Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таңғы асқа қандай вафли әзірлеу керек: Гүлжанат ең оңай рецептті ұсынды

Жарияланған күні:

Дайын болған вафли. Көрнекі сурет
Дайын болған вафли. Көрнекі сурет: pixabay.com

Таңғы асқа вафли әзірлеу - ең ұтымды әдіс болмақ. Себебі, тойымды әрі құнарлы десерт жақындарыңыздың көңілін аулап қана қоймай, оларға ерекше көңіл-күй cыйлайтыны сөзсіз. Ендеше назарларыңызға жұмсақ әрі дәмді болып шығатын вафли даярлаудың ең оңай рецебін ұсынамыз.

Вафли - таңғы асқа таптырмас десерт болып қана қоймай, жақындарыңыздың сүйікті десертіне айналуы мүмкін. Үй жағдайында оны дәмді әрі жұмсақ етіп даярлаудың рецебімен танымал фудблогер Гүлжанат Нұрышева бөліседі.

Сипаттамасы

Асхана: Бельгия

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 10 минут

Құрамы

Сары май - 90 г

Қант - 50 г

Жұмыртқа - 2 дана

Сүт - 100 мл

Ұн - 170 г

Қопсытқыш - 1 шай қасық

Дайындалуы

1. Сары май мен қантты араластырамыз

Сары май мен қантты араластырамыз. Скриншот
Сары май мен қантты араластырамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Алдымен сары майды ерітіп аламыз. Сосын шұңғыл ыдысқа құямыз. Үстінен қантты қосып, екеуін жақсылап араластырамыз.

2. Жұмыртқа мен сүт қосамыз

Жұмыртқа мен сүт қосамыз. Скриншот
Жұмыртқа мен сүт қосамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Массаға екі жұмыртқаны қосамыз. Сосын бөлме температурасындағы сүтті қосып, жақсылап араластырамыз.

3. Ұн мен қопсытқышты қосамыз

Ұн мен қопсытқышты қосамыз. Скриншот
Ұн мен қопсытқышты қосамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Қамырды аяқтау үшін, ұнды електен өткізіп, қопсытқышпен араластырамыз. Ұн мен қопсытқышты массаға қосып, жақсылап араластырамыз.

4. Вафлиді пісіреміз

Вафлиді пісіреміз. Скриншот
Вафлиді пісіреміз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Вафли пісіретін пешке алдын ала май сеуіп, қыздырамыз. Сосын вафлилерді пісіреміз. Вафлиді қалауыңызға қарай сироп немесе басқа да соуспен ұсынсаңыз болады. Аталған рецепттен жасалған вафли өте жұмсақ болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2113413-tanggy-asqa-qandai-vafli-azirleu-kerek-gulzhanat-eng-ongai-retseptti-usyndy/