Ыстық күнде шөлді басады: Диана Есенбекова каркаде сусынын қалай дұрыс жасау керегін айтты
Жарияланған күні:
Күн ысыған кезеңде үйде шөлді басатын сусынды қалай жасауға болады? Бүгінгі материалда оңай әрі тез жасалатын каркаде сусынының рецебімен таныс боласыздар.
Диана Есенбекованың YouTube арнасынан осы және өзге де көптеген танымал рецептпен таныс бола аласыздар. Арнаға жазылып, лүпіл басуды ұмытпаңыз.
Сипаттамасы
Асхана: Орта теңіз жағалауы елдері
Санаты: сусын
Дайындалуы: 5 минут
Дайын болу уақыты: 5 минут
Құрамы
Қант - дәміне қарай
Лимон - 1
Cу - 1,5 л
Каркаде шайы - 2 ас қасық
Дайындалуы
1. Барлық құрамды ыдысқа саламыз
Лимонды жуып, ірі етіп тураймыз. Ыдысқа құрғақ каркаде шайы мен лимонды саламыз. Дәміне қарай қант қосамыз.
2. Сусынды қайнатамыз
Ыдысқа суық суды құямыз. Ыдысты орташа отқа, пешке қоямыз. Сусынды 20 минуттай қайнатамыз. Сосын оттан аламыз.
3. Сусынды суытамыз
Дайын каркаде сусынын суытамыз. Сосын сүзгіш арқылы, шайды сүзіп аламыз. Сусынды графинге құйып, тоңазытқышқа суытып қоямыз. Жаз мезгілінде аталған сусын шөлді басып, адамның сарайын ашады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2089094-ystyq-kunde-sholdi-basady-diana-esenbekova-karkade-susynyn-qalai-durys-zhasau-keregin-aitty/