Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ариананың рецебі бойынша оңай әрі жылдам пісетін тосап қосылған бәліш жасап көріңіз

Жарияланған күні:

Тосап қосылған бәліш. Скриншот
Тосап қосылған бәліш. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Жақындарыңызға шайға бәліш пісіргіңіз келіп, алайда үйіңізде оған қажет заттар болмаса, онда тосап қосылған бәлішті пісіріп берсеңіз болады. Оңай әрі тез даярланатын бәліштің рецебімен бүгінгі материалда таныс бола аласыздар.

Тосап қосылған бәліштің рецебімен Ариана Дәуренқызының YouTube арнасынан таныс бола аласыздар. Танымал фудблогердің YouTube арнасынан осы сияқты өзге де түрлі тағамдардың рецебін табасыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 35 минут

Құрамы

Жұмыртқа - 2 дана

Қант - 50 г

Ванилин- 1 г

Тұз - дәміне қарай

Сүт- 50 мл

Өсімдік майы - 50 мл

Ұн - 110 г

Қопсытқыш - 15 г

Құлпынай джемі

Дайындалуы

1. Жұмыртқа мен қантты араластырамыз

Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Скриншот
Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Шұңғыл ыдысқа екі жұмыртқаны жарып, қант қосамыз. Үстінен қопсытқышты қосып, жақсылап араластырамыз. Сосын шым-шым тұз қосып, кейін сүтті құйып, бәрін жақсылап араластырамыз.

2. Өсімдік майын қосамыз

Өсімдік майын қосамыз. Скриншот
Өсімдік майын қосамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Сұйық массаға өсімдік майын қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Ұн қосамыз

Ұн қосамыз. Скриншот
Ұн қосамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Алдымен ұнды електен өткізіп, оған қопсытқыш қосамыз. Сосын аз-аздап сұйық массаға қосып, жақсылап араластырамыз.

4. Қамырды пішінге салып, пісіреміз

Қамырды пішінге салып, пісіреміз. Скриншот
Қамырды пішінге салып, пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Қамырды диаметрі 19 см болатын пішінге салмастан бұрын, алдымен пішінді майлап аламыз. Сосын қамырды екіге бөліп, пішінге құямыз. Сосын 180 градуста, алдын ала қызып тұрған пешке салып, 15 минутта пісіріп аламыз.

5. Құлпынай тосабын жағамыз

Құлпынай тосабын жағамыз. Скриншот
Құлпынай тосабын жағамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Бәліштің қамыры жартылай піскен кезде, үстінен құлпынай тосабын немесе джемін біркелкі етіп жағамыз. Сосын қамырдың қалған бөлігін пішінге, тосаптың үстінен құямыз. Қайтадан пешке 15-20 минутқа, 180 градусқа салып, пісіріп аламыз.

6. Бәлішті әсемдейміз

Бәлішті әсемдейміз. Скриншот
Бәлішті әсемдейміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Дайын болған бәлішті пішіннен алып, тәрелкеге саламыз. Сосын үстінен тағы да құлпынай джемін жағып шығамыз. Бәліш дәмді болуы үшін, үстінен кез келген жаңғақты сеуіп, дастарханға ұсынсаңыз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2115681-arianyng-retsebi-boiynsha-ongai-ari-zhyldam-pisetin-tosap-qosylgan-balish-zhasap-koringiz/