Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасыл жаңғақ қосылған чизкейк: Ақнұр Тілекқызынан дәмді десерт рецебі

Жарияланған күні:

Жасыл жаңғақ қосылған чизкейк. Көрнекі сурет
Жасыл жаңғақ қосылған чизкейк. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жасыл жаңғақ (фисташка) қосылған чизкейк биылғы жылдың ең танымал десерттерінің біріне айналып отыр. Үй жағдайында дәмді чизкейкті қалай дайындауға болады? Ақнұр Тілекқызы рецебін ұсынады.

Танымал фудблогер Ақнұр Тілекқызының YouTube арнасынан осы сынды көптеген тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар. Сондықтан пайдалы арнаға жазылуды ұмытпаңыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа елдері

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 45 минут

Құрамы

Печенье - 300 г

Сары май - 115 г

Ірімшікті сыр - 600 г

Қант ұнтағы - 100 г

Жұмыртқа - 2 дана

Жүгері крахмалы - 1 шай қасық

Жасыл жаңғақ пастасы - 50-55 г

Ақ шоколад глазурі - 100 г

Сұйық май - 20 г

Дайындалуы

1. Қамыр дайындаймыз

Қамырды пішінге саламыз. Көрнекі сурет
Қамырды пішінге саламыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Печеньені блендерден ұсақтап өткізіп аламыз. Сосын үстінен ерітілген сары майды қосып, үгітілмелі қамыр дайындаймыз. Қамырды пішінге саламыз. Сосын 1 сағатқа тоңазытқышқа суытып қоямыз.

2. Салмасын дайындаймыз

Чизкейктің салмасын дайындаймыз. Көрнекі сурет
Чизкейктің салмасын дайындаймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жұмсақ ірімшікті шұңғыл ыдысқа салып, оған екі жұмыртқа, жүгері крахмалын қосып, миксермен жақсылап араластырамыз.

3. Кремге жасыл жаңғақ пастасын қосамыз

Кремге жасыл жаңғақ пастасын қосамыз. Көрнекі сурет
Кремге жасыл жаңғақ пастасын қосамыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дайын болған массаға жасыл жаңғақ пастасын қосамыз. Сосын барлық құрамды жақсылап араластырамыз.

4. Қамырға салмасын салып, чизкейкті пісіреміз

Cалмасын қамырға саламыз. Көрнекі сурет
Cалмасын қамырға саламыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қамырды тоңазытқыштан алып, салмасын құямыз. Алдын ала қызып тұрған пеште, 180 градуста 40-50 минутке қойып, пісіріп аламыз. Ерітілген ақ шоколадқа жасыл жаңғақ пастасын қосып, чизкейктің үстінен құямыз. Чизкейктің үстіне құлпынай қойып, қалауыңызша әсемдеп шыңсаңыз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2112123-zhasyl-zhanggaq-qosylgan-chizkeik-aqnur-tilekqyzynan-damdi-desert-retsebi/