Қысқы ірімшік запеканкасы: Адельден ең дәмді рецепт
Жарияланған күні:
Ірімшік запеканкасы – әйелдер үшін таптырмас десерт. Себебі оны әзірлеу үшін көп уақыт қажет емес. Дәмді әрі оңай дайындалатын ірімшік запеканкасының рецептін Адель ұсынады.
Запеканкаға ұқсайтын тағам туралы алғаш деректер Ежелгі Египетте пайда болған. Алайда, запеканканың қазіргі үлгісіне ұқсас десерт шамамен XVI–XVII ғасырда пайда болған деген дерек бар. Уақыт өте келе әлем елдерінде запеканканың түрлі нұсқалары пайда болды. Бүгінде десертке түрлі дәмдеуіштер, жаңғақ, жеміс-жидектерді қосады. Ірімшік запеканкасын түрлі тәсілмен даярлауға болады, бастысы оңай әрі дәмді әзірленетін нұсқасын таңдасаңыз болғаны.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа
Санаты: Десерт
Дайындау уақыты: 5 минут
Дайын болу уақыты: 20 минут
Бір порцияға арналған калория мөлшері: 190 ккал
Құрамы
Жұмыртқа – 3 дана
Ірімшік – 600 г
20% қаймақ – 200 г
Қант – 130 г
Таңқурай – 200 г
Жарма дақылы – 60 г
Тұз – дәміне қарай
Жүгері крахмалы – 2 ас қасық
Ваниль қанты – 2 г
Дайындалуы
1. Жұмыртқаны қант, қаймақпен бірге араластырыңыз
Ыдысқа 3 жұмыртқаны жарамыз. Ванильді қант пен шым-шым тұз қосамыз. Жұмыртқаға біртіндеп қантты қосып, миксермен жақсылап араластырамыз. Қаймақты қосып, қант ерігенше миксермен араластыруды жалғастырамыз.
2. Жарма ұнтағын қосамыз
Сұйық қамырға жарма ұнтағын қосамыз. Сөйтіп, миксермен бәрін жақсылап араластырамыз. Қамырды 10 минутқа қалдырып, жарма ұнтағының көтерілуін күтеміз.
3. Ірімшікті еземіз
Бөлек ыдысқа ірімшікті саламыз. Орташа жылдамдықта қамырды миксермен жақсылап араластырамыз. Сонда запеканка қамыры жұмсақ болады.
4. Барлық құрамды араластырамыз
Миксерге жұмыртқа массасын қосамыз. Ол үшін, миксерді орташа жылдамдыққа қоямыз. Барлық құрамды біртекті масса болғанша, араластырамыз.
5. Қамырды формаға салыңыз
Формаға пергамент қағазын төсейміз. Оған қамырды құямыз. Сосын бетіне қатырылған таңқурайды саламыз. Егер балғын жидектерді немесе шиені пайдалансақ, онда жүгері крахмалын қосқанымыз абзал. Пешті 180 °C-қа дейін ысытамыз. Форманы қыздырылған пешке салып, 40-45 минут бойы запеканканы пісіреміз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2051496-qysqy-irimsik-zapekankasy-adelden-en-damdi-recept/