Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Суши" десерті: Диана Есенбекова дәмі тіл үйіретін ерекше тәттіні пісіру жолын көрсетті

Жарияланған күні:

Суши десерт. Скриншот
Суши десерт. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Жақындарыңызды қандай тәттімен қуантарыңызды білмей жүрсеңіз, дәмі тіл үйіретін суши десерт әзірлеп көріңіз. Үй жағдайында оңай жасалатын дәмді десерттің рецебімен таныс болыңыздар.

Бұрын-соңды суши десерт жайлы естімеген болсаңыз, бүгінгі рецептке көз салыңыз. Дәмі тіл үйіретін ерекше десерттің жасалу жолымен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: Славян елдері

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 5 минут

Құрамы

Жұмыртқа - 2 дана

Қант - 1 стакан

Сүт - 1 стакан

Жылы су - 1 стакан

Ұн - мөлшеріне қарай

Қопсытқыш - жарты ас қасық

Өсімдік майы - 1 пиала

Жұмсақ ірімшік - мөлшеріне қарай

Қоюлатылған сүт - жарты банка

Дайындалуы

1. Жұмыртқа мен қантты араластырамыз

Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Скриншот
Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Алдымен екі жұмыртқаны шұңғыл ыдысқа жарып, үстінен қант қосамыз. Сосын жақсылап араластырамыз.

2. Қоспаға сүт пен су қосамыз

Қоспаға сүт пен су қосамыз. Скриншот
Қоспаға сүт пен су қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қоспаға бір стакан, бөлме температурасындағы сүт пен жылы су қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Ұн мен өсімдік майын қосамыз

Ұн мен өсімдік майын қосамыз. Скриншот
Ұн мен өсімдік майын қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қоспаға ұнды електен өткізіп, қопсытқышты салып, жақсылап араластырамыз. Соңында өсімдік майын қосып, тағы да араластырамыз.

4. Құймақтарды пісіреміз

Құймақтарды пісіріп аламыз. Скриншот
Құймақтарды пісіріп аламыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қызып тұрған табаға қамырды құйып, құймақтарды пісіріп аламыз. Үй жағдайында қарапайым құймақтарды да осы рецепт бойынша пісіруге болады.

5. Кремді дайындаймыз

Кремді дайындаймыз. Скриншот
Кремді дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Жұмсақ ірімшікке қоюлатылған сүтті қосамыз. Миксермен бәрін жақсылап араластырамыз.

6. Құймақтардың арасына крем мен жемістерді саламыз

Құймақтың арасына крем мен жемістерді саламыз. Скриншот
Құймақтың арасына крем мен жемістерді саламыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Құймақты жайып, алдымен кремді ұзынша етіп, жағып шығамыз. Сосын қалаған жемісіңізді турап, арасына саламыз. Үстінен тағы да кремді жағып шығамыз. Құймақты суши тәрізді етіп ораймыз. Сосын ірімшікті аздап қатыру үшін, тоңазытқышқа қойып қоямыз.

7. Суши десертін әсемдейміз

Сушиді әсемдейміз. Скриншот
Сушиді әсемдейміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Оралған құймақтарды біркелкі етіп турап шығамыз. Сосын бетінен еріген шоколадты құйып, әсемдеп шығамыз. Осылайша, тәтті әрі ерекше десерт дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2102465-sushi-deserti-diana-esenbekova-dami-til-uiiretin-erekshe-tattini-pisiru-zholyn-korsetti/