

Сипаттамасы:

Асхана: Үнді

Санаты: Сусын

Дайындау уақыты: 2 минут

Дайын болу уақыты: 3 минут

Бір порцияға арналған калория мөлшері: 130 ккал

Құрамы

Қант – 50 г

Лимон – 1 дана

Апельсин - 1 дана

Су – 250 мл

Корица – 1 дана

Қалампыр – 5 дана

Қызыл шарап – 350 мл

Қара шай – 1 шай қасық

Дайындалуы

1. Шайды барлық ингредиентпен бірге қайнатыңыз

Шайды қалампыр, корицамен араластыру. Скриншот
Шайды қалампыр, корицамен араластыру. Скриншот: YouTube/Fast and easy cooking

Шай шығаратын шәйнекке ірі жапырақты қара шайдың 1 ас қасығын салыңыз. Оған 1 таяқша корица мен 5 дана қалампыр қосыңыз. Шәйнекке 250 мл ыстық, қайнаған суды қосыңыз, қақпағын жауып, 15-20 мин тұндырып қойыңыз.

2. Апельсин фрешін дайындаңыз

Орташа мөлшердегі апельсинді екіге бөліп, кесіңіз. Екі жақ бөлігінен де, шырынын шығарып алыңыз. Дайын болған шырынды сүзгі арқылы сүзіп алыңыз.

3. Лимон шырынын дайындаңыз

Лимон шырынын дайындау. Скриншот
Лимон шырынын дайындау. Скриншот: YouTube/Fast and easy cooking

Лимонды қақ ортасынан бөліңіз. Бір бөлігін бөлек қойыңыз, оны кейін пуншті безендірген кезде қолдансаңыз болады. Екінші бөлігінен шырынын шығарып алыңыз.

4. Шайды сусынның басқа құрамымен бірге араластырыңыз

Көлемі 1,5 л болатын кастрюльге сүзгі арқылы шайды құйыңыз. Оған балғын апельсин мен лимон шырынын қосыңыз. 2 ас қасық қант қосып, 350 мл қызыл шарапты қосыңыз. Шарап болмаған жағдайда, 200 мл көлемде шие, рейпфрут немесе өрік шырынын және ром, коньяк, арақ сияқты ішімдіктерді қосыңыз. Егер алкогольсіз сусын ішкіңіз келсе, онда жоғарыда аталған шырындардың кез келгенін пайдалана аласыз.

5. Пуншті ысытып жіберіңіз

Пуншті баяу отқа қою. Скриншот
Пуншті баяу отқа қою. Скриншот: YouTube/Fast and easy cooking

Пунші бар кастрюльді орташа отқа қойыңыз. Сусынды 5 миунт бойы араластырыңыз, десе де оның қайнап кетпеуін қадағалағаныңыз жөн. Дайын піншті стақандарға құйып, лимон немесе апельсиндермен безендіріңіз. Суық ауа райында оны термосқа құйып, өзіңізбен бірге алып, ішсеңіз де болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2051362-undi-dastarxanynyn-sani-puns-qysqy-susyndy-daiyndau-tasilderi/