Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шын сүйетін ер адам сүйіктісіне қандай сөздерді жиі айтады: ғашық адам аузынан тастамайтын 10 сөз

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ер мен әйел қолдан жүрек жасап тұр
Жүрек: pixabay.com

Әйелге өзінің сүйікті екенін есту өте маңызды. Көбірек естісе тіптен жақсы. Ер адам оны түрлендіріп айта алады. Шын сүйіп қалған кезде ер адамдар қандай сөздер айтатынын KAZ.NUR.KZ арнайы дереккөздерден анықтады.

"Сен ерекшесің"

Ғашық адам ең алдымен сезімін іспен дәлелдеуі керек. Егер іс сөзбен шегенделмесе, әйел өзін сүймейді не тасжүрек деп ойлауы мүмкін. Әйел құлағымен жақсы көреді.

Ғашықтық кезеңінде тіпті көп сөйлемейтін адамның өзіне сезімін тежеу қиынға соғады. Дегенмен"Мен сені сүйемін" деген сөзден басқа да сүйіктіңізге сезіміңізді жеткізуге көмектесетін сөздер жетерлік.

Егер ер адам сүйіктісіне "Сен ерекшесің", "Сен өзгелерге ұқсамайсың", "Сендей жан жоқ" десе, бұл да "Мен сені сүйемін" дегенмен бірдей. Бұл сөздер сүйетініңді тікелей мойындаудан да маңыздырақ. Бұл сөзбен ер адам әйелдің өзі үшін ерекше екенін, соған тәнті екенін білдіріп тұр.

"Мен сені мақтан тұтамын"

"Сен ерекшесің" деген – жеке мойындау, ал "Мен сені мақтан тұтамын" деген сөз – қарым-қатынасты жария етуге, сезімін, бақытты екенін бүкіл әлемге жар салуға деген ниетін білдіреді.

Әйелге осы сөзді айтқан ер адам оған қалауы түскенін білдіреді. Ол оны достарымен немесе ата-анасымен таныстырудан тартынбайды.

Махаббат – жанымыздағы біреудің бізді қандай да бір жолмен толықтырып, идеалға жақындататынын терең түсіну, деп жазады Эндерс Кэй "Әйелдер мен еркектер? Немесе ерлер мен әйелдер?" деген еңбегінде.

Ер адам әйелдің маңдайынан сүйіп тұр
Ер адам әйелдің маңдайынан сүйіп тұр: pixabay.com

"Маған дейін кім болғаны маңызды емес"

Бұл – кез келген әйел үшін маңызды сөз. Тіпті ол бұрын біреумен жүрмесе де. Бұл сөз сыйластық, серігіңіздің шекарасын құрметтеу, ер адам үшін әйелдің бағалы екенін, өзіне деген сенімділік пен сезімнің тереңдігін білдіреді. Мұндай адам болмайтын дау-дамайға уақытын кетірмейді, өткен-кеткенді қопарып, қызғанбайды. Ол қазіргі кезеңмен өмір сүреді әрі әйелді бірге өткізетін болашаққа шақырады, әйтпесе ол оған деген қызығушылығын көрсете қоймас еді.

Психотерапевт Эмануэль Смит жеке жауапкершілік философиясын ассертивтілік деп атаған. Адам өзінің мінез-құлқына өзі жауапты және олардың мінез-құлқына реакциясы үшін басқаларды кінәламау керек деп санайды. Ол кінә тақпайды.

"Мен саған сенемін"

Кез келген адам үшін өзін қауіпсіз, ашық және еркін сезінетін орын болғаны маңызды. Егер ер адам әйелге "Мен саған сенемін", "Мен саған сенім білдіремін" десе, ондай ер адам онымен бір болуға лайық. Егер олар бір-бірін жақын танымаса, бұл сөз сезімнің шынайы екенін білдіреді. Ең бастысы, сол сенімді ақтап, дұрыс жауап қата білу қажет.

Сенім — қарым-қатынастың негізі, өйткені ол әлсіз болуға және өзіңізді қорғамай-ақ біреуге ашық болуға мүмкіндік береді, деп түсіндіреді клиникалық психолог Сабрина Романоф. Сенім ашық, жомарт болуға, кемшіліктерді кешіруге және қиын уақытта қолдау көрсетілетініне сенімді болуға мүмкіндік береді. Осыны айта отырып, ер адам эмоционалды түрде әйелге өзінің ең жақын досы ретінде үміт артады.

"Мен жайлы не білгің келеді?"

Ер адам әйелге осы сұрақты қойса, ол оған шынымен сенетінін және ештеңені жасырғысы келмейтінін білдіреді. Ол әйелдің жанында өзін жақсы сезінеді және олардың арасында ешқандай құпия болмағанын қалайды. Ер адам әйел өзін сол қалпында қабылдайтынына сенімді болады.

Әйел үшін ұзақ әңгімелесуге, тіпті өзі туралы қалағанының бәрін айтуға дайын ер адам — таптырмас олжа. Психолог Джон Грей "Ерлер, әйелдер және қарым-қатынастар" кітабында: "Көңілі жайланып, өмірдің тұтастығын сезінуі үшін дәл қазір әйел адамдар әңгіме-дүкен құруға мұқтаж" деп жазады.

"Сен өзіңді жақсы сезінгеніңді қалаймын"

Бұл сөздің көптеген түсіндірмесі болуы мүмкін: "Маған сенің жымиғаның ұнайды", "Мен сені бақытты еткім келеді". Бұл деген ер адам әйелдің бақыты мен жайлылығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға, оған қамқорлық жасауға және оны қорғауға дайын екенін білдіреді. Ол тек өзінің ләззат алуын ғана емес, ең алдымен әйелдің өзін жақсы сезінгенін қалайды. Бұл қарым-қатынастағы ер адамның басты мақсаты.

Ер адам — ақыл, әйел — сезім, деп жазады Эндерс Кей. Ер адам әрекет етеді, ал әйел оған қуат пен сезімталдық сыйлайды. Махаббат деген — өздігінен өмір сүре алмайтын энергетикалық субстанция, ол үнемі назармен, қамқорлықпен, жылулықпен, серіктеске деген дұрыс әрі қайырымды әрекеттермен қоректенуі керек, деп ескертеді Эндерс.

Ер мен әйел жетектесіп келе жатыр
Ер адам әйелді жетектеп келеді: pixabay.com

"Мен кінәлімін"

Егер ер адам қателік өзінен кеткенін мойындауға шынайы дайын болса, бұл оның қарым-қатынасты бағалайтынын әрі әйелді құрмет тұтатынын білдіреді. Көптеген ер адам қателігін мойындай бермейді және оны жеңіліс ретінде қабылдайды. Бұған мінезі мен тәрбиесінен бөлек, ерлердің табиғаты да әсер етеді.

Ер адам сүйікті әйелі үшін жақсы бола алмай қалудан қорқады, деп жазады терапевт Иоана Попа. Бұған қоса ерлер мен әйелдер күйзелісті әртүрлі еңсереді. Әйелге оны талқылау, бөлісу керек. Ал ер адам бір шешімге келу үшін бар зейінін соған салады. Ерлі-зайыптылар өзара әрекеттесуді үйренуі керек. "Мен кінәлімін" — өзара әрекеттесу жолындағы маңызды қадам.

"Ол жағын өзім шешем"

Ер адам әйелді толғандырып жүрген мәселелерді шешуге дайын болған сәтте, бұл оның әйел ол үшін қымбат әрі жақын адамға айналғанын білдіреді.

Әйел ауырып жатыр — ол дәрі-дәрмек алуға дәріханаға баруға, шай қайнатуға, итпен серуендеуге дайын. Әйел қаржылық қиындыққа тап болды — ол соны шешуге көмектеседі. Шам күйіп кетті — ол соны ауыстыруға қаланың арғы шетінен асығып жетеді. Сүйіктісінің бүгін ештеңе жемегенін білген ол сүйікті мейрамханасынан екі сөмке тағам апа келеді.

Әйел адам жерде ер адамды құшақтап жатыр
Әйел адам ер адамның басын құшақтап жатыр: pixabay.com

Ер адамдар өзі бағалайтын нәрсеге ғана барын салады. Әйел адам оған осындай мүмкіндік беріп, алыс айтуы керек. Егер ер адам әйелге рахаттана жүріп қамқорлық жасап, көмектесетін болса, оның бағалы болғаны.

"Жылы киін, сыртта жел соғып тұр"

Осы сөзді анасы жасөспірімге айтқанда, әдетте ол оны жүре тыңдайды. Бірақ әйел еркектен "Жылы киін, сыртта жел соғып тұр" дегенді естігенде мүлде басқаша әсер етеді. Ер адам әйелге балаға қамқор болғандай қамқор болады (жаурап қалған жоқ па, ыңғайлы ма). Ер адамның күнделікті қамқорлығы — махаббаттың айқын белгісі.

Өзі соны ұнатса да, саябақта серуендеу үшін ол әйелді биік өкше киіп шығуға мәжбүрлемейді. Бұған қоса үйге жайлы жетуі үшін такси ақысын төлеп береді. Күн салқындаған кезде күртешесін шешіп, сүйіктісінің иығына жауып қояды не болмаса кенеттен жаңбыр жауып кетсе, әйелді күртешемен көлегейлеп жүреді. Шын сүйетін ер адам осындай қамқорлық танытады.

"Сені есіме салды"

"Сені есіме салды" деген сөз ер адамның сүйіктісі жайлы үнемі болмаса да, жиі ойлайтынын білдіреді. Ұқсас иіс келді ме — ол оны есіне алды, ұқсас көйлек көрді ме — ол оның жан дүниесінде сақталған бейнеге күлімдейді. Дүкен сөресінен ойыншық аюды көзі шалып қалды ма? Сүйіктісіне ұнайтыны анық — ол кіріп, сатып алады. Ол әлемді көптеген аспектілерде сүйіктісімен байланыстыру арқылы қабылдайды, тіпті ол жанында болмаса да.

"Сені есіме салды" "Сені ойладым", "Мен сені сағындым" дегенмен бірдей. Ер адам сүйсе, ол өзінен көрі сізге көбірек көңіл бөледі. Ол үнемі сүйіктісін ойлап жүреді, деп жазады психолог жазушы Эва Джексон.

Қол ұстасып келе жатқан қыз бен жігіт
Қыз бен жігіт қол ұстасып келеді: pixabay.com

Нағыз махаббат – сүйетініңді айқайлап айту емес. Кейде қарым-қатынас контекстіндегі қарапайым сөздер "Мен сені сүйемін" деген үш сөзден көрі әлдеқайда көп мағынаға ие болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2077184-syn-suietin-er-adam-suiiktisine-qandai-sozderdi-zii-aitady-gasyq-adam-auzynan-tastamaityn-10-soz/