Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлжанат ұсынады: дәмі тіл үйіретін италиялық үлпілдек бәліштің рецебі

Жарияланған күні:

Италиялық бәліш. Скриншот
Италиялық бәліш. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Қаймақтан жасалатын бәліш рецебімен көбіңіз таныс боларсыздар. Ал жасалу жолы осы десертке ұқсас үлпілдек италиялық бәліш жайлы білесіздер ме? Бүгін назарларыңызға дәмі тіл үйіретін аталған тәттінің рецебін ұсынатын боламыз.

Италиялық бәліш - жақындарыңыздың сүйіп жейтін десертіне айналуы мүмкін. Жасалу жолы оңай әрі дәмі тіл үйіретін десерттің рецебімен танымал фудблогер Гүлжанат Нұрышева таныстыратын болады.

Сипаттамасы

Асхана: Италия

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 20 минут

Дайын болу уақыты: 35 минут

Құрамы

Ұн - 210 г

Жұмыртқаның сарысы - 3 дана

Сары май - 80 г

Қант - 100 г

Ваниль қанты - 8 г

Қопсытқыш - 1 шай қасық

Майлылығы 20 пайыз болатын қаймақ - 400 г

Жұмыртқаның ағы - 3 дана

Қант - 80 г

Жүгері крахмалы - 40 г

Дайындалуы

1. Жұмыртқаның сарысы мен қантты араластырамыз

Жұмыртқаның сарысы мен қантты араластырамыз. Скриншот
Жұмыртқаның сарысы мен қантты араластырамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Үш жұмыртқаны миксердің ыдысына салып, қант қосамыз. Екеуін жақсылап араластырамыз. Сосын ерітілген сары майды құйып, тағы да араластырамыз.

2. Қамырдың құрғақ құрамын араластырамыз

Қамырдың құрғақ құрамын араластырамыз. Скриншот
Қамырдың құрғақ құрамын араластырамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Ұнды електен өткіземіз. Сосын оған қопсытқышты саламыз. Екеуін жақсылап араластырып аламыз. Дайын болған ұнды жұмыртқа мен қантқа қосып, барлығын араластырамыз. Сонда бізде үгітілмелі қамыр болуы тиіс.

3. Қамырды жаямыз

Қамырды жаямыз. Скриншот
Қамырды жаямыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Дайын болған қамырдың аздаған бөлігін алып, тоңазытқышқа салып, қатырып қоямыз. Қалған бөлігін жайып, торт пісіретін пішінге саламыз.

4. Салмасын дайындаймыз

Салмасын дайындаймыз. Скриншот
Салмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Алдымен жұмыртқаның ақуызын миксерге салып, араластырамыз. Сосын шым-шым тұзды саламыз. Қантты да салмаға аз-аздап қосып отырамыз. Салмасын дайындаған сәтте, ыдысыңыздың, венчиктің құрғақ болғанын қадағалаңыз, сонда салмаңыз үлпілдек болып шығады. Үлпілдеген жұмыртқаның ақуызына жүгері крахмалын електен өткізіп, себеміз. Қаймақ салып, барлығын силиконды күрекшемен жоғарыдан төмен қарай араластырып шығамыз.

5. Бәлішті пісіреміз

Бәлішті пісіреміз. Скриншот
Бәлішті пісіреміз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Дайын болған салманы қамырға салып, тегістеп шығамыз. Бетіне мұздатқышта тұрған қамырдың аз бөлігін шығарып, бетіне үккіштен өткізіп, себеміз. Бәлішті алдын ала қызып тұрған пешке, 180 градусқа, 35-40 минутқа қойып, пісіріп аламыз. Осылайша, дәмі тіл үйіретін италиялық бәліш дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2116413-gulzhanat-usynady-dami-til-uiiretin-italiialyq-ulpildek-balishting-retsebi/