Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзгенің сақинасын неге тағуға болмайды: әшекей бұйым туралы наным-сенімдерді білесіз бе

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жүкітер
Жүзіктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Сақина – жай ғана әшекей емес, символ. Тауып алған сақинаны тағуға бола ма? Сақиналар мен жүзіктерге қатысты қандай ырым-тыйымдар бар?

Сақинаны жоғалтып алу нені білдіреді?

Check My Dream эзотерикалық басылымының жазуынша, ежелгі өркениеттерде сақина билік пен сүйіспеншіліктің символы болып саналған. Сақинаның жоғалуы иесінің беделі мен өміріне нұсан келтіреді деп есептелген.

Бүгінде сақинаға әшекей-бұйым ретінде емес, тұмар ретінде де қарайтындар кездеседі. Сақинаны жоғалтып алу нені білдіреді? Кейбір түсінік бойынша, ондай жағдайда сақина иесі энергиясынан, бағынан, даналығынан және өмірлік күш-қуатынына айрылады. Жұмыста қиындықтар, қаржылық шығындар болуы мүмкін. Егер сақинаны біреу сыйлаған болса, онымен байланыс жоғалады деген сенім бар.

Сақина тауып алу – жақсылықтың белгісі

Біреудің жүзігін тауып алу – жақсылықтың нышаны. Демек, жақында өмірлік серігіңізді кездестіріп, отау құруыңыз мүмкін. Ал үйленген не тұрмыс құрған адам жүзік тауып алса, отбасында бақытты кезең басталмақ. Қандай сақина тауып алғаныңыз да маңызды.

  • алтын жүзік – бақытты неке немесе молшылықтың белгісі;
  • күміс жүзік – денсаулығыңыз жақсаратынын білдіреді, тіл-көзден сақтайды.

Табылған сақинаны тағып жүруге болмайды, өйткені иесі кім екені, оның тағдыры қандай болғаны белгісіз. Оны ломбардқа өткізуге немесе қайта балқытып, басқа сақина жасатып алуға болады.

Сақина
Сақина. Көрнекі фото: pixabay.com

Бөтеннің сақинасын тағу – оның тағдырын қайталау

Ұрланған немесе кездейсоқ тауып алған сақиналарды тағып алуға болмайды. Сол арқылы бағыңызды қашырып, өміріңізге бұрынғы иесінің қайғы-мұңын тартып аласыз деген сенім бар. Біреудің сақинасын тағып көруге де аса құмар болмау керек.

Егер сіз біреудің сақинасын тағып көрген болсаңыз не істеу керек? Егер білмесікпен біреудің сақинасын тағып көрген болсаңыз, оның өмір жолына көз жүгіртіп көріңіз. Егер оның жеке өмірі жақсы өрбіген болса, қорқатын ештеңе жоқ.

Жақын туыстарының сақинасы тағдырға әсер етеді

Мұраға қалатын сақина-жүзіктер болады. Анаңыздан қалған сақинаны тағудың еш әбестігі жоқ, өйткені ол бақыт пен молшылық әкеледі деген түсінік бар. Әженің көзіндей болған сақина көп сәби сүюге жол ашуы мүмкін. Ал енеден қалған сақинаны байқап тағу керек, енеңнің сақинасын тақсаң, күйеуіңмен ұрсысып қаласың деген сенім бар. Туған әпкеңіздің сақинасын тақсаңыз, мансап жолында тасыңыз өрге домалауы мүмкін.

Сақинаның сынуы – жамандықтың белгісі

Егер сақина сынып қалса, иесінің өмірінде қиындықтар болады деп саналады. Егер неке жүзігі сынып қалса, ерлі-зайыптылар жанжалдасып қалуы мүмкін. Сақинаның қарайып кетуінде де мән жатыр. Мұндай сақина иесінің ауырып жүргенін білдіреді. Қарайып кеткен сақинаны тұзға салып, тазартып алып таққан дұрыс.

Жүзік
Жүзік. Көрнекі фото: pixabay.com

Сақинаның тасы түсіп қалса, алда сынақтар болуы мүмкін. Сақинаның тасы ауыр сынақтарды өзімен алып кетеді, бірақ оның салдарына дайын болу керек. Егер сақина майысып, бірақ сынбаған болса, оған аса мән берудің қажеті жоқ. Зергерге апарып жөндетіп алып, таға беруге болады.

Қайтыс болған адамның сақинасын тағуға бола ма

Егер өмірде қайғылы жағдай болып, ерлі-қайыптылардың бірі қайтыс болып кетсе, неке жүзігін шешіп тастаудың қажеті жоқ. Жесір әйел не ер адам ол жүзікті сол қолдың аты жоқ саусағына тағып алуына болады. Қайта тұрмыс құрған жағдайда алдыңғы неке жүзігін естелік ретінде қалдырудың еш әбестігі жоқ.

Неке жүзігіне қатысты қандай тыйым бар? Қайтыс болған бұрынғы жұбайыңыз бен қазіргі серігіңіз кигізген неке жүзігін бірдей тағып жүре алмайсыз. Бұл жаңа өмірге жол ашуға кедергі болады. Ажырасқаннан кейін неке жүзігін тақпаған жөн. Оны өзенге лақтырып жіберуге немесе ломбардқа өткізу керек. Қазір тағып жүрген неке жүзігін сатуға немесе ломбардқа өткізуге болмайды.

Некелесу жүзігін тек сәндікке тақпайды

"Әлемдегі некеге байланысты әдет-ғұрыптар: қынадан бал айына дейін" кітабының авторы Джордж Монгер ерлі-зайыптылар неке жүзігін шешпеуі керек деп санайды. Неке жүзігі жоғалып қалса, ерлі-зайыптылар ұрсысып қалуы не айырылысып кетуі мүмкін.

Жас жұбайлар қол ұстасып тұр
Неке жүзігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Неке жүзігін неке қию рәсімінен бұрын тағуға және ешкімге көрсетуге болмайды. Егер жүзік жоғалып қалса, үйлену тойы болмай қалады деген сенім бар. Неке құрмаған (ажырасқан) адамдарға оң қолдың аты жоқ саусағына неке жүзігін тағуға тыйым салынады. Love & Lavender үйлену блогы інжу-маржаны бар неке жүзігін алмаған дұрыс деп жазады.

Сақинаны жақын адамдар сыйлағаны жөн

Oxford University Press академиялық зерттеу платформасы неке жүзігін тағу рәсімін үйлену тойындағы ең маңызды рәсімдердің бірі деп атайды. Ерлі-зайыптылар, бір-біріне жүзік сыйлауына болады, алайда ата-анаңыз, жақын туысыңыз болмаса, бөтен адамдарға жүзік сыйлауға болмайды.

Егер жұмыстағы әріптестер бастығына, зейнеткерлікке шыққан қызметкерге немесе болашақ анаға сақина сыйлауды жөн көрсе, оның еш сөкеттігі жоқ.

Жүзіктер
Жүзіктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Сақина әшекей әрі белгілі бір атрибут саналады. Оны саусағыңызға тағу арқылы онымен энергетикалық тұрғыда байланыста боласыз. Егер сақина тауып алсаңыз, жоғатлсаңыз, не сыйлыққа алсаңыз, осы жайтты ескерген жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2081141-ozgenin-saqinasyn-nege-taguga-bolmaidy-asekei-buiym-turaly-nanym-senimderdi-bilesiz-be/