Түсіңде жол апатына ұшырасаң не болады: түс жору кітаптарындағы түсіндірмелер
Жарияланған күні:
Читать на русскомТүсінде жол-көлік апатын көргендер оны жақсылыққа жорымасы анық. Алайда танымал түс жорушылар бұл тұрғыда не дейді? Танымал түс жору кітаптарында жол апаты турасында не жазылғанын бірге талдап көрейік.
Бұл материалдан білетініңіз:
- Миллердің түс жору кітабындағы апат туралы түстің мән-мағынасы.
- Лофф көлік апаты туралы түсті қалай жорыған.
- Нострадамустың пікірінше, мұндай түстің мәні неде
- Исламда жол апаты туралы түс нені білдіреді.
- Юнонаның түс жоруындағы көлік апаты.
- Феломен қалай жориды.
- Ванга жол апаты туралы түстер жөнінде не деген.
- Фрейд мұндай түсті қалай түсіндірген
- Бұл тұрғыда Цветков не дейді.
Миллердің жоруы
Миллер жол апаты турыла түстерді жақсы жағынан да, жағымсыз жағынан да түсіндірген. Түсіңізде сіз мінген көліктің апатқа ұшырауы нені білдіреді? Егер түсіңізде жол-көлік оқиғасына ұшырасаңыз, өміріңізде алаңдатарлық оқиғалар мен өзгерістер болады. Жазатайым жағдай болуы әбден мүмкін. Егер түсіңізде:
- Адам түсінде жол апаты болғанын сырттай бақылап тұрғанды көрсе, жақын адамдармен ұрсысып қалуы мүмкін.
- Апатқа ұшыраған көлікті таныс адам тізгіндегенін көрсе, өңінде жағымсыз жайттар болуы мүмкін.
Түсте түс көруші адамның кесірінен апатқа қатысушылардың барлығы қайтыс болып кетсе, өңінде сол адамдармен қарым-қатынасы нығая түседі. Егер түсте апаттың алдын алған болса, түс көруші айтарлықтай қаржылық қиындықтардан құтыла алады.
Лоффтың жоруы
Түс жорушы Лоффтың түсіндіруінше, түстегі жол апаты отбасы мүшелерінің бірі қиындықтарға тап болғанын білдіреді. Егер түс көруші адам көлікті тізгіндей алмай, апатқа ұшыраса, ол әлгі жақынына көмектесе алмайды, егер түсінде көлікті басқара алса, бәрі орнына келеді деген сөз.
Түсте жол апатынан адамдар зардап шексе не болады? Түстегі жол-көлік апаты кезіндегі қан жақын туыстардың келетінін білдіреді, ал адамдар қайтыс болса, дау-дамайдағы жеңілісті білдіреді.
Нострадамустың жоруы
Нострадамус көлікті көрмей кеткен, бірақ оның түс жоруында қызық түсіндірмелер бар, сол арқылы жол-көлік апаты туралы түстердің мәнін анықтап көруге болады. Нострадамуста физикалық зақымдар мен қираулар түс көруші адамға өмірін қолға алатын сәт туғанын білдіреді.
Түстегі апат жағымды жаңалыққа бастайды – адам құлай ғашық болуы мүмкін. Жарақат бақытты аяқталатын қиын кезеңдерден хабардар етеді.
Исламдағы түс жору
Ежелгі түс жоруларда автокөліктердің қатысуымен болған апаттар сипатталмаған, бірақ соған ұқсас түсіндірулер бар. Кез келген саяхат бір қасиеттен, мәртебеден не жағдайдан екіншісіне өтуді білдіреді. Егер көш сәтсіз болса (апат болса), түс көруші қиындыққа тап болады.
Исламдағы жору жүк тиелген көліктегі саяхатты бейнет пен күш-қайратты текке жұмсауды білдіреді. Түстегі апатта қан ағып, жараланса, адамның жеке құпиясы ашылып қалатынын білдіреді.
Юнонаның жоруы
Юнонаның түс жоруында мұндай түс баяулайтын сәт туғанын білдіреді. Түс ұйықтап жатқан адамның өмірде тым қарбалас болып кеткенін, тәні мен жанының қалауын ескермей кеткенін білдіреді.
Өрт аралас апат жанжалды, дау-дамайды және үміттің үзілуін білдіреді. Әйел үшін түсінде апатқа ұшырау жоспарланбаған оқиға болатынын білдіреді, бірақ ол міндетті түрде жағымсыз болады деген сөз емес.
Феломеннің жоруы
Феломеннің жоруынша, көлік апаты өзін-өзі дамытуды білдіреді. Мұндай түс – босаңсып, өзіңе қарапайым қуаныштарды бастан кешіруге рұқсат берудің белгісі.
Мотоцикл апаты – жағымсыз белгі. Маңызды нәрсеге деген үміт жақын арада үзіледі. Пойыз жолдағы апат та осындай хабарды жеткізеді. Ұшақтың апатқа ұшырауы сіздің мансап жолындағы қиындықтарды білдіреді.
Ванганың жоруы
Болгар көріпкелінің жоруынша, мұндай түс өзін-өзі сөгуге бейімділікті білдіреді . Ол түс көруші өзін шынайы және ойдан шығарылған күнәлары үшін жазалайды деп есептеген, оған себеп –лайықсыз мінез-құлқы. Вангадан әйелдерге арналған бірнеше кеңес:
- Сүйікті адамы апатқа ұшыраса, сәтсіздік кезеңі басталатынын білдіреді.
- Бейтаныс адамның қатысуымен болған апат – ешқандай себепсіз дүрбелеңге салынатынын білдіреді.
Ерлер үшін жол-көлік апатын көру қаржылық мәселелер туралы ескерту болып саналады.
Фрейдтің жоруы
Фрейдтің тұжырымдауынша, апат туралы түс түс көруші адамның жоспарлары бұзылатынын білдіреді. Егер ұйықтап жатқан адам түсінде апаттан аман қалып, еш зардап шекпеген болса, басшылықпен, бәсекелестермен, қастық ойлаушы адамдармен болған жанжал сәтімен шешіледі деген сөз.
Түсінде апатты сырттай бақылаған адам әділетсіз манипуляциялардың қатысушысы болады. Күмәнді істерге араласпаңыз және сақ болыңыз. Түсіндегі жол апат сыалдарынан туыстарынан айырылып қалған болса, туыстарының түс көріп жатқан адамды ойлап, уайымдап жүргенін меңзейді.
Цветковтың жоруы
Цветков мұндай түсті көңіл қалатын жаңа махаббатты кезіктіру деп жориды. Егер түс көруші адамның сүйген адамы болса, онда ымыраға келу жолын іздеп, серігін тереңірек зерттей түсуі керек. Бұл адам бақытқа жеткізетін адам болмауы мүмкін.
Автобустағы апат нені білдіреді? Мұндай түс жеке мүліктен айырылуды немесе сырқатты білдіруі мүмкін. Құлыптарды тексеріп, дабыл орнатып, медициналық тексеруден өткен жөн. Ұшақ апаты қарқынды жаттығуларды, ал теміржол апаты жарақат алуды білдіреді.
Хассенің жоруы
Хассенің түс жоруында жол-көлік оқиғасы жақсы белгі болып саналады. Мұндай түс түс көрушіге тағдыр не адамдар сый дайындап тұрғанын білдіреді. Әйелдердің түсіне келсек:
- Тұрмыстағы әйел өлімге әкеп соқтырған жол апатын көрсе, күйеуі тарапынан қиындықтар тууы мүмкін.
- Еш сызат түспеген болса, жауапсыздықтан туындайтын жайсыздықты білдіреді.
Егер адам апатты түсінде сырттан бақылаған болса, онда оның мәселелерін басқа адамдар шешеді. Егер ол апатқа ұшырағандарға көмектессе, өңінде біреуді құтқарады.
Апат – өмірдегі өзгерістердің хабаршысы. Оның бәрі жағымды бола бермеуі мүмкін, бірақ оның көбі өмірді өзгерту үшін қажет.
Ислам дінінде түсті жорытуда өте сақ болу қажет екені айтылады. Хадисте: "Түс жорылғандай болады, бұның мысалы: бір аяғын көріп, қашан қоярын тосып отырған адам секілді, сондықтан біреулерің түс көрсе, тек жанашыр немесе ғалым адамға айтсын", делінгенін ескерген жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2081912-tusinde-zol-apatyna-usyrasan-ne-bolady-tus-zoru-kitaptaryndagy-tusindirmeler/