Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігітті баурап алып, өзіңе ғашық ету үшін қандай сұрақтар қойған жөн

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қос ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет
Қос ұстасқан ғашықтар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыз жігітті ұнатып қалып, жақын араласқысы келсе, оны сөзге тартып, орнымен қойылған сұрақтар арқылы өзіне баурап, ғашық ете алады. Бұл материалда мамандар ұсынған бірнеше сұрақ топтастырылған.

Жігітпен танысқан кезде қандай сұрақтар қою керек

Жігітпен танысқан кезде қыз оны ұнатып қалса, әңгімеге тарту арқылы қызығушылығын оята алады. Егер алдымен жігіт назар аударған болса, әңгімені күн райынан да бастауға болады. Әңгіме сонымен тәмамдалып қаламасын десеңіз, екеуіңізге де қызық болатын сұрақтар қоя білген жөн.

Одан өзі жайлы сұраңыз, бірақ бұрын сөйлескен қыздары, саясат, дін және ыңғайсыз жағдайға қалдыратын жеке басына қатысты сұрақтар қоюдан аулақ болыңыз. Бұл сіздің оған жеке тұлға ретінде қызығушылық танытып тұрғаныңызды көрсетеді. Біздің сүйікті тақырып – өзіміз, деп жазады медицина ғылымдарының докторы Саманта Бордман.

Сұрақта сол сәттегі жағдайға қарай қойыңыз. Мәселен, пойызда не автобуста танысқан болсаңыз, қайда бара жатқанын, немен айналысатынын сұраңыз. Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін әңгімені одан ары өрбіте түсуге болады. Мынандай сұрақтар қойыңыз:

  • Жұмысың өзіңе ұнай ма?
  • Әдетте күнің қалай өтеді?
  • Бүгін сәтті күн болды ма?
  • Өміріңдегі ең бақытты күн есіңде ме?
  • Нені армандайсың?
  • Экстравертсің бе, әлде интровертсің бе?
  • Жануарларды ұнатасың ба?
  • Қай елге саяхаттағың келеді?
  • Демалысты қалай және қайда өткізген ұнайды?
Қыз бен жігіт
Қыз бен жігіт. Көрнекі фото: pixabay.com

Әңгіме-дүкен құрудың кілті – ойға жетелейтін қосымша сұрақтар қою, деп түсіндіреді қарым-қатынас сарапшысы Келли Гонсалвес. Жігіттің айтқанын мұқият тыңдаңыз, содан кейін оған жауабын жан-жақты, терең қамтитындай қосымша сұрақтар қойыңыз.

Жігітпен достасу үшін қойылатын сұрақтар

Егер жігіт қызығушылығыңызды оятып, оның да сізді ұнатып қалғанын сезсеңіз, эмоциялық тұрғыдан жақындасуға кедергі келтірудің қажеті жоқ. Сұрақ қою – қарым-қатынаста нығайтудың немесе ұнап қалған адаммен жақын танысудың тамаша тәсілі, дейді Cosmopolitan журналының қарым-қатынас жөніндегі редакторының көмекшісі Кайла Киббе.

Жігітке жақын болу үшін қандай сұрақтар қою керек? Бұл жігіт пен қыз арасында өзара сенім тудыратын жеке сұрақтар болуы керек. Негізгі назарға оның қалауын, құпиясын, сүйікті заттары мен армандарын алған жөн:

  • Атақты адамдардан кімдерді ұнатасың?
  • Қандай тату салдырғың келеді?
  • Шаңырақ көтергің келе ме?
  • Қандай армандарың орындалды?
  • Тап қазір нені қалап жүрсің?
  • Ата-анаңға қаншалықты жақынсың?
  • Заңға қайшы әрекет жасап көрдің бе?
  • Не нәрсе сені бақытты қылады?:
  • Саған қандай қыздар ұнайды?
  • Қыздың сыртқы келбетінен не ұнайды?
  • Сезіміңді қалай білдіресің?
  • Менің бойымнан нені ұнаттың?
  • Достарың екеуміздің сөйлесетінімізді біле ме?
  • Мені ойлайсың ба?
  • Құпияң бар ма?
  • Құпияңды маған айтқың келе ме?
  • Опасыздықты кешіруге бола ма?
Қыз бен жігіт сәкіде сөйлесіп отыр
Қыз бен жігіт. Көрнекі фото: pixabay.com

Жігітпен сөйлескенде, тартымды болуды ұмытпаңыз – күлімдеңіз, оның көзіне қараңыз, ұялып отырғаныңызды білдіріңіз. Жасандылықтан бойыңызды аулақ ұстаңыз.

Жігітті ғашық етуге көмектесетін сұрақтар

Психолог Артур мен Элейн Арон 50 жылдан бері махаббат тақырыбын зерттеп келеді. Олар бейтаныс адамдардың бір-біріне ғашық болуына көмектесетін әдісті ойлап тапты. Әдіс 36 сұраққа негізделген, сол сұрақтарды қыз бен жігіт бір-біріне қоюы керек, содан кейін 4 минут бойы оның көзіне қараңыз. Бұл әдісті әртүрлі зерттеушілер бірнеше рет сынап көрген.

Жігітті ғашық ету үшін екі адамның ортақ қасиеттерін анықтайтын тұлғалық сұрақтар қойылуы керек, деп түсіндіреді философия ғылымдарының докторы Элейн Н. Арон. Осы сұрақтар арқылы адам бірті-бірте ашыла түседі. Сұрақ қоюшы да ұнай түседі. Сонымен сұрақ үлгілері:

  • Әлемдегі кез келген адамды таңдауға мүмкіндігің болса, кешкі асқа кімді қонақ етіп шақырар едің?
  • Атақты болғың келе ме? Қалай?
  • Өміріңдегі не нәрсеге шүкірлік етесің?
  • Тәрбиеңде бір нәрсені өзгерту мүмкін болса, нені өзгертер едің?
  • Өмірдені ең үлкен жетістігің?
  • Көптен бері айналысуды армандап жүрген ісің бар ма? Неге сол іспен айналыспадың?
  • Нені қалжыңға айналдыруға болмайды деп ойлайсың?
  • Кенеттен үйіңнен өрт шығып, жақындарыңды құқарып алған соң тағы бір нәрсені құтқарыр қалуға мүмкіндігің болса, нені құтқарып қалар едің?

Мұндай сұрақтар адамдарды жақындастырып, егер олар қаласа, ғашық етуге көмектеседі, дейді Элейн Н. Арон. Бұл сұрақтарға жігіт те, қыз да жауап беруі керек.

Дос жігітке қойылатын сұрақтар

Егер қыз досымен романтикалық қарым-қатынас бастағысы келсе, оған мұны жеткізе білуі керек. Ең жақсы әдіс – сөйлесу, сұрақ қою.

Дос жігітке қандай сұрақтар қоюға болады? Оның қызға деген көзқарасы белгілі болуы мүмкін. Бірақ ол жігіт екеуінің арасында жақын қарым-қатынас болғанын қалай ма, соны анықтап алу керек. Мұны білу үшін мынандай сұрақтар қоюға болады:

  • Саған дос ретінде ғана емес, қыз ретінде ұнаймын ба?
  • Маған айта алмаған құпияң бар ма?
  • Ғашық болып қалғаныңды қалай аңғарасың?
  • Өмірде болған немесе болмаған жайтқа өкінесің бе?
  • Бәрінен де неден көбірек қорқасың?
  • Достарыңа, ата-анаңа ұнамайтын қызбен көңіл жарастырар ма едің?
  • Дәл қазір өміріңде нені өзгерткің келер еді?
  • Екеуміз достардан да жақын қарым-қатынас құра алар ма едік?

Бір жағынан, жақсы танитын адаммен романтикалық қарым-қатынас құру оңайырақ, өйткені қыз ол туралы көп нәрсені біледі. Екінші жағынан, жаңа мәртебе жаңа міндеттемелерді жүктейді, ондай кезде қыз бен жігіт бір-бірінен ұялып, қандай да бір жағдайда өзін қалай ұстайтынын білмей қысылуы мүмкін. Дос мәртебесінде болған және романтикалық қарым-қатынасты бастағысы келетін адамдар бір-біріне сеніммен, құрметпен және шынайы сезіммен көмектесуі керек.

Жағалауда кетіп бара жатқан қыз бен жігіт
Қыз бен жігіт. Көрнекі фото: pixabay.com

Жігітке хабарлама жазған кезде қандай сұрақтар қою керек?

Егер қыз жігітпен желіде сөйлессе, түрлі сұрақ қою арқылы жүзбе-жүз кездескенге дейін-ақ сол адамның көзқарасы, мінезі туралы көр нәрсені біліп алуға болады. Тартымды аватардың артында жасырылған адамның ішкі әлемін ашуға көмектесетін жайттарды сұраңыз. Ол үшін мына сұрақтарды қоюға болады:

  • Онлайн сөйлескен ұнай ма?
  • Бүгінгі күнің қалай өтті?
  • Өміріңде соңғы кезде қандай қызық жайт болды?
  • Қандай музыка тыңдағанды ұнатасың?
  • Бос уақытыңда немен айналысқанды ұнатасың?
  • Соңғы рет қай елге саяхаттадың?
  • Саяхаттағанды неліктен ұнатасың?
  • Сенің сүйікті елдерің қандай?
  • Қай елге барғыңыз келеді?
  • Қанай кітаптар оқығанды ұнатасың?
  • Қандай фильмдер көруге кеңес бересің? Сүйікті фильмің қандай?
  • Адам бойындағы қандай қасиеттердің бағалайсың?
  • Досың көп пе?
  • Достарыңмен бос кезде немен айналысқанды ұнатасың?
  • Не нәрсе сені ешқашан жалықтырмайды?
Ұялы телефон ұстаған ару. Көрнекі фото
Ұялы телефон ұстаған ару. Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл сұрақтар хат алмасу арқылы қарым-қатынасты бастауға көмектеседі. Желіде неғұрлым көбірек сөйлесіп, жеке сұрақтарды көбірек қойған сайын, қарым-қатынас та соғұрлым нығая түседі.

Әңгіме-дүкен – адам өзі туралы айтып, өзгені танитын негізгі арна. Біз ұсынған сұрақтарды қою арқылы қыз жігітті жақынырақ танып, берік қарым-қатынас құруға жол аша алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2115243-zhigitti-baurap-alyp-ozinge-gashyq-etu-ushin-qandai-suraqtar-qoigan-zhon/