Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрзинадан ең дәмді балмұздақ: он минут ішінде жасауға болатын тәттінің рецебі

Жарияланған күні:

Түрлі-түсті балмұздақтар. Скриншот
Түрлі-түсті балмұздақтар. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Жаздың аптап ыстығында балалар мен ересектердің балмұздақтан дәм татқысы келетіні анық. Дәмі дүкеннен кем түспейтін әрі оңай дайындалатын балмұздақты үй жағдайында қалай дайындауға болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.

Дәмі дүкендегі балмұздақтан кем түспейтін әрі тез дайын болатын балмұздақты үй жағдайында оңай әрі тез дайындауға болады. Нұрзина Серікбаеваның YouTube арнасынан осы және өзге де рецепттермен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа, Азия елдері

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 10 минут

Құрамы

Кілегей 33% - 700-800 гр

Қоюлатылған сүт - 1 банка (350-380 гр)

Құлпынай - 200 г

Банан - 1 дана

Шоколад - 50-80 г

Дайындалуы

1. Кілегейді миксермен араластырамыз

Кілегейді араластырамыз. Скриншот
Кілегейді араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Кілегейді шұңғыл ыдысқа құйып, миксермен жақсылап араластырамыз. Кілегей әбден көпіріп, үлпілдегенше миксермен әбден араластырған дұрыс.

2. Қоюлатылған сүт қосамыз

Қоюлатылған сүт қосамыз. Скриншот
Қоюлатылған сүт қосамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Араластырылған сапалы қоюландырылған сүт қосамыз. Сүт қою әрі сапалы болған сайын, балмұздақтың да дәмі тәтті бола түседі. Екеуін жақсылап араластырамыз. Кілегейлі балмұздақ болу үшін, аталған массаға ештеңе қоспай, тоңазытқышта қатырсаңыз болады.

3. Массаны үшке бөлеміз

Массаны үшке бөлеміз. Скриншот
Массаны үшке бөлеміз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Балаларыңыздың қалауына қарай, балмұздақтың әр түрін жасау үшін, массаны үшке бөлсеңіз болады.

4. Балмұздаққа құлпынай, банан, шоколад қосамыз

Балмұздақтың әр түрін дайындаймыз. Скриншот
Балмұздақтың әр түрін дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Құлпынай мен бананды блездерді өткіземіз. Шоколадты ерітіп, кілегейлі массаға қосып, жақсылап араластырамыз. Банан қосылған балмұздақтың түсі сары болуы үшін, аздаған краситель қоссаңыз болады.

5. Балмұздақтарды қатырамыз

Балмұздақтарды қатырамыз. Скриншот
Балмұздақтарды қатырамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

Қалбырдағы балмұздақтарды жақсылап араластырған соң, мұздатқышқа қойсаңыздар болады. Балмұздақтардың арасында мұз қатпауы үшін, әр бес минут сайын, мұздатқыштан алып, араластырып тұрғандарыңыз абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2120466-nurzinadan-eng-damdi-balmuzdaq-on-minut-ishinde-zhasauga-bolatyn-tattining-retsebi/