Артық салмақ тастауға сеп болатын пайдалы әрі диеталық қызылша салаты: Дианадан құнды рецепт
Жарияланған күні:
Көктем келісімен қыз-келіншектердің көбі артық салмақтан арылып, диеталық тағам түрлерін әзірлеуге тырысады. Осыған орай, назарларыңызға қызылшадан жасалатын пайдалы әрі диеталық салат рецебін ұсынамыз.
Қызылша - адам ағзасына пайдалы әрі құнарлы көкөніс түрі. Көктем мезгілінде адам ағзасы дәруменге зәру кезеңде, жақындарыңызға пайдалы әрі артық салмақтан арылуға көмектесін диеталық салатты жасап, ұсыныңыз. Фудблогер Диана Есенбекова өзінің YouTube арнасында аталған салаттың жасалу жолымен таныстырады.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа
Санаты: тіскебасар
Дайындалу уақыты: 15 минут
Дайын болу уақыты: 5 минут
Құрамы:
Қияр - 2
Қызыл пияз - 1
Руккола, шпинат, салат жапырағы - дәміне қарай
Қызылша - 2
Зәйтүн майы - 1 ас қасық
Бал - 1 ас қасық
Лимон шырыны - дәміне қарай
Қара бұрыш, тұз, паприка - дәміне қарай
Дайындалуы
1. Қиярды үккіштен өткіземіз
Қиярды салқын суда жақсылап жуамыз. Сосын ірі үккіштен жұқа, дөңгелек шеңбер пішін түрінде өткіземіз.
2. Пиязды үккіштен өткіземіз
Пиязды да дәл солай етіп, қиярды өткізген үккіштен өткіземіз. Көкөністерді шұңғыл ыдысқа саламыз.
3. Руккола, шпинат, салат жапырағын қосамыз
Салатқа дәміне қарай руккола, шпинат және салат жапырақтарын қосамыз. Барлық жасыл шөпті салатқа қоспастан бұрын, жақсылап жуып алған абзал.
4. Қызылшаны қосамыз
Қызылшаны пісіреміз. Сосын қызылшаны жұқа етіп турап, салатқа қосамыз.
5. Дәмдеуіштерді қосып, салатты араластырамыз
Салатқа зәйтүн майы, бал және лимон шырынын қосып, жақсылап араластырамыз. Сондай-ақ, аздап қара бұрыш пен паприканы қосып, тағы да араластырамыз. Дайын салатты дастарханға қоямыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2089070-artyq-salmaq-tastauga-sep-bolatyn-paidaly-ari-dietalyq-qyzylsha-salaty-dianadan-qundy-retsept/